О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 12 февраля 2018 года № 159 «Об утверждении кодов органов государственных доходов Республики Казахстан» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16402 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтарында: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 224-1-жолмен толықтырылсын: « 224-1 ҚР ҚМ МКК Шымкент қаласы бойынша МКД Тұран ауданы бойынша МКБ 5908 »; реттік нөмірі 235, 236, 237, 238, 239, 240-жолдар мынадай редакцияда жазылсын: « 235 ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша МКД 6201 236 ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша МКД Aлматы ауданы бойынша МКБ 6202 237 ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша МКД Сарыарқа ауданы бойынша МКБ 6203 238 ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша МКД Есіл ауданы бойынша МКБ 6205 239 ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша МКД «Aстана - жаңа қала» МКБ 6206 240 ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша МКД Байқоңыр ауданы бойынша МКБ 6207 ».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.