О внесении изменений и дополнения в решение маслихата города Астаны от 12 декабря 2017 года № 221/25-VI «О Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Нур-Султан» Күшін жойған
Басқа 0
«Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне өзгерістер
мен толықтыру енгізу туралы
Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1149 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімімен бекітілген Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында (бұдан әрі – Қағида):
16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«16. 9 мамырға (Жеңіс күні) әлеуметтік көмек мына санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 67 АЕК;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге (осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда) – 35 АЕК;
басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлеріне (осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда) – 35 АЕК;
басқа адамдарға, еңбек ардагерлеріне – 11 АЕК.»;
39-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«39. Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде мына мөлшерде:
жалғыз болып табылатын тұрғын үйге елеулі зиян келтірілген, бүлінген, жойылған жағдайда отбасына 400 АЕК;
отбасы мүшелері қайтыс болғанда – қаза болған адамға 150 АЕК мөлшерінде ұсынылады.»;
4-бөлімнің 4-тарауының атауы жаңа редакцияда жазылсын:
«Әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы негізінде және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әлеуметтік көмек»;
50-2 тармақпен толықтырылсын:
«50-2. Әлеуметтік көмек бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға босатылғаны туралы анықтаманы ұсына отырып, өтініш бойынша босатылғаннан кейін алты айдан кешіктірмей, бір рет 15 АЕК мөлшерінде көрсетіледі және қайта ұсынылмайды.»;
51-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«51. Осы Қағиданың 43, 50, 50-1-тармақтарына сәйкес ұсынылатын әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтар және 50-2-тармағында көрсетілген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар туралы мәліметтер әкімшінің қызметкерлерінің жариялауына жатпайды.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2022 жылдың 1 мамырынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.