О внесении изменений постановление акимата Бурлинского района Западно-Казахстанской области от 12 марта 2018 года № 6 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» исполнительных органов Бурлинского района, финансируемых из районного бюджета» Күшін жойған
Басқа 0
Бөрлі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 6 «Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Бөрлі ауданының атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Бөрлі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бөрлі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 6 «Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Бөрлі ауданының атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Бөрлі ауданының атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5104 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) 40 тармақ келесідей редакцияда жазылсын:
«40. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 39-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»
Тармақша 2
2) 41 тармағы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.