О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 12 июля 2017 года № 347 «Об утверждении Правил начальной военной подготовки» Күшіне енбеген

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15725 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастапқы әскери дайындық қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық:
Тармақша 1
1) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 3-тарауын;
Тармақша 2
2) 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 2-тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0. Бастапқы әскери дайындық қағидалары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2025 жылғы 4 қарашадағы № 1540 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығымен бекітілген Бастапқы әскери дайындық қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Бастапқы әскери дайындық қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) бастапқы әскери даярлық (бұдан әрі – БӘД) – орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери қызметке даярлау және оларды әскери-патриоттық тәрбиелеу шеңберінде әскери іс негіздері бойынша міндетті оқыту пәні (оқу пәні);
Тармақша 2
2) БӘД-ны ұйымдастырушы педагог (бұдан әрі – БӘД педагогі) – орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін педагог қызметкері;
Тармақша 3
3) біліктілікті арттыру – оқыту мен оқыту сапасын арттыру үшін жаңа білім алуға, сондай-ақ бұрын алған кәсіби білімін, шеберлігін, дағдысы мен қабілетін қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны.
Тармақ 3
3. БӘД:
Тармақша 1
1) теориялық және практикалық даярлықты;
Тармақша 2
2) далалық (лагерьлік) оқу-жаттығу сабағын (бұдан әрі – ДОС) өткізу;
Тармақша 3
3) БӘД бойынша (аудандық (облыстық маңызы бар қала), облыстық масштабта, республикалық маңызы бар қала және астана масштабында) жарыс өткізуді қамтиды.
Тармақ 4
4. БӘД-ны жергілікті атқарушы органмен бірлесіп, білім саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады және ол керек-жарақ пен меншік нысанына қарамастан, қорғаныс, денсаулық сақтау, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың талаптарына сәйкес білім беру ұйымында жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. БӘД-ның негізгі мақсаты әскери істегі базалық дағдыны меңгеру, күштік төзімділікті, моральдық-психологиялық тұрақтылықты және әскери борышты өтеуге әзірлікті дамыту, сондай-ақ білім алушылардың патриоттық сана-сезімін ояту болып табылады. БӘД-ның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) білім алушыларда Отан алдындағы жоғары жауапкершілікті, мемлекеттік рәміздерге, армия мен әскери қызметке құрмет көрсете білуді қалыптастыру, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу;
Тармақша 2
2) әскери қызметке дайындау, әскери іс, саптық, оқ ату, тактикалық, әскери-медициналық даярлық негіздерін зерделеу;
Тармақша 3
3) стреске, төзімділікке, ұйымшылдыққа, тәртіпке және ұжымшылдыққа ықпал ететін күштік және психологиялық қасиетті дамыту;
Тармақша 4
4) жастардың әскери қызметке деген қызығушылығын және олардың даярлықтың практикалық-бағдарлау нысандары арқылы әскери кәсіп негіздерін меңгеруін дамыту болып табылады.
Тармақ 6
6. БӘД-ны БӘД педагогі ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан, жалпы орта білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламасын, техникалық және кәсіптік білім, білім беру бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – білім беру ұйымы) негізгі орта білім (арнаулыдан басқа) базасында әскерге шақыру жасына дейінгі білім алушылармен өткізеді.
Тарау 2. 2-тарау. Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
2-тарау. Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Тармақ 7
7. БӘД Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) Жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес ұйымдастырылады.
Тармақ 8
8. БӘД-ның негізгі нысаны теориялық және практикалық сабақ, сондай-ақ ДОС өткізу болып табылады.
Тармақ 9
9. БӘД бойынша сабақ оқу кезінде өткізіледі және негізгі сабақ кестесіне енгізіледі. БӘД бойынша 8-10 оқушыдан 2-3 бөлімшеден тұратын сыныптар (оқу тобы) базасында құрылатын оқу взводтары құрамында өткізіледі. Взвод пен бөлімше командирлері БӘД педагогінің ұсынысы бойынша білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен тағайындалады.
Тармақ 10
10. БӘД бойынша оқу процесін ұйымдастыру:
Тармақша 1
1) сыныптар мен оқу тобын құруды;
Тармақша 2
2) кесте және күнтізбелік-тақырыптық жоспар құруды;
Тармақша 3
3) оқу және материалдық-техникалық базаны қамтамасыз етуді;
Тармақша 4
4) БӘД педагогін бекітуді;
Тармақша 5
5) білімді, шеберлік пен дағдыны ағымдағы және қорытынды бақылауды;
Тармақша 6
6) құжаттаманы (журнал, ведомос, есеп) жүргізуді қамтиды.
Тармақ 11
11. БӘД бойынша сабақ оқу бағдарламасына сәйкес аптасына кемінде 1 рет өткізіледі.
Тармақ 12
12. Орта білім беру ұйымында БӘД-ге 64 оқу сағаты бөлінеді, оның ішінде ДОС-қа 10-сыныпқа кемінде 30 сағат, 11-сыныпқа кемінде 32 оқу сағаты бөлінуге тиіс.
Тармақ 13
13. Техникалық және кәсіптік білімнің білім бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу сағатының саны жұмыс істейтін оқу бағдарламасына сәйкес кемінде 136 оқу сағаты, оның ішінде ДОС-қа кемінде 30 сағат айқындалады.
Тармақ 14
14. БӘД бойынша сабақ ұлдарға арналған ДОС-пен қатар білім беру ұйымының медицина қызметкерінің басшылығымен қыздар үшін бөлек өткізілетін «Медициналық білім негіздері» деген бөлім бойынша практикалық сабақты қоспағанда, қыздармен және ұлдармен бірге өткізіледі.
Тармақ 15
15. Білім беру ұйымы оқу жылына арнап БӘД бойынша білімді бекітетін қосымша іс-шараларды қамтитын әскери-патриоттық жұмыс жоспарын әзірлейді.
Тармақ 16
16. Әскери-патриоттық жұмыс жоспарына БӘД шеңберіндегі: әскери іс бағыттары (құрлық әскері, әуе қорғанысы күштері, әскери-теңіз күштері және т.б.) бойынша шақырылған әскери қызметшілердің дәрістері, әскери жанжалдар мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері (бұдан әрі – ҚР ҚК) ардагерлерімен кездесулер, әскери бөлімдерге экскурсиялар, әскерге дейінгі даярлық үйірмесіне, әскери-патриоттық клубқа, жарысқа, байқауға қатысу және т.б. сияқты қосымша іс-шаралар енгізіледі.
Тармақ 17
17. Білім беру ұйымдарында БӘД өткізу үшін саптық даярлыққа арналған алаңға тиісті белгі қойылады, оқу сыныбы жабдықталады, сондай-ақ білім алушыларда армия мен қоғам, сондай-ақ патриоттық, азаматтық тәрбие және әскери қызметті құрметтеу үшін қажетті білім мен дағдыны қалыптастыруға бағытталған плакаттан, стендтен және басқа да құралдардан тұратын көрнекі үгіт-насихат ресімделеді.
Тармақ 18
18. Алаңға белгі Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары саптық жарғысының талаптарына сәйкес қойылады. БӘД сыныбының көрнекі үгіт-насихаты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жабдықталады.
Тармақ 19
19. Білім алушылардың білімін бағалау балдық-рейтингтік жүйе бойынша жүзеге асырылады. Қорытынды баға білім алушының (денсаулық жағдайы бойынша сабақтан босатылған адамды қоспағанда) оқу бағдарламасы бойынша алған жылдық (курстық) бағасы негізінде білім беру ұйымын бітіргені туралы құжатқа қойылады.
Тармақ 20
20. БӘД педагогі сабақ ұйымдастыру үшін білім беру ұйымының басшысы бекіткен сабақ өткізу, оның ішінде сабақтан тыс уақытта өткізілетін іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ жеке жоспарын басшылыққа алады.
Тармақ 21
21. БӘД сабағында білім алушының сыртқы келбеті байсалдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін белгіленген киім нысанына сәйкес келеді (таза, ұқыпты, үтіктелген киім). Бозбалалар үшін: қара (қою көк) түсті шалбар, жусан түсті сұр әскери үлгідегі ұзын жеңді жейде, қара түсті галстук, галстукқа арналған қыстырғыш. Классикалық стильдегі қара түсті жабық аяқ киім. Қысқа немесе ұқыпты таралған шаш. Қыздар үшін: қара (қою көк түсті) белдемше (шалбар), жусан түсті сұр әскери үлгідегі ұзын жеңді жейде, қара түсті галстук, галстукқа арналған қыстырғыш. Классикалық стильдегі, қара түсті жабық аяқ киім. Сабақта кедергі келтірмеуі үшін жиналған шаш (артқа жиналған, бұрым, шоқ байлам). Сабақтағы күштік жүктеме кезінде үлкен әшекейлер тақпау ұсынылады. Білім беру ұйымы басшысының шешімі бойынша далалық киім үлгісін киюге, оның ішінде ДОС өткізу кезінде рұқсат етіледі.
Тармақ 22
22. БӘД педагогіне осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен әскери киім нысанының жекелеген заттарын киіп жүру және айырым белгілерін тағып жүру ерекшеліктерімен әскери киім нысанын киіп жүруге рұқсат етіледі.
Тармақ 23
23. БӘД педагогі әскери киімі нысанының шевроны осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тағылады. БӘД педагогі әскери киімі нысанының кеудеге тағатын белгілері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тағылады.
Тармақ 24
24. БӘД-ны ұйымдастыру мен өткізу білім беру ұйымының басшысы мен БӘД педагогіне жүктеледі.
Тармақ 25
25. Жергілікті әскери басқару органы (бұдан әрі – ЖӘБО) әскерге шақыру жасына дейінгі жастарды даярлау мәселесі бойынша өзара іс-қимыл шеңберінде БӘД өткізу сапасын арттыру мәселесінде білім беру ұйымына көмек көрсетеді.
Тармақ 26
26. БӘД-ны үйлестіруді:
Тармақша 1
1) республикалық деңгейде – қорғаныс пен білім беру саласындағы уәкілетті орган;
Тармақша 2
2) жергілікті деңгейде – жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) және ЖӘБО жүзеге асырады.
Тармақ 27
27. Қорғаныс саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) білім беру саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасап, БӘД-ның ұйымдастырылуын үйлестіреді;
Тармақша 2
2) БӘД бойынша оқу-әдістемелік материалдар, оқулықтар мен аудиовизуалды құралдар әзірлеуге көмек көрсетеді;
Тармақша 3
3) БӘД-ны оқыту сапасын мониторингтеу мен талдауды жүзеге асырады.
Тармақ 28
28. Білім саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) БӘД өткізуді және білім алушыларға әскери-патриоттық тәрбие беруді үйлестіруді және қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) БӘД бойынша оқу бағдарламасын әзірлеуді, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер, аудио-бейне фильмдер шығаруды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) БӘД өткізу және білім алушыларға әскери-патриоттық тәрбие берудің оң тәжірибесін зерделейді, қорытындылайды және таратады.
Тармақ 29
29. ЖАО білім басқармасы (бөлімі):
Тармақша 1
1) БӘД-ның оқу-материалдық базасын қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) БӘД бойынша сабақ ұйымдастыру мен өткізу сапасын бақылайды;
Тармақша 3
3) БӘД бойынша жарыс өткізуді ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) БӘД бойынша есептілікті жүргізеді.
Тармақ 30
30. Білім беру ұйымының басшысы:
Тармақша 1
1) БӘД өткізуді, сондай-ақ білім алушыларға әскери-патриоттық тәрбие беруді ұйымдастыруға және оның сапасына жауап береді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес БӘД педагогі лауазымына кандидаттар іріктеуді жүзеге асырады және тағайындайды;
Тармақша 3
3) БӘД педагогтерін біліктілігін арттыруға жібереді;
Тармақша 4
4) оқу процесін уақтылы жоспарлау мен ұйымдастыруды, БӘД бағдарламасының толық және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) БӘД-ның практикалық сабағын, оның ішінде әскери даярлық бойынша интерактивті сабақ жинақталымы бар үш өлшемді симуляторды қолданып өткізу үшін үй-жай, алаң мен орын бөледі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7574 болып тіркелген) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларына сәйкес оқу-материалдық базаны ұдайы жетілдіруге шара қабылдайды;
Тармақша 6
6) БӘД педагогіне оқу-әдістемелік көмек көрсетеді, қосымша білімнің білім бағдарламасы бойынша әскерге дейінгі даярлықты ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) ЖӘБО-ға және бағыныстылығы бойынша білім басқармасына БӘД-ның, сондай-ақ әскери-патриоттық жұмыстың жай-күйі туралы есеп береді;
Тармақша 8
8) БӘД бойынша жарыс ұйымдастыруға және өткізуге қатысады.
Тармақ 31
31. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) адам өмірінің қауіпсіздігі негіздерін оқытуды үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) өмір қауіпсіздігі негіздері бойынша бағдарлама бөлімін келіседі.
Тармақ 32
32. ЖӘБО:
Тармақша 1
1) БӘД өтіп жатқан әскерге шақыру жасына дейінгілердің саны бойынша есептілік жүргізеді;
Тармақша 2
2) оқу жылы басталар алдында үш күндік оқу-әдістемелік жиын ұйымдастырады және өткізеді;
Тармақша 3
3) БӘД бойынша сабақ өткізуде білім беру ұйымына көмек көрсетеді;
Тармақша 4
4) ДОС, БӘД бойынша жарыс ұйымдастыру мен өткізуде көмек көрсетеді;
Тармақша 5
5) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорғаныс саласындағы уәкілетті орган мен ЖАО-ны білім беру ұйымындағы БӘД пен әскери-патриоттық тәрбиенің жай-күйі туралы хабардар етеді;
Тармақша 6
6) білім беру ұйымындағы БӘД сапасын мониторингтеу мен талдауға қатысады.
Тармақ 33
33. Гарнизон бастығы ЖӘБО-мен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ҚМ) әскери бөлімдеріне, әскери оқу орындарына, жоғары және (немесе) жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әскери кафедраларына (әскери факультеттеріне) БӘД-ны, білім алушылармен әскери-патриоттық және тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен жүргізуде көмек көрсету үшін білім беру ұйымдарын бекітіп береді.
Тармақ 34
34. Әскери бөлім командирі, әскери оқу орнының, жоғары және (немесе) жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымы әскери кафедрасының (әскери факультетінің) бастығы:
Тармақша 1
1) БӘД өткізу, сондай-ақ білім алушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру бойынша білім беру ұйымына көмек көрсетеді;
Тармақша 2
2) ЖӘБО-ға БӘД педагогтерімен үш күндік оқу-әдістемелік жиын өткізуде, сондай-ақ БӘД бойынша жарыс пен әскери-патриоттық іс-шаралар өткізуде көмек көрсетеді.
Тармақ 35
35. БӘД педагогі:
Тармақша 1
1) оқыту уақытында БӘД бойынша сабақты ұйымдастырады және өткізеді, факультативті түрде (сабақтан тыс уақытта) қосымша білімнің білім беру бағдарламасы бойынша әскерге шақыруға дейінгі даярлыққа басшылық жасайды;
Тармақша 2
2) сабақ өткізу кезінде белгіленген қағидалар мен қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуына жауап береді;
Тармақша 3
3) кемінде үш жылда бір рет біліктілікті арттырудан өтеді;
Тармақша 4
4) білім беру ұйымының педагогикалық ұжымымен бірлесіп, білім алушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру жұмысын жүргізеді;
Тармақша 5
5) ЖӘБО-ға ҚР ҚМ әскери оқу орнына түсу үшін бозбалаларды іріктеу бойынша көмек көрсетеді;
Тармақша 6
6) білім алушыларды БӘД бойынша жарысқа қатысуға дайындайды, БӘД бойынша жарыс ұйымдастыруға және өткізуге қатысады.
Тармақ 36
36. ДОС БӘД курсының міндетті бөлігі болып табылады және ұзақтығы 5 күн болатын (немесе келісілген кесте бойынша бөлінген 30 оқу сағаты) лагерьлік жиын түрінде өткізіледі.
Тармақ 37
37. ДОС-ты ұйымдастыру мен өткізуді ЖӘБО-мен, азаматтық қорғау аумақтық органымен, білімді басқару органымен және білім беру ұйымдарымен бірлесіп, ЖАО жүзеге асырады.
Тармақ 38
38. ЖАО:
Тармақша 1
1) ДОС өткізу үшін жағдай жасайды;
Тармақша 2
2) ДОС өткізу үшін қажетті оқу-материалдық базаны береді;
Тармақша 3
3) білім алушылар мен БӘД педагогін ДОС өткізілетін жерге және одан кері тасымалдауды ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) медициналық пункт пен медицина қызметкерінің бар болуын қоса алғанда, медициналық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) білім алушыларды орналастыру мен тамақтандыруды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) білім алушылардың ата-аналарымен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) ЖӘБО-мен өзара іс-қимыл жасауды үйлестіреді.
Тармақ 39
39. ЖӘБО:
Тармақша 1
1) ДОС өткізу уақытын айқындайды;
Тармақша 2
2) білім алушыларды орналастыру мен тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесін әскери бөлім командирімен келіседі;
Тармақша 3
3) қажет болса сабақ өткізу үшін әскери қызметшілерді тартады.
Тармақ 40
40. Білім беру ұйымы ДОС-қа тартылатын білім алушылардың тізімін жасайды.
Тармақ 41
41. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде ДОС өткізілетін жерді тексереді;
Тармақша 2
2) ДОС өткізу кезінде қауіпсіздік шараларының қамтамасыз етілуін бақылайды.
Тармақ 42
42. ДОС:
Тармақша 1
1) лагерьлік жиын өрістетуді (шатырлар мен шатырлы қалашық үшін жағдай болса);
Тармақша 2
2) кедергілердің тактикалық жолағынан өтуді;
Тармақша 3
3) әскери-қолданбалы бағыттағы нормативтерді, қоян-қолтық ұрыс элементтерін орындауды;
Тармақша 4
4) бөлімшенің саптық даярлық және жүріп-тұру нормативтерін орындауын;
Тармақша 5
5) сақшының міндеттерін орындау бойынша практикалық іс-қимылды;
Тармақша 6
6) пневматикалық қарудан немесе лазерлік тирде оқ атуды;
Тармақша 7
7) атыс қаруы макетін құрастыру-бөлшектеуді;
Тармақша 8
8) дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетуді және шартты түрде жараланған адамды тасымалдауды;
Тармақша 9
9) жеке радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау құралдарын практикада қолдануды;
Тармақша 10
10) азаматтық және аумақтық қорғаныс негіздерін, төтенше жағдайлар кезінде және соғыс жағдайындағы іс-қимылдарды практикалық меңгеруді;
Тармақша 11
11) оқ ату, тактикалық, саптық, дене шынықтыру және әскери-медициналық дайындық бойынша байқауды және қорытынды сынақты қамтиды.
Тармақ 43
43. ДОС жасөспірімдермен:
Тармақша 1
1) қажетті оқу-материалдық базасы (тир, алаң, сақшының міндеттерін зерделеуге арналған қалашық) бар білім беру ұйымы;
Тармақша 2
2) бөлім қолбасшылығымен келісу бойынша ҚР ҚК, ҚР басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери бөлімінің базасында өткізіледі.
Тармақ 44
44. Әскери бөлім базасындағы ДОС білім алушылардың әскери бөлімнің жабық аумағында шатырлы немесе казармалық лагерьде тұруын көздейді.
Тармақ 45
45. Әскери бөлімнің базасында ДОС өткізу мүмкін болмаған жағдайда оны қауіпсіздік, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету және практикалық сабақ мазмұны бойынша барлық нормативтік талаптарды міндетті түрде орындай отырып, білім беру ұйымының аумағында өткізуге рұқсат етіледі.
Тармақ 46
46. ДОС кезінде жеке құрамның бар-жоғын тексеру, таңертеңгі дене шынықтыру, практикалық сабақ пен сынақтар, қорытынды шығару, әскери-патриоттық іс-шаралар ескеріліп, күн тәртібі сақталады.
Тармақ 47
47. ДОС өткізу кезінде ҚР ҚМ 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11844 болып тіркелген) Бейбіт уақытқа арналған ҚР ҚК азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларының талаптарына сәйкес «Жалпы әскери азық үлесі» деген № 1 норма бойынша ЖАО бөлген қаражат есебінен білім алушыларды күніне үш рет тамақтандыру ұйымдастырылады.
Тармақ 48
48. Қауіпсіздік, медициналық сүйемелдеу және тәртіпті бақылау БӘД педагогтерінің, медициналық персоналдың және қабылдаушы әскери бөлімнің (бар болса) командалық құрамының бірлескен күшімен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 49
49. ДОС-тан өту нәтижесі үлгерім журналында тіркеледі, қорытынды нормативтер тапсырылады. Нәтиже туралы ақпарат БӘД пәні бойынша жалпы бағаға қосылады.
Тармақ 50
50. ДОС-қа ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімімен қауіпсіздік техникасы бойынша алдын ала нұсқау беруден және медициналық тексеруден (қажет болса) өткен білім алушылар жіберіледі.
Тармақ 51
51. ДОС нәтижесі бойынша БӘД педагогі мен білім беру ұйымының басшысы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есеп дайындайды, ол білім беру ұйымында кемінде 3 жыл сақталады, ДОС аяқталғаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде есеп ЖӘБО-ға жіберіледі.
Тармақ 52
52. БӘД бойынша жарыс (бұдан әрі – жарыс) жыл сайын орта мектеп пен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы оқушылары арасында өткізіледі. Білім беру ұйымы, ЖАО, ЖӘБО БӘД бойынша жарысты ұйымдастырушылар болып табылады.
Тармақ 53
53. Жарыс мынадай үш кезеңде өткізіледі:
Тармақша 1
1) бірінші кезең – білім беру ұйымында (30 қаңтарға дейін);
Тармақша 2
2) екінші кезең – аудандық/қалалық (ақпан айының соңына дейін);
Тармақша 3
3) үшінші кезең – облыстық (30 сәуірге дейін).
Тармақ 54
54. Жарыстың негізгі түрлері:
Тармақша 1
1) әскери-қолданбалы бағыт: АК-74 бөлшектеу/құрастыру; пневматикалық қарудан немесе лазерлік тирде ату; граната лақтыру; керек-жарақпен бірге марш-бросок; жеке қорғаныс құралдарын кию (ЖҚЖ, газтұмша); тактикалық өзара іс-қимыл бойынша командалық жарыс;
Тармақша 2
2) әскери-спорттық бағыт: әскерилендірілген эстафета (дуатлон, триатлон); кедергілер жолағын еңсеру; жергілікті жерді картамен және компаспен бағдарлау.
Тармақ 55
55. Жарысты ұйымдастырушылар жаттығу тізбесі мен орындалуы тәртібін айқындайды.
Тармақ 56
56. Жарыстың әрбір кезеңі үшін құрамы мен өкілеттіктерін ЖӘБО-мен келісу бойынша аумақтық білім басқармасы (бөлімі) бекітетін ұйымдастыру комитеті құрылады.
Тармақ 57
57. Аумақтық ұйымдастыру комитеті:
Тармақша 1
1) жарыс регламентін, бағалау өлшемшартын, бірінші-үшінші кезеңдерге арналған тапсырмалар тізбесін әзірлейді;
Тармақша 2
2) командалардың құрамын және олардың басшыларын бекітеді;
Тармақша 3
3) жарыстың бірінші-үшінші кезеңіндегі төрешілердің (қазылар алқасының) құрамы мен функцияларын бекітеді;
Тармақша 4
4) жарыстың бірінші-үшінші кезеңінің қорытындысын және талдамалық материалдарды жариялауды ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) жарыс жеңімпаздарын марапаттауды ұйымдастырады.
Тармақ 58
58. Жарысқа қатысушылар командасының жетекшісі жарыстың барлық кезеңінде, жол бойында қатысушылардың қауіпсіздігіне жауап береді.
Тармақ 59
59. Жарыстың барлық кезеңінде төрешілердің (қазылар алқасының) құрамына: төраға, хатшы және тақ санда мүшелер кіреді.
Тармақ 60
60. Бірінші-үшінші кезеңдердің төрешілері (қазылар алқасы) нәтижені бекітеді, тиісті хаттаманы ресімдейді.
Тармақ 61
61. Марапаттау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: аудандық, қалалық және облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Жеңімпаздарды (жүлдегерлерді) дайындаған БӘД педагогтері грамотамен, дипломмен, медальмен және сыйлықтармен марапатталады.
Тарау 3. 3-тарау. Бастапқы әскери, әскерге шақыруға дейінгі және әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты жүзеге асыратын азаматтардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және жүргізу
3-тарау. Бастапқы әскери, әскерге шақыруға дейінгі және әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты жүзеге асыратын азаматтардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және жүргізу
Тармақ 62
62. Бастапқы әскери, әскерге шақыруға дейінгі және әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты жүзеге асыратын азаматтардың біліктілігін арттыру әскери оқу орнының базасында және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы әскери кафедрасында (әскери факультетінде) (бұдан әрі – ЖӘОО мен ӘК), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдарда (бұдан әрі – Оқыту орталығы) осы Қағидаларға сәйкес әскери даярлық үшін интерактивтік сабақ жинақталымы бар үш өлшемді симулятормен бағдарламалық қамтамасыз етуде (бұдан әрі – әскери даярлыққа арналған БҚ) жүргізіледі.
Тармақ 63
63. Бастапқы әскери, әскерге шақыруға дейінгі және әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты жүзеге асыратын азаматтардың біліктілігін арттыру 3 жылда 1 рет өткізіледі.
Тармақ 64
64. Оқыту орталығы ЖӘОО-мен және ӘК-мен бірлесіп, жыл сайын 1 тамызға дейін білім беру ұйымының (оның ішінде қосымша білім беру) өтінімі негізінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу жылына арналған біліктілікті арттыру кестесін жасайды, онда біліктілікті арттырудың түрлері, біліктілікті арттыру кезеңі, мерзімі, орны және нысаны көрсетіледі. Оқу жылына арналған біліктілікті арттыруды өткізу кестесін Оқыту орталығының басшысы бекітеді.
Тармақ 65
65. Тыңдаушылар тобын біліктілікті арттыруға арналған шарт негізінде Оқыту орталығы құрады және курсты ұйымдастыру үшін біліктілікті арттыру басталғанға дейін 2 апта бұрын топтың тізімі ЖӘОО мен ӘК-ге жіберіледі. Оқыту орталығы топтың тізімдік құрамын біліктілікті арттыру басталғанға дейін әскери даярлыққа арналған БҚ-да тіркейді.
Тармақ 66
66. ЖӘОО мен ӘК кесте мен тыңдаушылар тізімі негізінде сабақ кестесін жасайды, оны ЖӘОО немесе ӘК басшысы біліктілікті арттыру басталғанға дейін 5 жұмыс күні бұрын бекітеді және ол әскери даярлыққа арналған БҚ-да орналастырылады.
Тармақ 67
67. Оқыту орталығы біліктілікті арттырудың білім бағдарламасы негізінде оқу материалын әзірлейді. Оқу материалын жаңартуды қажет болғанда Оқыту орталығы жүзеге асырады, бірақ 5 жылда бір реттен сиретпей.
Тармақ 68
68. Біліктілікті арттыру аяқталғаннан кейін әскери даярлыққа арналған БҚ-да онлайн тестілеу нысанында қорытынды бағалау жүргізіледі. Тест сұрақтары базасын Оқыту орталығы жасайды және оны ҚР ҚМ әскери білім мәселесіне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі бекітеді.
Тармақ 69
69. Біліктілікті арттыруды сәтті меңгерген және алынған ең жоғары балдың кемінде 70 % көлемінде қорытынды тестілеуден өткен тыңдаушыларға әскери даярлыққа арналған БҚ-да осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификат жасалады, ол тыңдаушыларға салтанатты түрде табыс етіледі. Сертификат ала алмаған тыңдаушыларға оқу аяқталған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде біліктілікті арттыру білімін қайта бағалау мүмкіндігі беріледі.
Тармақ 70
70. Оқыту орталығы, ЖӘОО мен ӘК біліктілікті арттыруды талдайды, ол есепте көрсетіледі. Есеп жыл сайын 15 шілдеге дейін электрондық нысанда ҚР ҚМ әскери білім мәселесіне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесіне беріледі.
Тармақ 71
71. Біліктілікті арттырудың білім бағдарламасын іске асыратын, бастапқы әскери, әскерге шақыруға дейінгі және әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты жүзеге асыратын Оқыту орталығы, ЖӘОО мен ӘК бір күнтізбелік жыл ішінде алған білімін практикада сапалы іске асыру үшін біліктілікті арттырудан өткен педагогтің ісін курстан кейін қолдауды жүзеге асырады. Курстан кейінгі қолдаудың мақсаты – алынған білімнің білім беру практикасына тиімді енгізілуін қамтамасыз ету, педагогтік іске әдістемелік қолдау көрсету және мониторингтеу. Педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау нысаны: тыңдаушыларға педагогикалық істе әдістемелік, консультациялық көмек көрсетуді; педагогикалық істің нәтижесін дайындауда консультациялық көмек көрсетуді қамтиды.
Тарау 4. 4-тарау. Педагогикалық қайта даярлауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
4-тарау. Педагогикалық қайта даярлауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Тармақ 72
72. ҚР ҚМ әскери қызметтен шығарылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу мақсатында білім, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша педагогикалық қайта даярлаудың білім бағдарламасын әзірлейді және бекітеді.
Тармақ 73
73. Әскери оқу орнында өтеусіз негізде педагогикалық қайта даярлаудан офицерлер, аға немесе жоғары сержанттар құрамдары лауазымдарында әскери қызмет өткерген, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім және кемінде он жыл сіңірген еңбегі бар, әскери қызметтен шығарылатын немесе шығарылған (әскери қызметке қайта кіру құқығынсыз теріс себептермен шығарылған адамдарды қоспағанда), адамдар өтуге құқылы.
Тармақ 74
74. ҚР ҚК-ден шығарылатын адамдардың педагогикалық қайта даярлаудан өтуі тәртібі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 834 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29856 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен шығарылатын адамдарды әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 75
75. ЖӘБО әскери қызметтен шығарылған адамдардан өтініш қабылдайды, олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады. Қорғаныс істері департаменті әлеуметтік бейімдеуге жататын адамдарды жалпы жинап, тізім жасайды және тоқсан сайын ҚР ҚМ ҚР ҚК-де тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру мәселесіне жетекшілік ететін уәкілетті құрылымдық бөлімшесіне ұсынады.
Тармақ 76
76. Педагогикалық қайта даярлауға жататын адамдардың қорытынды тізімін ҚР Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары бекітеді және педагогикалық қайта даярлауды өткізу күні мен уақыты көрсетіліп, ҚР ҚМ ресми сайтында жарияланады.
Тармақ 77
77. Әскери қызметтен шығарылған және педагогикалық қайта даярлаудан өтуге ниет білдірген адамдар ЖӘБО бастығының атына өтініш береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі (түпнұсқасы салыстырып тексеру үшін);
Тармақша 2
2) әскери билеттің көшірмесі (түпнұсқасы салыстырып тексеру үшін);
Тармақша 3
3) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы салыстырып тексеру үшін). ҚР ҚМ ресми сайтында жарияланған педагогикалық қайта даярлауға жататын адамдардың тізімі негізінде кандидаттар өздігінен онлайн режимде педагогикалық қайта даярлаудан өтеді.
Тармақ 78
78. Педагогикалық қайта даярлауды ҚР ҚМ әскери білім мәселесіне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі бекітілген тізім негізінде жартыжылда бір реттен сиретпей ұйымдастырады.
Тармақ 79
79. Оқу ҚР ҚМ әскери білім мәселесіне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі бекіткен кестеге сәйкес онлайн-платформада қашықтан өткізіледі.
Тармақ 80
80. БӘД бейіні бойынша педагогикалық қайта даярлаудың білім бағдарламасын білім, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әзірлейді және бекітеді.
Тармақ 81
81. Педагогикалық қайта даярлаудың білім бағдарламасын меңгерген және қорытынды аттестаттауды сәтті тапсырған адамдарға 3 жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес ҚР орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында БӘД оқыту құқығын растайтын мерзімсіз сертификат беріледі. Сертификатты жоғалтып алған жағдайда тыңдаушы оның телнұсқасын беру үшін Оқыту орталығына жүгінеді.
Басқа 1. Бастапқы әскери даярлық сыныбының көрнекі үгіт-насихаты мен жабдығының ең аз тізбесі
Бастапқы әскери дайындық қағидаларына 1-қосымша Бастапқы әскери даярлық сыныбының көрнекі үгіт-насихаты мен жабдығының ең аз тізбесі Р/с № Атауы Өлшем бірлігі Саны 1 Суреттер: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы, елтаңбасы, әнұраны, Қарулы Күштерінің эмблемасы жиынтық 1 2 Әскери ант мәтіні жиынтық 1 3 Әскери қызметшінің құқықтары мен міндеттері жиынтық 1 4 Қарулы Күштердің құрылымы туралы ақпарат жиынтық 1 5 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының портреті жиынтық 1 6 Қазақстан Республикасының азаматтары әскери қызмет міндетін атқарған кездегі кепілдіктер жиынтық 1 7 Ақпаратты бейнелейтін мультимедиялық құралдар (интерактивті тақта, мультимедиялық проектор, мультимедиялық экран және т.б.) жиынтық 1 8 Лазерлік тир дана 1 9 Атыс қаруының макеті (КА-74, МП) дана 1 10 Жаппай қырып-жою қаруынан жеке қорғану құралдары жиынтық 1
Басқа 2. БӘД педагогі киюге арналған әскери киім нысаны шевронының ортақ түрі (сол жақ жеңіне)
Бастапқы әскери дайындық қағидаларына 2-қосымша БӘД педагогі киюге арналған әскери киім нысаны шевронының ортақ түрі (сол жақ жеңіне) (далалық киім нысаны) (күнделікті киім нысаны)
Басқа 3. БӘД педагогі киюге арналған әскери киім нысанының кеуде жапсырмасының ортақ түрі
Бастапқы әскери дайындық қағидаларына 3-қосымша БӘД педагогі киюге арналған әскери киім нысанының кеуде жапсырмасының ортақ түрі Мемлекеттік ту (күнделікті киімнің сол жақ кеудесіне тағылады) Әскери даярлық белгісі (далалық киімнің оң жақ кеудесіне тағылады)
Басқа 4. Бастапқы әскери даярлықтың (БӘД) жай-күйі туралы жиынтық ақапарат (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың)
Бастапқы әскери дайындық қағидаларына 4-қосымша Нысан Бастапқы әскери даярлықтың (БӘД) жай-күйі туралы жиынтық ақапарат (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың)
Тарау 1. 1. Жалпы ақпарат
1. Жалпы ақпарат Әскери басқару органының атауы: Есептілік кезеңі: (тоқсан/жыл көрсетілсін) Жауапты орындаушы (АӘТ, лауазымы, байланыс жасау нөмірі):
Тарау 2. 2. Сандық көрсеткіш
2. Сандық көрсеткіш № Көрсеткіштің атауы Саны Ескертпе 1 БӘД курсын іске асыратын мектептің жалпы саны 2 БӘД оқытушыларының жалпы саны 3 Біліктілігін арттырудан өткен БӘД оқытушыларының саны (есептілік кезеңінде) 4 БӘД оқытушыларымен өткізілген оқу-әдістемелік сабақ саны 5 Білім беру ұйымына жүргізілген тексеру саны 6 ДОС-қа қатысқан білім алушылар саны 7 БӘД бойынша жарыс саны 8 Әскери оқу орнына оқуға түсуге ұсынылған бозбалалар саны
Тарау 3. 3. Оқу-материалдық базаның жай-күйін бағалау
3. Оқу-материалдық базаның жай-күйін бағалау № Параметр Бағасы Ескертпе 1 Жабдықталған БӘД кабинетінің болуы 2 Саптық даярлыққа арналған алаңның немесе шағын алаңның болуы 3 Қарудың (КА-74 және т.б.) оқу-жаттығу макетінің болуы 4 Лазерлік тирдің немесе ату алаңының болуы 5 3D-симуляторын пайдалану/бағдарламалық қамтамасыз ету
Тарау 4. 4. Әскери-патриоттық тәрбие іс-шараларын өткізу
4. Әскери-патриоттық тәрбие іс-шараларын өткізу Негізгі іс-шаралар тізбесі (атауы, күні, қатысушылар саны): _________________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________
Тарау 5. 5. Білім беру ұйымымен өзара іс-қимыл
5. Білім беру ұйымымен өзара іс-қимыл Білім басқармасымен бірлескен іс-шаралар саны:_________________________________________ Өзара іс-қимыл жасау барысында анықталған проблемалық мәселелер:_______________________________________ БӘД ұйымдастыруды жақсарту бойынша ұсыныс:_____________________________________________________
Тарау 6. 6. БӘД оқытушылары туралы ақпарат
6. БӘД оқытушылары туралы ақпарат № Оқытушының ТАӘ Білім беру ұйымы Біліктілікті арттыру ДОС-қа даярлық Оқу-әдістемелік жұмысқа қатысу 1 2 …
Тарау 7. 7. Қорытынды және ұсыныстар
7. Қорытынды және ұсыныстар Өңірдегі БӘД деңгейінің жалпы бағасы:____________________________________________________________ Негізгі жетістік:_________________________________________________________________________________ Негізгі проблема:_______________________________________________________________________________ Қорғаныс министрлігіне/жергілікті атқарушы органға ұсыныс: ___________________________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________________ Жауапты адамның қолы: (ТАӘ, лауазымы, күні)
Басқа 5. ДОС өткізу нәтижесі бойынша есеп беру (білім беру ұйымында кемінде 3 жыл сақталады)
Бастапқы әскери дайындық қағидаларына 5-қосымша Нысан ДОС өткізу нәтижесі бойынша есеп беру (білім беру ұйымында кемінде 3 жыл сақталады)
Тарау 1. 1. Жалпы ақпарат
1. Жалпы ақпарат Білім беру ұйымының атауы: Өңір/елді мекен: Білім алушының сыныбы/жасы: ДОС-қа қатысқандар саны: ДОС-ты өткізу мерзімі: 20__ ж. «__» ______ бастап 20___ ж. «__» ______ дейін ДОС өткізілген жер: ДОС-ты ұйымдастыруға жауапты адам (АӘТ, лауазымы): ДОС өткізу нысаны: шатырлық жиын/ұйым базасында/аралас нысан Медициналық және азық-түлікпен қамтамасыз етудің болуы: иә/жоқ
Тарау 2. 2. Өткізілген іс-шаралар тізбесі
2. Өткізілген іс-шаралар тізбесі № ДОС кезеңі Өткізу нысаны Қатысушылар саны Сәтті аяқтады (%) Ескертпе 1 Лагерьді (қалашықты) өрістету практикалық сабақ 2 Тактикалық кедергі практикалық сабақ 3 Әскери-қолданбалы бағыт нормативі, қоян-қолтық ұрыс элементтері тест / практика 4 Саптық даярлық, бөлімшелерді орналастыру командалық сабақ 5 Сақшының міндеттері рөлдік жаттығу 6 Оқ ату (пневматика/лазерлік тир) практикалық сабақ 7 Калашников автоматын (макет) құрастыру-бөлшектеу жеке тапсырма 8 «Жараланғанға» дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету және эвакуациялау практика 9 РХБ қорғау құралдарын қолдану практикалық сабақ 10 АҚ негіздері, ТЖ/СЖ іс-қимылы теориялық-практикалық 11 Марш-бросок (жағдай болса) топтық тапсырма 12 Байқау және қорытынды сынақ (бөлімдер бойынша) кешенді сынақ
Тарау 3. 3. Қорытынды сынақ қорытындысы (бағыттар бойынша баға)
3. Қорытынды сынақ қорытындысы (бағыттар бойынша баға) Даярлық бағыты Орташа балл/% орындау Ескертпе Оқ ату даярлығы Тактикалық даярлық Саптық даярлық Дене шынықтыру дайындығы Әскери-медициналық даярлық Азаматтық және аумақтық қорғаныс пен ТЖ ТЖ-да қорғау
Тарау 4. 4. Қатысушылар (жиынтық кесте)
4. Қатысушылар (жиынтық кесте) № АӘТ Сыныбы Қатысуы Қорытынды сынақ тапсырды Ескертпе 1 2 …
Тарау 5. 5. Қамтамасыз ету мен өткізу шарты
5. Қамтамасыз ету мен өткізу шарты Көрсеткіш Болуы Ескертпе Медициналық сүйемелдеу Қатысушылардың тамақтануы Баратын жерге дейін жеткізу Жабдық пен құрал-сайман РХБҚ құралдары Далалық керек-жарақ (шатыр) БҚ-ға қосылу (егер қолданылса)
Тарау 6. 6. Жалпы баға және ұсыныстар
6. Жалпы баға және ұсыныстар ДОС-ты сәтті аяқтағандардың жалпы саны: ____ адам ДОС өткізу кезінде анықталған проблемалар/қиындықтар: __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ ДОС ұйымдастыруды жақсарту бойынша ұсыныс: __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Білім беру ұйымының басшысы Қолы: ____________/АӘТ/ Күні: 20____ ж. «____» ____________ БӘД педагогі Қолы: ____________/АӘТ/ Күні: 20____ ж. «____» ____________
Басқа 6. 20____жылға арналған біліктілікті арттыру кестесі
Бастапқы әскери дайындық қағидаларына 6-қосымша Нысан 20____жылға арналған біліктілікті арттыру кестесі Р/с № Түрі Кезеңі Мерзімі Өткізу орны Өткізу нысаны Ескертпе 1 2 3 4 5 6 7
Басқа 7. СЕРТИФИКАТ
Бастапқы әскери дайындық қағидаларына 7-қосымша Нысан Ұйымның ресми Ұйымның атауы логотипі СЕРТИФИКАТ _______________________________________________________________ (аты, әкесінің аты (болса), тегі) _____ академиялық сағат көлемінде _________________________тақырыбы (курстың тақырыбы) бойынша біліктілікті арттырудан өткенін растайды. Ұйым басшысы _______________________________________________ _______________ (аты, әкесінің аты (болса), тегі) (қолы) мөр орны Тіркеу нөмірі № _________ Берілген күні: 20 __ жылғы «_____» ___________ Нысан Ұйымның Ұйымның ресми логотипі атауы Сертификатқа қосымша ______________________________________________________________________________________ (аты, әкесінің аты (болса), тегі) біліктілікті арттырудан өту кезінде мынадай модуль бойынша тиісті білімі мен дағдысын көрсетті: № Бағдарлама модулінің атауы Сағат саны Бағасы Ұйым басшысы _______________________________________________ ____________ (аты, әкесінің аты (болса), тегі) (қолы) мөр орны Тіркеу нөмірі № _________ Берілген күні: 20 __ жылғы «_____» ___________
Басқа 8. Сертификат
Бастапқы әскери дайындық қағидаларына 8-қосымша Нысан Сертификат 20__ жылғы «___» _______ бастап 20__ жылғы « ___» ________ дейін ________________________________________________________________ (әскери оқу орнының атауы) _____________________академиялық кредиті көлемінде «Бастапқы әскери даярлық» пәні педагогінің кәсіби біліктілігі мен шеберлігін дамыту» педагогикалық қайта даярлау білім бағдарламасы бойынша педагогикалық қайта даярлау курсынан өткен ________________________________________ ___________________________________________________________ берілді. (аты, әкесінің аты (болса), тегі) Бастық _________________________________________________ (аты, әкесінің аты (болса), тегі) (қолы)) Берілген күні 20___ жылғы «___» ____________ Тіркеу нөмірі: 20__ жылғы «___» _______№ ___