О внесении изменений в решение акима Жетысуского района города Алматы от 12 апреля 2019 года № 03 «Об образовании избирательных участков по Жетысускому району города Алматы» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 03 «Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің «Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 03 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1546 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің №1 қосымшасындағы № 337, 343 сайлау учаскелерінің орталықтары келесі редакцияда жазылсын: «№ 337 сайлау учаскесі (орталығы: «№ 57 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Ботаническая көшесі, № 2 үй); № 343 сайлау учаскесі (орталығы: «№ 57 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Ботаническая көшесі, № 2 үй)».
Тармақ 2
2. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы шешімді ресми жарияланған кейін Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А. Қалықова