О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 12 февраля 2018 года № 159 «Об утверждении кодов органов государственных доходов Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16402 болып тіркелген, 2018 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының кодтарында:
реттік нөмірі 154-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
154
ҚР ҚМ МКК Қостанай облысы бойынша МКД Бейімбет Майлин ауданы бойынша МКБ
3913
».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.