О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 12 января 2018 года № 23 «Об утверждении положения об Апелляционной комиссии по рассмотрению жалоб на уведомление о результатах проверки» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 23 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 23 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16289 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: ««Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 480-бабы 1-тармағына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 182-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережеде: 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кедендік реттеу туралы кодекс) 480-бабы 1-тармағына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 182-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленген және Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды. 2. Комиссия өз қызметінде 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, 2009 жылғы 27 қарашадағы Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты, Кедендік реттеу туралы кодексті, Салық кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін және өзге де құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Комиссия құрамына Комиссия Төрағасы, сондай-ақ сегіз адамнан тұратын Комиссия мүшелері кіреді.»; мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын: «6-1. Жұмыс органы өтініш берушінің жазбаша қарсылығының және (немесе) алдын ала шешімге тыңдау хаттамасының көшірмесін өтініш берушіні тыңдау рәсімі аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссия мүшелеріне жібереді.»; мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын: «7-1. Өтініш берушінің жазбаша қарсылығында және (немесе) алдын ала шешімге тыңдау хаттамасында бұдан бұрын шағымда көрсетілмеген негізді дәлелдер болған кезде, Комиссия мүшелері жұмыс органына өз ұстанымдарын жұмыс органы материалдарды жіберген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Апелляция департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.