О внесении изменений в решение Тимирязевского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 12 марта 2018 года № 21/6 «О корректировке базовых ставок земельного налога и единого земельного налога по Тимирязевскому району Северо-Казахстанской области» Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 21/6 «Тимирязев ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, 510-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Тимирязев ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 21/6 шешіміне (2018 жылғы 03 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау электрондық түрдегі банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4619 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері туралы»;
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 509-бабының 5-тармағына, 510-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақ 2
«2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге осы Кодекстің 503-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.