О внесении изменения в постановление акимата Актюбинской области от 12 декабря 2017 года № 440 «Об утверждении государственного образовательного заказа на среднее образование» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 440 «Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағының 8-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 440 «Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5776 тіркелген, 2018 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкіне жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Басқа 7
2020 жылғы 17 сәуірі № 171 Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысына қосымша Ақтөбе облысы бойынша орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы № Білім алушылар саны Жылына бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге 1 100 598840,00