О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 12 февраля 2018 года № 160 «Об утверждении форм налоговых заявлений» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Тармақ 1
1. «Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16425 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1 тармақта: 10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың тіркеу есебі туралы;»; 12) тармақша алып тасталсын; көрсетілген бұйрыққа 8, 9, 10 және 17-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 284 Бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына 8-қосымша нысан
Басқа 1.1
Басқа 1.2
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 284 Бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына 9-қосымша нысан
Басқа 3
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 284 Бұйрығына 3-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына 10-қосымша нысан
Басқа 4
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 284 Бұйрығына 4-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына 17-қосымша нысан