О внесении изменения в постановление акимата Темирского района от 12 сентября 2017 года № 195 «Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Темирского района» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Темір ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 195 «Темір ауданы аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгiлеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi «Сауда қызметiн реттеу туралы» Заңының 8, 27 баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Iшкi сауда қағидаларын бекiту туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11148 болып тіркелген бұйрығына сәйкес, Темір ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Темір ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 195 «Темір ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5658 тіркелген, 2017 жылдың 9 қазанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулыcына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Темір ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Темір ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 51 қаулысына қосымша Темір ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы «12» қыркүйектегі № 195 қаулысына қосымша Темір ауданы аумағында көшпелi сауданы жүзегеасыру үшiн арнайы бөлінген орындар № Елді мекендердің атауы Көшпелi сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар Ақсай ауылдық округі 1 Ақсай ауылы Төсбұлақ көшесі, № 4 Ақсай ауылдық Мәдениет үйінің алды Алтықарасу ауылдық округі 2 Алтықарасу ауылы Астана көшесі бойындағы №16 үйдің сол жағы Жақсымай ауылдық округі 3 Шұбарқұдық ауылы Мектеп көшесі, №7 үйдің алды 4 Шұбарқұдық ауылы Мектеп көшесі, №14 үйдің алды Қайынды ауылдық округі 5 Құмқұдық ауылы Мектеп көшесі бойындағы №11 үйдің сол жағы Кеңестуы ауылдық округi 6 Қопа ауылы Мектеп көшесі, №15 үйдің алды 7 Қопа ауылы Орталық көшесі, №6Б үйдің алды Саркөл ауылдық округі 8 Шұбарши кенті Геолог көшесі №27А бойындағы «Жекей» сауда үйінің қарама-қарсы беті Тасқопа ауылдық округі 9 Тасқопа ауылы Астана көшесі №17 бойындағы «Әсем» дүкенінің сол жағы Темір қаласы 10 Темір қаласы М.Маметова көшесі №20 бойындағы «Жомарт» дүкенінің алды Кеңқияқ ауылдық округі 11 Кеңқияқ ауылы Балуанов көшесі №27 мекенжайында орналасқан ғимараттың арты Шұбарқұдық ауылдық округі 12 Шұбарқұдық кенті Нұрпейіс Байғанин көшесі №1 бойында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің арты 13 Шұбарқұдық кенті Нұрпейіс Байғанин көшесі №83 бойындағы «Ханым» дүкенінің оң жағы 14 Шұбарқұдық кенті Қызылжар шағын ауданы №4Е учаскесі «Люкс» монша ғимаратының алды 15 Шұбарқұдық кенті Асау барақ көшесі №7 мекенжайында орналасқан ғимараттың алды