О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 12 декабря 2017 года № 221/25-VI «О Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Астаны» Күшін жойған
Басқа 0
«Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 2-3-тармағына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 3) тармақшасына, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1149 тіркелген, 2018 жылдың 11 қаңтарында «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
4-тармақтың екінші абзацында «Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы» деген сөздер «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
35-тармақтың 3)-тармақшасында «немесе жоспарланған» деген сөздер алынып тасталсын;
75-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«көп балалы отбасының балаларына беріледі (оның ішінде, білім ұйымдарына күндізгі оқу нысанына түскенге дейін ағымдағы жылы үлкен баланың кәмелетке толуына байланысты).»;
90-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бейiндi мамандық шегiнде ауыстыру үшiн үмiткер болмаған жағдайда, жоғарғы оқу орнының әкiмшiлiгi басқа мамандық бойынша студенттi ұсынады, осындай үмiткерлер болмаған жағдайда, басқа жоғарғы оқу орнының осы Қағиданың 75-тармағында көрсетiлген тұлғалар қатарынан студентіне ауысады.».
Тармақ 2
2. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.