О внесении изменения в решение Тимирязевского районного маслихата от 12 марта 2018 года № 21/6 «О ставках земельного налога по Тимирязевскому району Северо-Казахстанской области» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тимирязев аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 21/6 «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Кодекс) 510-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері туралы» Тимирязев аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 21/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4619 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Жер салығының мөлшерлемелері Кодекстің 505, 506-баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен елу пайызға арттырылсын. Осы тармақтың ережелері Кодекстің 509-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таралады.