О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 12 февраля 2018 года № 159 «Об утверждении кодов органов государственных доходов Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16402 болып тіркелген,
2018 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының кодтарында:
реттік нөмірі 36-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
36
ҚР ҚМ МКК Ақтөбе облысы бойынша МКД Ақтөбе қаласының Астана ауданы бойынша МКБ
0618
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 36-1-жолмен толықтырылсын:
«
36-1
ҚР ҚМ МКК Ақтөбе облысы бойынша МКД Ақтөбе қаласының Алматы ауданы бойынша МКБ
0619
»;
реттік нөмірі 74-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
74
ҚР ҚМ МКК Шығыс Қазақстан облысы бойынша МКД Алтай қаласы – Алтай ауданы бойынша МКБ
1813
»;
реттік нөмірі 102-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
102
ҚР ҚМ МКК Батыс Қазақстан облысы бойынша МКД Бәйтерек ауданы бойынша МКБ
2707
»;
реттік нөмірі 114-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 216-9-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 232, 233, 234, 235, 236 және 237-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
232
ҚР ҚМ МКК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МКД
6201
233
ҚР ҚМ МКК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МКД Алматы ауданы бойынша МКБ
6202
234
ҚР ҚМ МКК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МКД Сарыарқа ауданы бойынша МКБ
6203
235
ҚР ҚМ МКК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МКД Есіл ауданы бойынша МКБ
6205
236
ҚР ҚМ МКК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МКД «Астана – жаңа қала» МКБ
6206
237
ҚР ҚМ МКК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МКД Байқоңыр ауданы бойынша МКБ
6207
».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.