О внесении изменений в решение районного маслихата от 12 июля 2018 года № 311-VІ «Об утверждении регламентов собраний местного сообщества сельских округов Курмангазинского района» Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 12 шілдедегі № 311-VІ «Құрманғазы ауданының ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Құрманғазы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 12 шілдедегі № 311-VІ «Құрманғазы ауданының ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4217 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 қосымшалардағы:
4-тармақта:
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;»;
оныншы абзац алып тасталсын;
он бірінші абзац алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.