О внесении изменений и дополнения в решение Уалихановского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 12 апреля 2017 года № 2-14с «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Уалихановского района Северо-Казахстанской области» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 2-14с «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 2-14с шешіміне (2017 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4174 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында көрсетілген шешіммен бекітілген (бұдан әрі – Қағидалар): 4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «4. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының 17-бабында және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетілді.»; Қағидалардың 1, 2 және 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; келесі мазмұндағы 20-1- тармақпен толықтырылсын: «20-1. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшасының 24) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша адамның имунитет тапшылығы вирусынан (АИТВ) пайда болған ауруы бар балаларға екі еселік ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде ай сайын көрсетіледі;»; 22- тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын; 22-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «4) 3-қосымшаның 1)-13) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;»; мынадай мазмұндағы 6-бөліммен толықтырылсын: «6.Лауазымды және мемлекеттік органдардың шешімдері мен әрекеттеріне шағымдану тәртібі 38. Лауазымды адамдардың әлеуметтік көмек көрсету туралы шешімдеріне, іс-әрекеттеріне шағым, шағым уәкілетті органның басшысына немесе аудандық маңызы бар әкімге беріледі. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, немесе мақсатты түрде уәкілетті органның немесе аудандық маңызы бар әкімдіктің кеңсесі арқылы беріледі. Өтініш берушінің уәкілетті органға немесе әкімге келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 39. Қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртіптік жаза қолданылады. 40. Көрсетілген әлеуметтік көмектің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Солтүстік Қазақстан облысының әкімі ___________ Қ. Ақсақалов 2021 жылғы «___»_______
Басқа 1
Уәлиханов аудандық мәслихатының 2021 жылғы 4 ақпандағы № 5-2 c шешіміне 1-қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1-қосымша р/с № Ата­у­лы және ме­ре­ке күн­де­рі­нің және әле­умет­тік кө­мек­ті алушы­лар са­нат­та­ры­ның ата­уы Әле­умет­тік кө­мек көр­се­ту­дің есе­лі­гі және мөл­ше­рі 15 ақ­пан – Ауған­стан Де­мо­кра­ти­я­лық Рес­пуб­ли­ка­сы­нан Ке­ңес әс­кер­ле­рі­нің шек­те­улі кон­тин­ге­ті­нің шы­ға­ры­л­ған кү­ні 1 Бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы­ның үкi­мет­тік ор­ган­да­ры­ның ше­шiм­дерiне сәй­кес бас­қа мем­ле­кет­тер­дің ау­ма­ғын­да­ғы ұрыс қи­мыл­да­ры­на қа­тыс­қан Ке­ңес Ар­ми­я­сы­ның, Әс­ке­ри-Теңiз Фло­ты­ның, Мем­ле­кет­тiк қа­уiп­сiздiк ко­ми­тетiнiң әс­ке­ри қыз­мет­шiлерi, бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы Iш­кi iстер ми­ни­стр­лi­гiнiң бас­шы және қа­тар­да­ғы құ­ра­мы­ның адам­да­ры (әс­ке­ри ма­ман­дар мен ке­ңес­шiлер­дi қо­са ал­ған­да); оқу жиын­да­ры­на ша­қы­ры­л­ған және Ауған­стан­ға ұрыс қи­мыл­да­ры жүрiп жа­тқан ке­зең­де жі­бе­рі­л­ген әс­ке­ри мiн­дет­тiлер; Ауған­стан­ға ұрыс қи­мыл­да­ры жүрiп жа­тқан ке­зең­де осы ел­ге жүк жет­кi­зу үшiн жi­берiл­ген ав­то­мо­биль ба­та­льон­да­ры­ның әс­ке­ри қыз­мет­шiлерi; бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы­ның ау­ма­ғы­нан Ауған­стан­ға жа­уын­гер­лiк тап­сыр­ма­лар­мен ұш­қан ұшу құ­ра­мы­ның әс­ке­ри қыз­мет­шiлерi; Ауған­стан­да­ғы ке­ңе­стік әс­ке­ри кон­тин­гент­ке қыз­мет көр­сет­кен, жа­ра­қат, кон­ту­зия ал­ған неме­се мер­тіккен не ұрыс қи­мыл­да­рын қам­та­ма­сыз ету­ге қа­тыс­қа­ны үшiн бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы­ның ор­ден­дерi­мен және ме­даль­де­ры­мен на­град­тал­ған жұ­мыс­шы­лар мен қыз­мет­шiлер жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 2 Бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғын қор­ғау, әс­ке­ри қыз­мет­тiң өзге де мiн­дет­терiн бас­қа ке­зең­дер­де ат­қа­ру кезiн­де жа­ра­ла­нуы, кон­ту­зия алуы, мер­ті­гуі сал­да­ры­нан неме­се май­дан­да бо­луы­на бай­ла­ны­сты, сон­дай-ақ Ауған­стан­да неме­се ұрыс қи­мыл­да­ры жүр­гiзiл­ген бас­қа да мем­ле­кет­тер­де әс­ке­ри қыз­ме­тін өт­ке­ру кезiн­де ау­ру­ға шал­ды­ғуы сал­да­ры­нан мү­ге­дек болған әс­ке­ри қыз­мет­шiлер жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 3 Бас­қа ел­дер­де­гі май­дан­да­ғы әс­ке­ри кон­тин­гент­тер­ге қыз­мет көр­сет­кен және ұрыс қи­мыл­да­рын жүр­гi­зу кезiн­де жа­ра­ла­нуы, кон­ту­зия алуы, мер­ті­гуі не ау­ру­ға шал­ды­ғуы сал­да­ры­нан мү­ге­дек болған тиiстi са­нат­тар­да­ғы жұ­мыс­шы­лар мен қыз­мет­шiлер жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 4 Ауған­стан­да­ғы неме­се ұрыс қи­мыл­да­ры жүр­гiзiл­ген бас­қа да мем­ле­кет­тер­де­гi ұрыс қи­мыл­да­ры кезiн­де жа­ра­ла­нуы, кон­ту­зия алуы, мер­ті­гуі, ау­ру­ға шал­ды­ғуы сал­да­ры­нан қа­за тап­қан (ха­бар-ошар­сыз кет­кен) неме­се қай­тыс болған әс­ке­ри қыз­мет­шiлер­дiң от­ба­сы­ла­ры жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 5 1979 жыл­дың 1 жел­тоқ­сан 1989 жы­л­ғы жел­тоқ­сан ара­лы­ғын­да­ғы ке­зең­де Ауған­стан­ға және ұрыс қи­мыл­да­ры жүр­гi­зі­л­ген бас­қа да ел­дер­ге жұ­мысқа жi­берiл­ген жұ­мыс­шы­лар мен қыз­мет­шiлер жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 6 Бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы Мем­ле­кет­тік қа­уiп­сiздiк ко­ми­тетiнiң Ауған­стан ау­ма­ғын­да уа­қыт­ша болған және ке­ңес әс­кер­лерiнiң шек­те­улі кон­тин­ген­ті­нің құ­ра­мы­на ен­бе­ген жұ­мыс­шы­ла­ры мен қыз­мет­шiлерi жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 7 Та­жікс­тан-Ауған­стан учас­ке­сін­де Тәу­ел­сіз Мем­ле­кет­тер До­ста­стығ­ы­ның ше­ка­ра­сын қор­ғауды кү­шей­ту жө­нін­де­гі мем­ле­ке­та­ра­лық шар­ттар мен ке­лі­сім­дер­ге сәй­кес мін­дет­те­рін орын­да­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның әс­ке­ри қыз­мет­ші­ле­рі жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 8 Ирақ­та­ғы ха­лы­қа­ра­лық бі­тім­гер­ші­лік опе­ра­ци­я­ға бі­тім­гер­лер ре­т­ін­де қа­тыс­қан Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның әс­ке­ри қыз­мет­ші­ле­рі жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 9 Та­у­лы Қа­ра­бах­та­ғы эт­но­са­ра­лық қақ­тығ­ы­сты рет­те­у­ге қа­тыс­қан әс­ке­ри қыз­мет­ші­лер, сон­дай-ақ бұ­рын­ғы КСР Ода­ғы іш­кі іс­тер және мем­ле­кет­тік қа­уіп­сіз­дік ор­ган­да­ры­ның бас­шы және қа­тар­да­ғы құ­ра­мы­ның адам­да­ры жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 8 на­урыз – Ха­лы­қа­ра­лық әй­ел­дер кү­ні 1 «Ал­тын ал­қа», «Кү­мiс ал­қа» ал­қа­ла­ры­мен на­град­тал­ған неме­се бұ­рын «Ба­тыр ана» ата­ғын ал­ған, сон­дай-ақ I және II дә­ре­желi «Ана даң­қы» ор­ден­дерi­мен на­град­тал­ған көп ба­ла­лы ана­лар жы­лы­на 1 (бір) рет 10 (он) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 2 Құ­ра­мын­да бір­ге тұ­ра­тын кәме­лет­ке тол­ма­ған төрт және одан көп ба­ла­ла­ры, оның ішін­де кәме­лет­тік жас­қа толған­нан кей­ін бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын бі­ті­ре­тін уа­қыт­қа дей­ін (бі­рақ жиыр­ма үш жас­қа толған­ға дей­ін) ор­та, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі, жо­ға­ры және (неме­се) жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да күн­діз­гі оқу ны­са­ны бой­ын­ша бі­лім ала­тын ба­ла­ла­ры бар көп ба­ла­лы от­ба­сы­ла­ры жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 26 сәу­ір – Чер­но­быль атом электр стан­ци­я­сын­да­ғы апат­ты ес­ке алу кү­ні 1 1986-1987 жыл­да­ры Чер­но­быль атом электр стан­ци­я­сын­да­ғы апат­тың, аза­мат­тық неме­се әс­ке­ри мақ­сат­та­ғы объ­ек­тiлер­де­гi бас­қа да ра­ди­а­ци­я­лық апат­тар мен ава­ри­я­лар­дың сал­дар­ла­рын жо­ю­ға қа­тыс­қан, сон­дай-ақ яд­ро­лық сы­нақ­тар­ға тi­ке­лей қа­тыс­қан адам­дар жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 2 Чер­но­быль атом электр стан­ци­я­сын­да­ғы апат­тың және аза­мат­тық неме­се әс­ке­ри мақ­сат­та­ғы объ­ек­тiлер­де­гi бас­қа да ра­ди­а­ци­я­лық апат­тар мен ава­ри­я­лар­дың, яд­ро­лық сы­нақ­тар­дың сал­да­ры­нан мү­ге­дек болған адам­дар және мү­ге­дек­ті­гі ата-ана­сы­ның бiрiнiң ра­ди­а­ци­я­лық сәу­ле алуы­мен ге­не­ти­ка­лық бай­ла­ны­сты олар­дың ба­ла­ла­ры жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 3 Чер­но­быль атом электр стан­ци­я­сын­да­ғы апат­тың және аза­мат­тық неме­се әс­ке­ри мақ­сат­та­ғы объ­ек­тiлер­де­гi бас­қа да ра­ди­а­ци­я­лық апат­тар мен ава­ри­я­лар­дың сал­дар­ла­рын жою кезiн­де қа­за тап­қан адам­дар­дың от­ба­сы­ла­ры жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 4 Чер­но­быль атом электр стан­ци­я­сын­да­ғы апат­тың және аза­мат­тық неме­се әс­ке­ри мақ­сат­та­ғы обьек­ті­лер­де­гі бас­қа да ра­ди­а­ци­я­лық апат­тар мен ава­ри­я­лар­дың және яд­ро­лық сы­нақ­тар­дың сал­да­ры­нан сәу­ле ау­руы­на шал­ды­ғып қай­тыс болған­дар­дың неме­се қай­тыс болған мү­ге­дек­тер­дің, сон­дай-ақ қай­тыс бо­луы бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен со­лар­дың әсе­ріне бай­ла­ны­сты болған аза­мат­тар­дың от­ба­сы­ла­ры жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 5 1988-1989 жыл­да­ры Чер­но­быль атом электр стан­ци­я­сын­да­ғы апат­тың сал­дар­ла­рын жо­ю­ға қа­ты­су­шы­лар қа­та­рын­да­ғы, қо­ныс ауда­ру кү­ні құр­сақ­та болған ба­ла­лар­ды қо­са ал­ған­да , оқ­ша­у­лар және кө­ші­ру ай­мақ­та­ры­нан Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на қо­ныс ауда­ры­л­ған( өз ер­кі­мен кет­кен) адам­дар жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 7 ма­мыр – Отан қор­ғау­шы кү­ні 1 Бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лi­гi­нің, iш­кi iстер және мем­ле­кет­тiк қа­уiп­сiздiк ор­ган­да­ры­ның әс­ке­ри мiн­дет­ті­лер жиын­да­ры­на ша­қы­ры­л­ған, қо­ғам­ға жат көрiнiстер­ге бай­ла­ны­сты тө­тен­ше жағ­дай­лар кезiн­де қо­ғам­дық тәр­тiп­тi қор­гау жөнiн­де­гi мін­дет­тер­ді орын­дау ке­зін­де қа­за тап­қан (қай­тыс болған) әс­ке­ри қыз­мет­ші­ле­рі­нің, бас­шы және қа­тар­да­ғы құ­рам адам­да­ры­ның от­ба­сы­ла­ры жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 2 Бей­бiт уа­қыт­та әс­ке­ри қыз­метiн өт­ке­ру кезiн­де қа­за тап­қан (қай­тыс болған) әс­ке­ри қыз­мет­шiлер­дiң от­ба­сы­ла­ры жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 9 ма­мыр-Же­ңіс кү­ні 1 Ұлы Отан со­ғы­сы­ның қа­ты­су­шы­ла­ры мен мү­ге­дек­те­рі жы­лы­на 1 (бір) рет 100 (жүз) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 2 Май­дан­да­ғы ар­мия бөлiм­дерiнiң әс­ке­ри қыз­мет­шiлерiне қа­ла­лар­дың қор­ға­ны­сы­на қа­тыс­қа­ны үшiн бел­гi­лен­ген жеңiл­дiк­ті шар­ттар­мен зей­не­та­қы та­ғай­ын­дау үшiн 1998 жы­л­ғы1 қаң­тар­ға дей­iн ең­бек сі­ңір­ген жыл­да­ры­на есеп­те­ліп жа­зы­л­ған, сол қа­ла­лар­да Ұлы Отан со­ғы­сы ке­зеңiн­де қыз­мет өт­кер­ген әс­ке­ри қыз­мет­шiлер, сон­дай-ақ бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы iш­кi iстер және мем­ле­кет­тiк қа­уiп­сiздiк ор­ган­да­ры­ның бас­шы және қа­тар­да­ғы құ­ра­мы­ның адам­да­ры жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 3 Ұлы Отан со­ғы­сы ке­зе­ңін­де май­дан­да­ғы ар­мия құ­ра­мы­на кiр­ген әс­ке­ри бөлiм­дер­де, шта­б­тар­да, ме­ке­ме­лер­де штат­тық ла­у­а­зым­дар ат­қар­ған не сол ке­зең­дер­ге май­дан­да­ғы ар­мия бөлiм­дерiнiң әс­ке­ри қыз­мет­шiлерiне қа­ла­лар­дың қор­ға­ны­сы­на қа­тыс­қа­ны үшiн бел­гi­лен­ген жеңiл­дiк­ті шар­ттар­мен зей­не­та­қы та­ғай­ын­дау үшiн 1998 жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға дей­iн ең­бек сі­ңір­ген жыл­да­ры­на есеп­телiп жа­зы­л­ған, сол қа­ла­лар­да болған Қе­нес Ар­ми­я­сы­ның, Әс­ке­ри-Теңiз Фло­ты­ның, бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы­ның iш­кi iстер және мем­ле­кет­тiк қа­уiп­сiздiк әс­кер­лерi мен ор­ган­да­ры­ның ерiк­тi жал­да­ма­лы құ­ра­мы­ның адам­да­ры жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 4 Ұлы Отан со­ғы­сы ке­зеңiн­де май­дан­да­ғы ар­мия мен флот­тың құ­ра­мы­на кiр­ген бөлiм­дер­дiң, шта­б­тар мен ме­ке­ме­лер­дiң құ­ра­мын­да полк ба­ла­ла­ры (тәр­би­е­ле­ну­шiле­рі) және юн­га­лар ретiн­де болған адам­дар жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 5 Екін­ші дү­ни­е­жү­зі­лік со­ғыс жыл­да­рын­да шет ел­дер­дің ау­ма­ғын­да пар­ти­зан от­ряд­та­ры, астыр­тын топ­тар және бас­қа да фа­шизм­ге қар­сы құ­ра­лым­дар құ­ра­мын­да фа­ши­стiк Гер­ма­ния мен оның одақ­та­ста­ры­на қар­сы ұрыс қи­мыл­да­ры­на қа­тыс­қан адам­дар жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 6 Бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы Қа­ты­нас жол­да­ры ха­лық ко­мис­са­ри­а­ты­ның, Бай­ла­ныс ха­лық ко­мис­са­ри­а­ты­ның, кәс­iп­шiлiк және көлiк ке­ме­лерiнiң жү­зу құ­ра­мы мен авиа­ци­я­ның ұшу-кө­те­рі­лу құ­ра­мы­ның, Ба­лық өнер­к­әс­iбi ха­лық ко­мис­са­ри­а­ты­ның, теңiз және өзен фло­ты­ның, Сол­тү­стiк теңiз жо­лы бас бас­қар­ма­сы­ның ұшу-кө­те­рі­лу құ­ра­мы­ның ар­на­у­лы құ­ра­лым­да­ры­ның Ұлы Отан со­ғы­сы кезi­ңін­де әс­ке­ри қыз­мет­шiлер жағ­дай­ы­на кө­шiрiл­ген және ұрыс май­дан­да­ры­ның тыл­да­ғы ше­ка­ра­ла­ры, флот­тар­дың же­дел ай­мақ­та­ры ше­гiн­де май­дан­да­ғы ар­мия мен флот мүд­де­лерi үшін мiн­дет­тер ат­қар­ған қыз­мет­кер­лерi, сон­дай-ақ Ұлы Отан со­ғы­сы­ның бас кезiн­де бас­қа мем­ле­кет­тер­дiң порт­та­рын­да ерік­сіз ұстал­ған кө­лік фло­ты ке­ме­лерi эки­паж­да­ры­ның мү­ше­ле­рі жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 7 Ле­нин­град қа­ла­сын­да­ғы қор­шау ке­зеңiн­де қа­ла­ның кәс­i­по­рын­да­рын­да, ме­ке­ме­лерi мен ұй­ым­да­рын­да жұ­мыс iсте­ген және «Ле­нин­град­ты қор­ға­ға­ны үшiн» ме­далi­мен неме­се «Қор­ша­уда­ғы Ле­нин­град тұр­ғы­ны» бел­гiсi­мен на­град­тал­ған аза­мат­тар жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 8 Екін­ші дү­ни­е­жү­зі­лік со­ғыс ке­зе­ңін­де фа­ши­стер және олар­дың одақ­та­ста­ры құр­ған конц­ла­герь­лер­де­гі, гет­то­лар­да­ғы және бас­қа да мәж­бүр­леп ұстау орын­да­рын­да­ғы кәме­лет­ке тол­ма­ған тұт­қын­дар жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 9 Қыз­мет­тік мін­дет­те­рін ат­қа­ру ке­зін­де жа­ра­ла­нуы, кон­ту­зия алуы, мер­ті­гуі сал­да­ры­нан не май­дан­да бо­луы­на неме­се ұрыс қи­мыл­да­ры жүр­гiзiл­ген мем­ле­кет­тер­де қыз­мет­тік мiн­дет­те­рін орын­да­уы­на бай­ла­ны­сты ау­ру­ға шал­ды­ғуы сал­да­ры­нан мү­ге­дек болған бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы­ның мем­ле­кет­тік қа­уіп­сіз­дік ор­ган­да­ры­ның және іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­ның бас­шы және қа­тар­да­ғы құ­ра­мы­ның адам­да­ры жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 10 1944 жы­л­ғы 1 қаң­тар-1951 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан ара­лы­ғын­да­ғы ке­зең­де Укра­ин Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы, Бе­ло­русь Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы, Лит­ва Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы, Ла­тыш Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы, Эс­тон Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы ау­ма­ғын­да болған ха­лық­ты қор­ғау­шы жой­ғыш ба­та­льон­дар­дың, взвод­тар мен от­ряд­тар­дың жа­уын­гер­ле­рі мен ко­ман­да­лық құ­ра­мы қа­та­рын­да­ғы, осы ба­та­льон­дар­да, взвод­тар­да, от­ряд­тар­да қыз­мет­тік мін­дет­те­рін ат­қа­ру ке­зін­де жа­ра­ла­нуы, кон­ту­зия алуы неме­се мер­ті­гуі сал­да­ры­нан мү­ге­дек болған адам­дар жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 11 Ұлы Отан со­ғы­сын­да қа­за тап­қан, жер­гiлiк­тi әуе ша­буы­лы­на қар­сы қор­ға­ны­стың объ­ек­тi­лік және ава­ри­я­лық ко­ман­да­ла­ры­ның өзін-өзі қор­ғау топ­та­ры­ның же­ке құ­ра­мы қа­та­рын­да­ғы адам­дар­дың от­ба­сы­ла­ры, Ле­нин­град қа­ла­сы­ның гос­пи­таль­да­ры мен ау­ру­ха­на­ла­ры­ның қа­за тап­қан жұ­мыс­кер­ле­рі­нің от­ба­сы­ла­ры жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 12 Ұлы Отан со­ғы­сы­ның қай­тыс болған мү­ге­де­гінiң неме­се же­ніл­дік­тер бой­ын­ша Ұлы Отан со­ғы­сы­ның мү­ге­дек­терiне те­ңе­сті­рі­л­ген адам­ның екін­ші рет неке­ге тұр­ма­ған жұ­байы (зай­ы­бы), сон­дай-ақ жал­пы ау­ру­ға шал­ды­ғу, жұ­мыста мер­ті­гу және бас­қа да се­беп­тер (құқық­қа қай­шы ке­летiн­дер­дi қо­с­па­ған­да) сал­да­ры­нан мү­ге­дек деп та­ны­л­ған, Ұлы Отан со­ғы­сы­ның қай­тыс болған қа­ты­су­шы­сы­ның, пар­ти­зан­ның, астыр­тын әре­кет ету­ші­нің, «Ле­нин­град­ты қор­ға­ға­ны үшiн» ме­далi­мен және «Қор­ша­уда­ғы Ле­нин­град тұр­ғы­ны» бел­гiсi­мен на­град­тал­ған аза­мат­тың екін­ші рет неке­ге тұр­ма­ған жұ­байы (зай­ы­бы) жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 13 Ұлы Отан со­ғы­сы жыл­да­рын­да тыл­да­ғы қа­жыр­лы ең­бе­гі және мін­сіз әс­ке­ри қыз­ме­ті үшін бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы­ның ор­ден­де­рі­мен және ме­даль­да­ры­мен на­град­тал­ған адам­дар жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 31 ма­мыр - Са­я­си қу­ғын-сүр­гін және ашар­шы­лық құр­бан­да­рын ес­ке алу кү­ні 1 Бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы ау­ма­ғын­да са­я­си қу­ғын-сүр­гін­дер­ге ті­ке­лей ұшы­ра­ған және қа­зір­гі уа­қыт­та Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты бо­лып та­бы­ла­тын аза­мат­тар жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 2 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның қазiр­гi ау­ма­ғын­да өздерiне қу­ғын-сүр­гiн­дер қол­да­ны­л­ған­ға дей­iн тұ­рақ­ты өмiр сүр­ген адам­дар мы­на тө­мен­де­гi жағ­дай­лар­да та­ны­ла­ды: а) бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы­нан тыс­қа­ры жер­лер­де қу­ғын-сүр­гiн­дер­дi ке­ңес сот­та­ры мен бас­қа да ор­ган­дар­дың қол­да­нуы; б) екiн­шi дү­ни­е­жүзiлiк со­ғыс кезiн­де (жай аза­мат­тар мен әс­ке­ри қыз­мет­шiлер­дi) тұ­рақ­ты ар­мия әс­ке­ри три­бу­нал­да­ры­ның ай­ып­та­уы; в) Қа­зақ­стан­нан тыс­қа­ры жер­лер­де әс­ке­ри қыз­мет ат­қа­ру үшiн ша­қы­ры­л­ған­нан кей­iн қу­ғын-сүр­гiн­дер­дiң қол­да­нуы; г) қу­ғын-сүр­гiн­дер­дi ор­та­лық одақ­тық ор­ган­дар: Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы­ның Жо­ғар­ғы Со­ты мен оның сот ал­қа­ла­ры­ның, Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы Ай­рық­ша бас са­я­си Бас­қар­ма ал­қа­сы­ның, Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы Iш­кi iстер ха­лық ко­мис­са­ри­а­ты-Мем­ле­кет Қа­уiп­сiздi­гi ми­ни­стр­лi­гi-Iш­кi iстер ми­ни­стр­лi­гi жа­нын­да­ғы ай­рық­ша ке­ңе­стiң, Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы Про­ку­ра­ту­ра­сы мен Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы iш­кi iстер ха­лық ко­мис­са­ри­а­ты­ның Тер­геу Iстерi жөнiн­де­гi ко­мис­си­я­сы­ның және бас­қа ор­ган­дар ше­шiм­дерi бой­ын­ша қол­да­нуы; д) Қа­зақ­стан­да­ғы 1986 жы­л­ғы 17-18 жел­тоқ­сан оқи­ға­ла­ры­на қа­тыс­қа­ны үшін, осы оқи­ға­лар­да қа­са­қа­на кі­сі өл­тір­ге­ні және ми­ли­ция қыз­мет­ке­рі­нің, ха­лық жа­сақ­шы­сы­ның өмі­ріне қа­стан­дық жа­са­ға­ны үшін сот­тал­ған, өзде­ріне қа­ты­сты қыл­мыстық іс­тер­ді қай­та қа­ра­удың қол­да­ны­лып жүр­ген тәр­ті­бі сақ­та­ла­тын аза­мат­тар­ды қо­с­па­ған­да, қу­ғын-сүр­гін­дер­дің қол­да­ны­луы жағ­дай­ла­рын­да жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 3 Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы мем­ле­кет­тiк өкi­мет­тiң жо­ға­ры ор­ган­да­ры­ның құ­жат­та­ры негiзiн­де Қа­зақ­стан­ға және Қа­зақ­стан­нан кү­ш­теу ар­қы­лы құқық­қа қар­сы қо­ныс ауда­ру­ға ұшы­ра­ған аза­мат­тар жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 4 Ата-ана­лар­мен неме­се олар­дың ор­нын­да­ғы аза­мат­тар­мен бiр­ге бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру орын­да­рын­да, ай­да­уда, жер ауда­ру­да неме­се ар­найы қо­ныс ауда­ру­да болған са­я­си қу­ғын-сүр­гiн­дер құр­бан­да­ры­ның ба­ла­ла­ры, сон­дай-ақ қу­ғын-сүр­гiн кезiн­де он се­гiз жас­қа тол­ма­ған және оның қол­да­ны­луы нәти­же­сiн­де ата-ана­сы­ның неме­се олар­дың бі­ре­уі­нің қам­қор­лы­ғын­сыз қал­ған са­я­си қу­ғын-сүр­гiн­дер құр­бан­да­ры­ның ба­ла­ла­ры та­ны­ла­ды жы­лы­на 1 (бір) рет 7 (же­ті) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 30 та­мыз – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кон­сти­ту­ци­я­сы кү­ні 1 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на сі­ңір­ген ерекше ең­бе­гі үшін зей­не­та­қы та­ғай­ын­дал­ған адам­дар, об­лы­стық ма­ңы­зы бар дер­бес зей­нет­кер мәр­те­бе­сі бар зей­нет­кер­лер, об­лы­стың (қа­ла­ның, аудан­ның) құр­мет­ті аза­мат­та­ры жы­лы­на 1 (бір) рет 10 (он) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 2 Со­ци­а­ли­стік Ең­бек Ер­ле­рі , үш дә­ре­же­лі Даңк,үш дә­ре­же­лі Ең­бек Даң­кы ор­ден­де­рі­нің иегер­ле­рі жы­лы­на 1 (бір) рет 10 (он) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер 3 «Қа­зақ­стан­ның Ең­бек Ері» ата­ғы­на ие болған адам­дар жы­лы­на 1 (бір) рет 10 (он) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер
Басқа 2
Уәлиханов аудандық мәслихатының 2021 жылғы 4 ақпандағы № 5-2 с шешіміне 2-қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 2-қосымша р/б№ Та­би­ғи зі­л­за­ла­ның неме­се өрт­тің сал­да­ры­нан өмір­лік қиын жағ­дай туын­да­ған кез­де әле­умет­тік кө­мек алушы­лар са­на­ты Әле­умет­тік кө­мек­тің шек­ті мөл­шер­ле­рі және оның есе­лі­гі Та­би­ғи зі­л­за­ла­ның неме­се өрт­тің сал­да­ры­нан өмір­лік қиын жағ­дай туын­да­ған кез­де әле­умет­тік кө­мек­ке өті­ніш біл­ді­ру мер­зім­де­рі 1 Та­би­ғи зі­л­за­ла­ның неме­се өрт­тің сал­да­ры­нан жа­па шек­кен аза­мат­тар (от­ба­сы­ла­ры) 200 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тен асыр­май, бір­жол­ғы Өмір­лік қиын жағ­дай туын­да­ған күн­нен, 6 (ал­ты) ай­дан ке­шік­тір­мей
Басқа 3
Уәлиханов аудандық мәслихатының 2021 жылғы 4 ақпандағы № 5-2 с шешіміне 3-қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 3-қосымша 1) жетімдік; 2) ата-ана қамқорлығының болмауы; 3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девиантты мінез-құлық; 4) туғаннан үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық дамуы мүмкіндіктерінің шектелуі; 5) дене және (немесе) ақыл-ес мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының бұзылуы; 6) әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың алдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі; 7) жасынан егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы; 8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатегез қарым-қатынас; 9) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар); 10) бас бостандығын айыру орындарынан босау; 11) пробация қызметінің есебінде тұруы; 12) кәмілетке толмағандардың ерекше тәртіпте ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы; 13) адамның (отбасының) ең төмең күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы; 14) табиғи зілзала немесе өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтіру; 15) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының 4, 5, 6-баптарында, 7-бабының 3) тармақшасында, 8-бабында көрсетілген ардагерлердің сондай-ақ басқа да адамдардың, сондай-ақ Кариб дағдарысының кезеңінде 1962 жылғы 1 қыркүйектен 1963 жылғы 30 қараша аралығында «Анадырь» әскери-стратегиялық операциясына қатысқан тұлғалардың шот-фактурасын және орындалған жұмыстар актісін ұсынуымен тіс протездеуге мұқтаждығы (бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа тіс протездеуін қоспағанда); 16) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының 4, 5, 6-баптарында, 7-бабының 3) тармақшасында, 8-бабында көрсетілген ардагерлердің сондай-ақ басқа да адамдардың, сондай-ақ Кариб дағдарысының кезеңінде 1962 жылғы 1 қыркүйектен 1963 жылғы 30 қараша аралығында «Анадырь» әскери-стратегиялық операциясына қатысқан тұлғалардың Қазақстан Республикасының санаторийлерінде және профилакторийлерінде санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы; 17) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының 4, 5, 6-баптарында, 7-бабының 3) тармақшасында, 8-бабында көрсетілген ардагерлердің сондай-ақ басқа да адамдардың, сондай-ақ Кариб дағдарысының кезеңінде 1962 жылғы 1 қыркүйектен 1963 жылғы 30 қараша аралығында «Анадырь» әскери-стратегиялық операциясына қатысқан тұлғалардың Қазақстан Республикасының коммуналдық төлемақысына және отын сатып алуына мұқтаждығы; 18) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының 4, 5, 6-баптарында, 7-бабының 3) тармақшасында, 8-бабында көрсетілген ардагерлердің сондай-ақ басқа да адамдардың, сондай-ақ Кариб дағдарысының кезеңінде 1962 жылғы 1 қыркүйектен 1963 жылғы 30 қараша аралығында «Анадырь» әскери-стратегиялық операциясына қатысқан тұлғалардың Қазақстан Республикасының шаштараз және монша қызметінің шығындарын өтеуіне мұқтаждығы; 19) мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасы болған жағдайда, барлық топтағы мүгедектерге санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы; 20) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жоғары кәсіби білім ұйымдарында мемлекеттік жалпы білім беретін гранттар мен кредиттер иегеоі болмаған оқытудың күндізгі нысанында аз қамтамасыз, етілген азаматтарды оқытуға мұқтаждығы; 21) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының 4, 5, 6-баптарында, 7-бабының 3) тармақшасында, 8-бабында көрсетілген ардагерлердің сондай-ақ басқа да адамдардың, Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккен тұлғалардың және Кариб дағдарысының кезеңінде 1962 жылғы 1 қыркүйектен 1963 жылғы 30 қараша аралығында «Анадырь» әскери-стратегиялық операциясына қатысқан тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында жол журу құжатын ұсынуымен теміржол (плацкартты вагон), жолаушылар тасымалдайтын автомобиль көлігінің (таксиден басқа) бір түрімен журу станциясынан ауруханаға жатқызылатын жерге дейін және кері жол жүруге мұқтаждығы; 22) амбулаторлық емделуде жатқан азаматтарда туберкулездің белсенді түрінің болуы; 23) онкологиялық дертке шалдыққан адамдардың, мүмкіндігі шектеулі балалардың Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының аумағында жөнелту стансасынан ауруханаға жатқызылатын жерге дейін және кері қарай көрсетілген көлік құралдары түрінің бірімен, әуе, теміржол (плацкарт вагон), автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) жол жүруге мұқтаждығы; 24) денсаулық сақтау мекемесінен анықтама ұсынуымен, ауруы адамның имунитет тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған балалардға қосымша күшейтілген тамақтануға және тұрақты күтімге мұқтаждығы.