О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 12 декабря 2017 года № 221/25-VI «О Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Нур-Султан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін және мөлшерін белгілеудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1149 тіркелген, 2018 жылдың 11 қаңтарында «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілді: жоғарыда көрсетілген шешімімен бекітілген Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында (бұдан әрі – Қағида): 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «19. Осы Қағиданың 14, 15, 16, 17-тармақтарында көрсетілген санаттарға жататын азаматтар үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек жылына бір рет көрсетіледі.»; 31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «31. Осы Қағиданың 20-тармағында көрсетілген өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек жылына бір рет көрсетіледі.»; 37-тармақтағы «(не болмаса алдыңғы)» деген сөздер алып тасталсын; 44-тармақтағы «өтініш» деген сөз алып тасталсын; 52-тармақтың 1) тармақшасыындағы «табысы аз азаматтардың ішінен көп балалы аналар, көп балалы отбасыларға» деген сөздер «табысы аз азаматтардың ішінен көп балалы аналар, көп балалы отбасыларға (аналарға)» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.