О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 12 декабря 2017 года № 221/25-VI «О Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Нур-Султан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1149 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда көрсетілген шешімімен бекітілген Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында (бұдан әрі – Қағида): 1-тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «6) Әлеуметтік төлемдер орталығы – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыздандыру қызметін үйлестіру жөніндегі орталық филиалы;»; 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «7) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері – «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында аталған адамдар;»; 9) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «9) еңбек ардагерлері – «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында аталған адамдар;»; 10) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «10) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер – «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында аталған адамдар;»; 20) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «20) Ұлы Отан соғысының ардагерлері – «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабында аталған адамдар.»; 13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «13. Әлеуметтік көмек алуға құқығы бар алушылардың санаттарына: 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері; 2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері; 3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер; 4) еңбек ардагерлері; 5) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 1), 2), 3) тармақшаларында аталған адамдар (бұдан әрі – басқа да адамдар); 6) зейнеткерлік жастағы адамдар, оның ішінде жасы бойынша зейнеткерлер, зейнеткерлік жасқа жеткен жасына байланысты және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар; 7) мүгедектер, оның ішінде он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар; 8) мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған отбасылар; 9) саяси қуғын-сүргiн құрбандары, саяси қуғын-сүргiннен зардап шеккен адамдар; 10) көп балалы отбасылар, көп балалы аналар; 11) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, балалар үйлерiнiң түлектерi; 12) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын табысы аз адамдар (бұдан әрі – табысы аз азаматтар); 13) әлеуметтiк мәнi бар аурулармен ауыратын адамдар; 14) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар; 15) пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар; 16) табиғи зiлзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтар жатады; 17) зейнеткерлер және аймақтар бойынша ядролық сынақтардан келтірілген залал үшін біржолғы өтемақы алушылар ішінен Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер азаматтар.»; 14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «14. Мерекелiк және айтулы күндерге әлеуметтік көмек 2,5 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) көлеміндегі ақшалай төлемдер түрінде азаматтардың мына санаттарына берiледi: 4 ақпанда (Бүкіләлемдік қатерлі ісікке қарсы күн) – қатерлі ісіктері бар балалар ішінен әлеуметтiк мәнi бар аурулармен ауыратын адамдарға; 8 наурызда (Халықаралық әйелдер күнi) – оның ішінде табысы аз азаматтар болып табылатын, көп балалы отбасыларға, көп балалы аналарға; 21-23 наурызда (Наурыз мейрамы) – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; 7 мамырда (Отан қорғаушылар күні) – Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбегі үшін зейнетақы алушылар ішінен зейнеткерлік жастағы адамдарға; 31 мамырда (Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi) – мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргiн құрбандарына, саяси қуғын-сүргiннен зардап шеккен адамдарға; 1 маусымда (Балаларды қорғау күні) – жетім балаларға; 30 тамыз (Қазақстан Республикасының Конституциясы күнi) – зейнеткерлер және аймақтар бойынша ядролық сынақтардан келтірілген залал үшін біржолғы өтемақы алушылар ішінен Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер азаматтарға; 1 қазанда (Қарттар күнi) –жасы бойынша зейнеткерлерге және ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушылар ішінен зейнеткерлік жастағы адамдарға; қазан айының екiншi жексенбiсiнде (Мүгедектер күнi) – мүгедектерге және он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балаларға; 1 желтоқсан (Бүкіләлемдік ЖҚТБ-мен күрес күні) – адамның иммун тапшылығы вирусы туғызатын ауруынан зардап шеккен адамдар, оның ішінде адамның иммун тапшылығы вирусын тасымалдаушылар ішінен әлеуметтiк мәнi бар аурулармен ауыратын азаматтарға; 16 желтоқсан (Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні) – Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына.»; 15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «15. 35 АЕК көлеміндегі әлеуметтік көмек: 15 ақпанда (Ауғанстаннан Кеңестiң шектеулi әскери контингентiн шығару күнi) – Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар қатарындағы жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне; 26 сәуiрде (Чернобыль атом электр станциясы апатының құрбандарын еске алу күнi) – Чернобыль атом электр станциясы апатының зардаптарын жоюға қатысушы тұлғалар ішінен жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, сондай-ақ басқа да адамдарға беріледі.»; 33-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «33. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар деп «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес: жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы бар (осы Қағиданың 13-тармағы 6) тармақшасында көрсетілген үнемі бөгде адамның күтіміне мұқтаж азаматтар); дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы бар (осы Қағиданың 13-тармағы 7) тармақшасында көрсетілген азаматтар); әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі бар (осы Қағиданың 13-тармағы 13) тармақшасында көрсетілген азаматтар); бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған (осы Қағиданың 13-тармағы 14) тармақшасында көрсетілген азаматтар); пробация қызметінің есебінде тұрған (осы Қағиданың 13-тармағы 15) тармақшасында көрсетілген азаматтар) азаматтар танылады.»; 35-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «2) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға байланысты адамның болған шығындарын растайтын құжаттар (бақылау-касса машинасының чектердің көшірмелері, рецептер, медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шарт және тағы басқа);»; 52-тармақта: 2) тармақша жаңа редакцияда жазылсын: «2) шипажайлық-курорттық емделу: Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, теңестірілген ардагерлерге, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына; жолдама құнының 35%-ын төлеумен жасы бойынша зейнеткерлерге; жолдама құнының 25%-ын төлеумен еңбек ардагерлеріне, ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушылар ішінен жасы бойынша зейнеткерлерге;»; 4) тармақша жаңа редакцияда жазылсын: «4) коммуналдық қызметтердi, тұрғын үйдi күтіп ұстауға, телефонға абоненттiк төлемдердi төлеуге: Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумақтарындағы соғыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, теңестірілген ардагерлерге, басқа да адамдарға, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына;»; 53-тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «5) коммуналдық қызметтердi, тұрғын үйдi күтіп ұстауға, телефонға абоненттiк төлемдердi төлеуге ақшалай төлемдер түрінде әлеуметтік көмек үшін тұрып жатқан тұрғын үйдің шаршы метрін растайтын (техникалық паспортпен құқық белгілейтін құжат) құжаттың көшірмесі (Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін);»; 58-1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «58-1. Санаторлық-курорттық емделуге арналған шығындарды өтеу түріндегі әлеуметтік көмек осы Қағиданың 52-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген азаматтардың қатарынан бір адамға, олар санаторлық-курорттық емдеуді ұсынатын ұйымда болған кезеңге нақты шығындар мөлшерінде, бірақ 35 АЕК-тен аспайтын мөлшерде беріледі. Әкімші өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде өтініш қабылданған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде санаторлық-курорттық емделу үшін әлеуметтік көмекті ақшалай түрде екінші деңгейдегі банктер арқылы өтініш берушінің жеке шоттарына есептеуді жүргізеді.»; 72-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына – 2,4 АЕК;»; 79-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «79. Әкімші әлеуметтік көмек алуға үміткерлерден құжаттарды қабылдауы жыл сайын 1 шілдеден 21 тамызға дейін (қоса алғанда) өтеді.»; 95-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «95. Қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек төрт ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы табысы болған және оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, жергiлiктi (пештік) жылытатын жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі (жалға алушысы) немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері (жалға алушысы) болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектерге, мүгедек балаларға, әлеуметтік мәні бар аурулары бар адамдарға, көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға жүргiзiледi.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.