О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 12 января 2018 года № 23 «Об утверждении положения об Апелляционной комиссии по рассмотрению жалоб на уведомление о результатах проверки и (или) уведомление об устранении нарушений» Күшін жойған
Басқа 0
«Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 23 бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 23 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16289 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 7 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережеде:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Комиссия отырыстары апта сайын әр бейсенбіде өткізіледі.
Егер отырысты өткізу күні мереке күніне келетін болса, онда отырыс одан кейінгі жұмыс күніне ауыстырылады.
Комиссия Төрағасы қажет болған жағдайда бейнеконференцбайланыс арқылы онлайн режимінде отырыс тағайындайды, сондай-ақ отырысты өткізу күнін ауыстырады.
Бұл ретте жұмыс органы Комиссия мүшелерін отырыс күнінің ауыстырылғаны туралы хабарландырады.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Егер отырысқа Комиссия мүшелерінің барлығы қатыспаған жағдайда, мұндай отырыс кворум болған кезде және уәкілетті орган ведомствосы өкілінің міндетті қатысуы шартында заңды деп есептеледі.
Комиссия отырысын өткізу мақсатында кворум Комиссия Төрағасын қоса алғанда, дауыс беру құқығы бар Комиссия мүшелері санының жартысынан кем болмау қажет.»;
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
«17-1. Егер шағым берген салық төлеуші (салық агенті) және (немесе) сыртқы экономикалық қызметке қатысушы Комиссияның осындай мүшесіне жақын туысы (ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, бірге туған және бірге тумаған аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), атасы, әжесі, немерелері), жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты (ерлі-зайыптылардың аға-інілері, апа-сіңлілері, ата-аналары мен балалары) болып табылса, сондай-ақ егер тікелей немесе жанама мүдделілік (мүдделер қақтығысы) бар болса, онда Комиссия мүшесі шағымды қарамайды және өз ұстанымын білдірмейді, сондай-ақ дауыс беруге қатыспайды.
Комиссия мүшесі туындаған мүдделер немесе оның туындау мүмкіндігі туралы өзіне белгілі болғаннан дереу Комиссия төрағасын еркін жазбаша нысанда хабардар етеді.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Апелляция департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.