О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2019 года № 501 «О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 17 июня 2019 года № 24 «О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға қосымшаның 15-тармағының 61) тармақшасын және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға қосымшаның 15-тармағының 282) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы « » ________ № қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) аэроғарыш және электрондық өнеркәсіп салаларында, инновациялық қызмет, елдің ғылыми-техникалық дамуы, геодезия және картография, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында, дербес деректер және оларды қорғау саласында басшылықты, байланыс, ақпараттандыру, «электрондық үкімет», мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту саласында (бұдан әрі – реттелетін салалар) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
Тармақша 1
1) «Аэроғарыш комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) «Ақпараттық қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) «Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 4
4) «Геодезия және картография комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 5
5) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Министрлік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Тармақ 6
6. Егер Министрлікке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуына құқығы бар.
Тармақ 7
7. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрығымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Министрліктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есiл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, № 55/5-ғимарат.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Министрліктің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Министрлікке өз өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) реттелетін салаларда тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүргізу, сондай-ақ бәсекеге қабілетті аэроғарыш өнеркәсібін дамыту және ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, дербес деректер және оларды қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды, геодезия және картография салаларын қалыптастыру және олардың дамуын қамтамасыз ету, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау, инновациялық қызмет саласындағы жергілікті қамтуды дамыту, елді ғылыми-техникалық дамыту, байланыс қызметтері нарығының тиімді жұмыс істеуі;
Тармақша 2
2) Министрліктің құзыретiне жатқызылған қызмет саласында басшылықты жүзеге асыру және мемлекеттiк органдарды салааралық үйлестiру;
Тармақша 3
3) реттелетiн салалардағы мемлекеттiк басқару және мемлекеттік бақылау;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының ғарыш саласын қалыптастыру және дамыту;
Тармақша 6
6) ғарыштық технологиялар мен көрсетілетін қызметтер нарығын қалыптастыру үшін жағдай жасау;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасында ғарыш қызметінің заңнамалық және шарттық-құқықтық базасын құру;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде «Байқоңыр» кешенін Ресей Федерациясының жалға алуы жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
Тармақша 9
9) пошта және байланыс саласындағы үйлестіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы қызметті және байланыс саласында қызмет көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін реттеу;
Тармақша 10
10) ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
Тармақша 11
11) өз құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының байланыс инфрақұрылымын қалыптастыруды, дамытуды және қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде реттелетiн салалардағы халықаралық ынтымақтастық;
Тармақша 14
14) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, байланыс және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
Тармақша 15
15) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясына) басшылықты жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) геодезия және картография саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
Тармақша 17
17) инновациялық жүйені жоспарлау, мониторингілеу, ынталандыру, дамыту;
Тармақша 18
18) дербес деректер және оларды қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
Тармақша 19
19) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
Тармақша 20
20) байланыс қызметтері нарығының тиімді жұмыс істеуі үшін байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
Тармақша 21
21) өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: өз құзыретi шегiнде орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды; заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады; Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне Министрлік реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді; халықаралық шарттар (келісімдер) жасасу бойынша ұсыныстар енгізеді, шет елдердің тиісті ведомстволарымен, халықаралық ұйымдарымен және шетелдік заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізеді, шарттар (келісімдер) жасасады; ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне алып келетін лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi тиiсті жауаптылыққа тартады;
Тармақша 2
2) міндеттері: бюджет қаражатын бірыңғай бюджеттік сыныптамаға, жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге, оларға сай бюджет қаражаты бөлінген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес пайдалану; акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) алған таза табысын бөлу туралы шешімнің уақтылы қабылдануын және акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекетке тиесілі акцияларға (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне) арналған дивидендтерді (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің таза табысының бір бөлігін) жалғыз акционер (қатысушы) шешім қабылдаған күннен бастап он күн ішінде аударуын қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) реттелетiн салаларда мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және iске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) реттелетiн салалардағы біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу және қабылдау;
Тармақша 4
4) реттелетiн салалардағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) өз құзыреті шегінде реттелетін салалардағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
Тармақша 8
8) реттелетiн салаларда салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап-арыздар беру;
Тармақша 10
10) құзыреті шегінде жеке кәсiпкерлік мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердің, заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама жүргізуге қатысуға үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асыру;
Тармақша 11
11) ақпараттандыру саласындағы сараптама кеңесінің құрамын және оның қызметі туралы ережені бекiту;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесін құру;
Тармақша 13
13) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
Тармақша 14
14) реттелетін салаларда шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізу;
Тармақша 15
15) реттелетін салаларда кадрлар қажеттігін айқындау;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік акциялар топтамасына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) иелік ету және пайдалану құқығын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге, сондай-ақ сенімгерлік басқарудағы ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 17
17) Министрлікте мемлекеттік құпиялардың және таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 19
19) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді қоса алғанда, ғарыш қызметі саласындағы жобалар мен бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 20
20) ғарышкерлікке үміткерлерді іріктеу және ғарышкерлікке үміткер, ғарышкер мәртебесін беру тәртібін бекіту;
Тармақша 21
21) қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда ғарышкерлікке үміткерге, ғарышкерге бiржолғы өтемақы төлеу тәртібін айқындау;
Тармақша 22
22) ғарышкерлікке үміткерді, ғарышкерді жыл сайынғы профилактикалық тексерулермен, медициналық және санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту;
Тармақша 23
23) ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу тәртiбiн бекіту;
Тармақша 24
24) Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы ережені бекіту;
Тармақша 25
25) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну тәртібін бекіту;
Тармақша 26
26) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Жердi қашықтан зондтаудың ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді ғарыштан қашықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату тәртiбiн айқындау;
Тармақша 27
27) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, дәлдiгi жоғары спутниктiк навигация жүйесi ұлттық операторының спутниктiк навигациялық қызметтердi ұйымдастыру және ұсыну тәртiбiн айқындау;
Тармақша 28
28) ғарыш жүйелерінің ұлттық операторларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің айқындауы үшін ұсыну;
Тармақша 29
29) ғарыш инфрақұрылымы объектілерін жасау, пайдалану және дамыту шығындарын есептеу әдістемесін бекіту;
Тармақша 30
30) Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін, Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын бекіту;
Тармақша 31
31) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасында жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу қағидаларын бекіту;
Тармақша 32
32) пайдаланудан шығарылған ғарыш объектілері мен техникалық құралдарды кәдеге жарату тәртібін айқындау;
Тармақша 33
33) ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау тәртібін бекіту;
Тармақша 34
34) ғарыш қызметi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiру;
Тармақша 35
35) ғарыш қызметi саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
Тармақша 36
36) халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғарыш кеңістігіне ұшырылатын Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерін таңбалау тәртібін айқындау;
Тармақша 37
37) ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру тәртібін айқындау;
Тармақша 38
38) ғарыш қызметі саласындағы және «Байқоңыр» кешені бойынша халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауды және құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық шарттардың басқа да қатысушыларының өз міндеттемелерін орындауын қадағалау;
Тармақша 39
39) Ресей Федерациясы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан жүзеге асыратын ғарыш аппараттарын ұшыру және/немесе зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыларды әзірлеу, келісу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;
Тармақша 40
40) Қазақстан Республикасы үшін жасалатын ғарыш техникасын өндіруге арналған мемлекеттік тапсырмалардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу;
Тармақша 41
41) ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту;
Тармақша 42
42) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құқықтық, әкімшілік және өзге де шараларды әзірлеу, олардың іске асырылуы мен сақталуын бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметті ведомствоаралық үйлестіру;
Тармақша 43
43) «электрондық үкімет» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекіту;
Тармақша 44
44) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша «электрондық үкімет» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 45
45) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 46
46) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде интернет-ресурстарды және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін басқару жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 47
47) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;
Тармақша 48
48) домендік атаулардың әкімшісін және тіркеуішін айқындау, интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендiк атауларды тiркеу, пайдалану және бөлу қағидаларын бекiту;
Тармақша 49
49) электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеу қағидаларын, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің электрондық ақпараттық ресурстарын резервтік көшірудің мерзімділігін бекіту;
Тармақша 50
50) қорғау бейіндерін және қорғау бейіндерін әзірлеу әдістемесін бекіту;
Тармақша 51
51) ақпараттық жүйелердің, техникалық, бағдарламалық-техникалық және бағдарламалық құралдардың (бұйымдардың), ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау жөніндегі қағидаларды бекіту;
Тармақша 52
52) электрондық ақпараттық ресурстарды резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасына беру тәртібін және мерзімдерін бекіту;
Тармақша 53
53) ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің болуы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді банктердің Қазақстан Республикасының Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ұсыну қағидалары мен мерзімдерін келісу;
Тармақша 54
54) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық жасау;
Тармақша 55
55) Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерiн құқықтық реттеу жөнiнде ұсыныстар, оның ішінде тиiстi шешiмдердiң жобаларын енгiзу;
Тармақша 56
56) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалмағаны үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының жауапкершілігі туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 57
57) байланыс желілерін салу, пайдалану және дамыту мәселелері жөнінде шешімдер қабылдау кезінде жеке және заңды тұлғалардың ұлттық қауіпсіздікті сақтау талаптарын бекіту;
Тармақша 58
58) Қазақстан Республикасының радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлу кестесін бекіту;
Тармақша 59
59) күзетілетiн аймақтарды белгiлеу тәртiбі мен олардағы жұмыс режимiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желiлерiн күзету қағидаларын бекiту;
Тармақша 60
60) жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеудi жүргiзу қағидаларын бекіту;
Тармақша 61
61) радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатты ресімдеу және беру қағидаларын бекіту;
Тармақша 62
62) трафиктi өткiзу және өзара есеп айырысу тәртiбiн қоса алғанда, телекоммуникация желiлерiнің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;
Тармақша 63
63) байланыс саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;
Тармақша 64
64) нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою тәртібін айқындау;
Тармақша 65
65) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерінің басым байланыс операторлары үшін телекоммуникацияның басқа желiлерiн қосу қызметтерiн көрсетудiң, сондай-ақ желiлердiң өзара іс-қимылы және трафиктi өткiзу бойынша осыған байланысты мiндеттемелердің талаптарын айқындайтын қосылу шартының үлгі нысанын бекіту;
Тармақша 66
66) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 67
67) телекоммуникация желілері мен құралдарының техникалық үйлесімділігін қамтамасыз ететін нормаларды, байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштерін, тарифтеу бірліктері мөлшерлерін бекіту;
Тармақша 68
68) Қазақстан Республикасының байланыс әкімшілігі ретінде өз құзыреті шегінде халықаралық байланыс одақтары мен ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру және қорғау;
Тармақша 69
69) телекоммуникация желілері мен құралдары бүлінген кезде келтірілген шығындарды анықтау тәртібін айқындау;
Тармақша 70
70) пошта байланысының қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту;
Тармақша 71
71) Халықаралық электр байланысы одағының радиобайланыс регламентіне сәйкес Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсынымдары негізінде радиожиілік спектрін перспективалы пайдалану жоспарларын бекіту;
Тармақша 72
72) ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу тәртібін айқындау;
Тармақша 73
73) Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан және Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған өкiлеттiктер шегiнде әрекет ету, басқа мемлекеттермен, халықаралық одақтармен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл кезiнде Қазақстанның пошта байланысы саласындағы мүдделерiн бiлдiру және қорғау;
Тармақша 74
74) арнаулы пошта байланысы қызметі қызметкерлерінің нысанды киімінің және Ұлттық пошта операторы жұмыскерлерінің нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру қағидаларын, онымен қамтамасыз ету нормаларын бекіту;
Тармақша 75
75) радиожиілік спектрін жоспарлау және тиімді пайдалану;
Тармақша 76
76) адресаттардың абонементтік жәшiгін пайдалану тәртібін белгілеу;
Тармақша 77
77) Ұлттық пошта операторын айқындау;
Тармақша 78
78) пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін және филателиялық өнімді шығару, өткізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 79
79) Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру жөніндегі қағидаларды бекіту;
Тармақша 80
80) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында пошта қызметін жетілдіруге және дамытуға бағытталған пошта саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту және олардың іске асырылуын ұйымдастыру;
Тармақша 81
81) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу мақсатында пошта байланысы желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезіндегі өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;
Тармақша 82
82) операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидаларын бекіту;
Тармақша 83
83) операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу;
Тармақша 84
84) пошта операторларының атаулы құрылғыларды қолдану қағидаларын бекіту;
Тармақша 85
85) электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі және электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды авторландыру қағидаларын бекіту;
Тармақша 86
86) абоненттік пошта жәшіктерін орналастыру, күтіп-ұстау және олардың техникалық сипаттамалары жөніндегі талаптарды бекіту;
Тармақша 87
87) пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштерін бекіту;
Тармақша 88
88) пошта операторларының қызметтер көрсетуіне қажетті және жеткілікті, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың дербес деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту;
Тармақша 89
89) пошта төлемінің мемлекеттік белгілеріне қойылатын талаптарды Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес айқындау;
Тармақша 90
90) телекоммуникацияның әмбебап көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қайта теңгерімдеу жоспарын бекіту;
Тармақша 91
91) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары болып табылатын куәландырушы орталықтарды аккредиттеу;
Тармақша 92
92) байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемелерін бекіту;
Тармақша 93
93) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды басқару;
Тармақша 94
94) телекоммуникациялар желілерінде мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту;
Тармақша 95
95) ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын және ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қызметтерін енгізу күнін бекіту;
Тармақша 96
96) кабельдік арнаны пайдалануға беру қағидаларын бекіту;
Тармақша 97
97) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту;
Тармақша 98
98) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желілеріне қойылатын талаптарды бекіту;
Тармақша 99
99) Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыру, оның сапасын, қолжетімділігін және жұмыс істеуінің орнықтылығын арттыру және ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастыру;
Тармақша 100
100) субсидиялау мөлшерін есептеуді және Министрліктің байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібін қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын, байланыс операторларына қойылатын байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі талаптарды және байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесін әзірлеу;
Тармақша 101
101) байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп байланыс операторларының байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 102
102) тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту;
Тармақша 103
103) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
Тармақша 104
104) реттеліп көрсетілетін қызметтерді берудің үлгілік шарттарын бекіту;
Тармақша 105
105) реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту;
Тармақша 106
106) пошта төлемiнiң мемлекеттiк белгiлерiнiң түрлерi мен шығарылу көлемiн бекiту;
Тармақша 107
107) байланыс саласындағы қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Тармақша 108
108) радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу қағидаларын және байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын бекіту;
Тармақша 109
109) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды тарату және пайдалану, сондай-ақ өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау саласында қатысу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 110
110) бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген немесе туындаған және қатері жойылған, төтенше жағдай енгізілген кезде қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқа мәтіндік хабарламалар жіберу жөнінде байланыс операторларының желілерін пайдалану тәртібін белгілеу;
Тармақша 111
111) байланыс қызметтері нарығының жұмыс істеуі үшін өз құзыреті шегінде жағдайлар жасау;
Тармақша 112
112) телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу қағидаларын бекіту;
Тармақша 113
113) телекоммуникация және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы нарық субъектілерінің тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) және инфрақұрылымға кемсітушіліксіз қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу;
Тармақша 114
114) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы телекоммуникациялар мен пошта байланысының қызметтері аясындағы реттеу мен бақылау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізуі қағидаларын, қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу және қабылдау;
Тармақша 115
115) пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілерін келісуі, оны пайдалану тәртібін және пошта операторының пошта төлемі белгілеріне қойылатын талаптарды айқындау;
Тармақша 116
116) пошта төлемi белгiлерiнiң мемлекеттiк коллекциясын қалыптастыру;
Тармақша 117
117) пошта төлемiнiң мемлекеттiк белгілерiн айналымға енгізуді жүзеге асыру;
Тармақша 118
118) Қазақстан Республикасы аумағында пошта саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыру;
Тармақша 119
119) филателиялық өнім ретінде пайдалану мақсатында пошта төлемінің мемлекеттік белгісін пошта айналымынан алуды жүзеге асыру;
Тармақша 120
120) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша үкiметтiк байланысты, шұғыл қызметтердің байланыс желілері мен құралдарын қоспағанда, байланыс желiлерi мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметiн тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, байланыс желілерін басқару;
Тармақша 121
121) іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне алып келетін лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi тиiсті жауаптылыққа тарту;
Тармақша 122
122) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (бар болса) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алуды және сақтауды ұйымдастыру;
Тармақша 123
123) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекіту;
Тармақша 124
124) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбасының төлнұсқалығын растау қағидаларын бекіту;
Тармақша 125
125) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасы сенім білдірілген үшінші тарапының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 126
126) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын қоспағанда, куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекіту;
Тармақша 127
127) объектілік сәйкестендіргіштердің қазақстандық сегментіндегі объектілік сәйкестендіргіштерді тіркеу, қайта тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту;
Тармақша 128
128) шет мемлекеттердің куәландырушы орталықтарының, сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату қағидаларын бекіту;
Тармақша 129
129) электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидаларын бекіту;
Тармақша 130
130) куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 131
131) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен олардың нормативтерін бекіту;
Тармақша 132
132) ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 133
133) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесінің ақпараттық жүйелермен ақпараттық өзара іс-қимылы қағидаларын бекіту;
Тармақша 134
134) куәландырушы орталықтың үлгілік ережесін бекіту;
Тармақша 135
135) ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларын бекіту;
Тармақша 136
136) «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына бекітілетін «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің тізбесін бекіту;
Тармақша 137
137) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту;
Тармақша 138
138) «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарды бекіту;
Тармақша 139
139) ақпараттандыру объектілерін сыныптау қағидаларын және ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышын бекіту;
Тармақша 140
140) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту;
Тармақша 141
141) «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын және оған қойылатын техникалық талаптарды бекіту;
Тармақша 142
142) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпаратпен толықтыру қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту;
Тармақша 143
143) Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту;
Тармақша 144
144) мемлекеттік органдардың архитектураларын әзірлеу, іске асырылуын қолдап отыру, мониторингтеу және дамыту қағидаларын бекіту;
Тармақша 145
145) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын бекіту;
Тармақша 146
146) инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 147
147) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
Тармақша 148
148) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу әдістемесін бекіту;
Тармақша 149
149) қызметтер көрсету мен олардың құнын айқындау тәртібін қоса алғанда, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларын бекіту;
Тармақша 150
150) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 151
151) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, олардың құрамы мен мерзімділігін бекіту;
Тармақша 152
152) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту;
Тармақша 153
153) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер каталогын бекіту;
Тармақша 154
154) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін тіркеу, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидаларын бекіту;
Тармақша 155
155) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту;
Тармақша 156
156) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 157
157) «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы әзірлеген ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті жобалауға арналған тапсырманы бекіту;
Тармақша 158
158) ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуына мониторингті, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңінде міндеттемелердің орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 159
159) ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға салалық қорытынды беру;
Тармақша 160
160) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп мәрте пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындау және пайдалану тәртібін бекіту;
Тармақша 161
161) сервистік интегратор қалыптастырған ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін келісуді жүзеге асыру;
Тармақша 162
162) әкімшілік рәсімге қатысушылардың мемлекеттік органдардың басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференц-байланыс немесе бейнежолданым арқылы жолданым беру тәртібін айқындау;
Тармақша 163
163) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту;
Тармақша 164
164) Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстері жөніндегi уәкiлеттi органмен бірлесіп бекіту;
Тармақша 165
165) есептілікті ұсыну қағидалары мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құру немесе дамытуға байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды бекіту;
Тармақша 166
166) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларын бекіту;
Тармақша 167
167) ақпараттандыру саласында инвестициялар тарту жүйесін және инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
Тармақша 168
168) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 169
169) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасын жетiлдiру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 170
170) мемлекеттік органдардың архитектурасын әзірлеуді үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 171
171) мемлекеттік органдардың архитектурасын іске асырудың мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 172
172) ақпараттандыру саласындағы инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне қорытынды беру;
Тармақша 173
173) ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған есеп-қисаптарын қарау және қорытындыларды беру;
Тармақша 174
174) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырманы келісу;
Тармақша 175
175) мемлекеттік органдар архитектурасының жобаларын келісу;
Тармақша 176
176) мемлекеттік органдар архитектураларының іске асырылуын қолдап отыруды ұйымдастыру;
Тармақша 177
177) «электрондық үкімет» ақпараттандыру объектілерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге қатысу;
Тармақша 178
178) өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптарын және құжаттар тізбесін бекіту;
Тармақша 179
179) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны «электрондық үкіметтің» веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидаларын бекіту;
Тармақша 180
180) «электрондық үкіметтің» веб-порталы және ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы көрсетілетін электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту;
Тармақша 181
181) көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру тәсілін айқындау үшін электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптау қағидаларын бекіту;
Тармақша 182
182) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерін, сондай-ақ олардың анықтығын тексеру тәртібін бекіту;
Тармақша 183
183) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидаларын бекіту;
Тармақша 184
184) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидаларын бекіту;
Тармақша 185
185) жылжымайтын мүлікке құқықтарды, оның ішінде жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органмен және оның ішінде жеделдетілген тәртіппен монополияға қарсы органмен келісу бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;
Тармақша 186
186) монополияға қарсы органмен және жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу органдарымен (тiркеушi органдар) келісу бойынша міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірме беру түрінде ақпараттық қызмет көрсету, өтініш берушінің кінәсінен жіберілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;
Тармақша 187
187) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;
Тармақша 188
188) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;
Тармақша 189
189) монополияға қарсы органмен және халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты, қордың қызметiн реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтердің бағаларын белгілеу;
Тармақша 190
190) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша зейнетақымен қамсыздандыру саласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;
Тармақша 191
191) монополияға қарсы органмен және бюджетке төленетін салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша бірыңғай жиынтық төлем шеңберінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларын белгілеу;
Тармақша 192
192) аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту;
Тармақша 193
193) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерге баға белгілеу тәртібін айқындау;
Тармақша 194
194) ақпараттық жүйелердегі өтініш беруші туралы мәліметтерді сәйкес келтіру мерзімдері мен қағидаларын бекіту;
Тармақша 195
195) ақпараттық жүйелердегі бірінші топтағы мүгедек туралы немесе оған күтімді жүзеге асыратын адам туралы мәліметтерді сәйкес келтіру мерзімдері мен қағидаларын бекіту;
Тармақша 196
196) Бірыңғай байланыс-орталығы қызметінің қағидаларын бекіту;
Тармақша 197
197) Бірыңғай байланыс-орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;
Тармақша 198
198) автоматтандырылуға жататын және жатпайтын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен бірлескен бұйрықты бекіту;
Тармақша 199
199) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту;
Тармақша 200
200) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту;
Тармақша 201
201) «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту;
Тармақша 202
202) мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық нысанын көздейтін мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуді жүзеге асыру;
Тармақша 203
203) проактивті көрсетілетін қызметтердің тізбесін және оларды көрсету тәртібін бекіту;
Тармақша 204
204) қызмет көрсетушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет сатысы туралы деректерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 205
205) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 206
206) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен және мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
Тармақша 207
207) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша азаматтардың дербес деректеріне қолжетімділігі бар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету процесіне қатысатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация қызметкерлерін тексеру қағидаларын бекіту;
Тармақша 208
208) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыруды ұйымдастыру;
Тармақша 209
209) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 210
210) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын айқындау әдістемесін бекіту;
Тармақша 211
211) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру тәртібін, ұсыну мерзімдерін және үлгілік нысандарын бекіту;
Тармақша 212
212) геодезия және картография саласында бiрыңғай мемлекеттiк және ғылыми-техникалық саясат жүргiзу;
Тармақша 213
213) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мүдделерiн ескере отырып, геодезиялық және картографиялық жұмыстардың, аэроғарыштық түсiрiлiм деректерi мен материалдарын дайындау, есепке алу, сақтау, көбейту және пайдалану тәртiбiн регламенттейтiн нұсқаулықтарды, нормалар мен қағидаларды бекiту;
Тармақша 214
214) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша аэротүсiру жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсаттарды тіркеу, есепке алу мен беру қағидаларын бекіту;
Тармақша 215
215) республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын топографиялқ-геодезиялық және картографиялық жұмыстар тізбесін бекіту;
Тармақша 216
216) геодезия және картография саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
Тармақша 217
217) Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинақтау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту;
Тармақша 218
218) геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларды бекіту;
Тармақша 219
219) бюджет қаражаты есебінен орындалатын аэротүсірілім, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың сметалық нормаларын, құнын, бағаларын бекіту;
Тармақша 220
220) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын межелеу мен шегендеуді жүргізуді техникалық қамтамасыз ету туралы қағидаларды бекіту;
Тармақша 221
221) бюджет қаражаты есебінен жасалатын картографиялық өнімді жаңартып отыру мерзімділігін бекіту;
Тармақша 222
222) бюджет қаражаты есебінен картографиялық өнімді жасау жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту;
Тармақша 223
223) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру, жаңартып отыру, пайдалану тәртібін регламенттейтін нұсқаулықтарды, қағидаларды бекіту;
Тармақша 224
224) салалық көтермелеу жүйесін бекіту;
Тармақша 225
225) конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту;
Тармақша 226
226) инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау;
Тармақша 227
227) Технологиялық саясат жөнiнде кеңес құру және оның ережесі мен құрамын бекіту;
Тармақша 228
228) салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту;
Тармақша 229
229) технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту;
Тармақша 230
230) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту;
Тармақша 231
231) инновациялық гранттар беру кезiнде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының қызметтерiне ақы төлеу тәртiбiн айқындау;
Тармақша 232
232) технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің көрсететін қызметтерін қоспағанда, осындай қызметтердің құнын айқындау қағидаларын бекіту;
Тармақша 233
233) тиісті салаға (мемлекеттік басқару саласына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен келісу бойынша индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын және венчурлік қорларды ортақ қаржыландыруды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйе субъектілерінің тізбесін бекіту;
Тармақша 234
234) технологиялық болжау жүргізу әдістемесін бекіту;
Тармақша 235
235) технологиялық болжауды тұрақты негiзде бес жылда кемінде бiр рет қорытындылар шығара отырып жүргiзу;
Тармақша 236
236) инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, инновациялық гранттар беру;
Тармақша 237
237) технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтымен жасалатын шарт негiзiнде инновациялық гранттар беруге қаражат бөлу;
Тармақша 238
238) сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымының және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу;
Тармақша 239
239) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 240
240) тиісті кезеңге арналған Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы жоспарын және тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жоспарын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 241
241) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жедел орталықтары мен Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы арасындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасу қағидаларын бекіту;
Тармақша 242
242) ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидаларын келісу;
Тармақша 243
243) фискалдық деректер операторын тiзбеге (тізбеден) қосу (алып тастау) тәртібін, сондай-ақ фискалдық деректердің әлеуеттi операторына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын келісу;
Тармақша 244
244) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) және олармен үлестес заңды тұлғалардың технологиялар мен инновацияларды дамыту бөлігінде даму стратегиялары мен жоспарларын келісу;
Тармақша 245
245) мемлекеттік органдардың функцияларын іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, өңдеу, сақтау, беру жөніндегі қағидаларды бекіту;
Тармақша 246
246) электрондық өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 247
247) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді қоса алғанда, электрондық өнеркәсіп саласындағы жобалар мен бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 248
248) электрондық өнеркәсіп саласындағы салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
Тармақша 249
249) электрондық өнеркәсіп саласындағы жобалардың салалық сараптамасын жүзеге асыру;
Тармақша 250
250) электрондық өнеркәсіп саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру;
Тармақша 251
251) электрондық өнеркәсіптің сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымының және өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіптің сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымының және өнімінің тізіліміне электрондық өнеркәсіптің сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымын және өнімін енгізу жөніндегі өлшемшарттарды бекіту;
Тармақша 252
252) мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың біріздендірілген жұмыс орнына немесе терминалды жүйесіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің құрауыштарын біріздендіру жөніндегі талаптарды бекіту;
Тармақша 253
253) көмірсутектерді және уранды өндіру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, көмірсутектерді және уран өндіру саласындағы цифрландыру жобаларын алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қаржыландыру қағидаларын бекіту;
Тармақша 254
254) ұлттық басқарушы холдингтермен, ұлттық холдингтермен, ұлттық компаниялармен және олармен үлестес заңды тұлғалармен технологиялық меморандумдар жасасу және сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындау;
Тармақша 255
255) тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 256
256) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесудің орындалған бағдарламалары бойынша есептерді бекіту;
Тармақша 257
257) уәкілетті органға тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі шараларды іске асыру туралы ақпаратты ұсыну;
Тармақша 258
258) тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды әдіснамалық қамтамасыз ету;
Тармақша 259
259) тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды ынталандыру жөніндегі шараларды жоспарлау, іске асыру;
Тармақша 260
260) тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі бағдарламаны іске асыруға қатысу;
Тармақша 261
261) тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылу мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 262
262) цифрлық құжаттар сервисін қолдана отырып, электрондық құжаттарды қалыптастыру, тексеру және пайдалану қағидаларын бекіту;
Тармақша 263
263) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде оларды биометриялық сәйкестендіру үшін жеке тұлғалардың биометриялық деректерін жинау, өңдеу және сақтау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 264
264) куәландырушы орталықта электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттерін жасау, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту;
Тармақша 265
265) цифрлық майнингті жүзеге асыру жөніндегі қызмет туралы ақпарат беру тәртібін айқындау;
Тармақша 266
266) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару және олардың айналымы тәртібін бекіту;
Тармақша 267
267) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің және «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту;
Тармақша 268
268) дербес деректерді жинау, өңдеу қағидаларын бекіту;
Тармақша 269
269) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуді зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
Тармақша 270
270) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттандыру объектілерінде қамтылған электрондық ақпараттық ресурстарды жасау, іздеу, жинау, жинақтау, сақтау, өңдеу, алу, пайдалану, өзгерту, көрсету, тарату және беру бөлігінде іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 271
271) қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ашық деректердің интернет-порталында мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінде қамтылған деректерді кейіннен орналастыру мақсатында оларға талдау жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 272
272) белгіленген құзырет шеңберінде тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 273
273) ғарыш қызметі саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;
Тармақша 274
274) техникалық реттеу саласында сараптама кеңестерін құру;
Тармақша 275
275) техникалық реттеу саласындағы сараптама кеңестерінің құрамын және олар туралы ережелерді бекіту;
Тармақша 276
276) техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және орындау;
Тармақша 277
277) ғарыш қызметi саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру;
Тармақша 278
278) техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу туралы ұсыныстар дайындау және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізу;
Тармақша 279
279) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға жататын қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 280
280) өз құзыретi шегiнде техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 281
281) Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерді орындау;
Тармақша 282
282) ішкі істер органдарымен, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдармен және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметі туралы үлгілік ережені, сондай-ақ Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметі мен Қазақстан Республикасының аумағындағы кезекшілік диспетчерлік қызметтердің жұмысын үйлестіру қағидаларын бекіту;
Тармақша 283
283) ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 284
284) ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру;
Тармақша 285
285) ғарыш объектiлерiнiң тiркелiмiн жүргiзу;
Тармақша 286
286) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғарыш айлағы персоналының, Байқоңыр қаласы тұрғындарының, лауазымды адамдардың, делегациялардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, туристердің, қалаға жеке істері бойынша келетін азаматтардың – Қазақстан Республикасы азаматтарының және Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының қарамағындағы «Байқоңыр» кешенiнiң объектiлерiне кiруiне рұқсат беру туралы шешiм қабылдау;
Тармақша 287
287) Ресей Федерациясы жалға алған «Байқоңыр» кешенiндегi объектiлердiң сақталуын және пайдаланылу шарттарын бақылауды жүзеге асыруға қатысу;
Тармақша 288
288) ғарыш қызметiн жүзеге асыру кезiнде өз құзыретi шегiнде iздестiру, авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ аварияларды тергеп-тексеруге қатысу;
Тармақша 289
289) ғарыш қызметi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 290
290) Қазақстан Республикасы үшiн жасалатын ғарыш техникасы өндiрiсiне арналған мемлекеттiк тапсырмалардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 291
291) ғарыштық орналастыруды және қашықтан зондтаудың (ғарыш мониторингінің) бақылау құралдарын пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау жүйесiнің жұмыс істеуін ұйымдастыру;
Тармақша 292
292) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, қоршаған ортаны қорғау, тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, су объектілеріне мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 293
293) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, қоршаған ортаны қорғау, тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, су объектілеріне мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру әдістемесін тұжырымдау;
Тармақша 294
294) «Байқоңыр» кешенiнiң зымыран-ғарыш қызметiнің әсеріне ұшырайтын аумақтарда қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау жүйесiнің жұмыс істеуін ұйымдастыру;
Тармақша 295
295) Қазақстан Республикасының аумағынан, сондай-ақ ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушылар жүзеге асыратын жағдайда одан тыс жерлерде ғарыш объектілерін ұшыру туралы шешімдерді келісу және қабылдау тәртібін әзірлеу;
Тармақша 296
296) 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы «Байқоңыр» кешенiн жалға беру шарты бойынша жұмыстарды үйлестiрудi жүзеге асыру;
Тармақша 297
297) ғарышкерлікке үміткерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және үйлестіру, сондай-ақ ғарыш қызметі саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;
Тармақша 298
298) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 299
299) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен телекоммуникация желілерінің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін анықтау, талдау және болдырмау бөлігінде ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 300
300) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің тізбесін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлеу;
Тармақша 301
301) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы халықты хабардар ету, насихаттау және қарсы насихаттау қызметін жүргізу;
Тармақша 302
302) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды әзірлеу;
Тармақша 303
303) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтар нәтижелері бойынша акт беру;
Тармақша 304
304) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 305
305) Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде орындау үшін ұйғарымдар беру;
Тармақша 306
306) Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қоюдың дағдарысқа қарсы ұлттық жоспарын әзірлеу;
Тармақша 307
307) мемлекеттік техникалық қызмет сараптамаларының негізінде инвестициялық ұсыныстарға және бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қорытындылар беру, сондай-ақ мемлекеттік техникалық қызмет сараптамаларының негізінде «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмалардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін келісу;
Тармақша 308
308) электрондық ақпараттық ресурстарды алу, көшiрмесін түсіру, тарату, түрлендіру, жою немесе бұғаттау бойынша құқыққа сыйымсыз әрекеттердi болдырмауды қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауiпсiз пайдалану мәселелерiнде ақпараттандыру объектілерінің меншiк иелерiне, иеленушілері мен пайдаланушыларына жәрдемдесуді ұйымдастыру;
Тармақша 309
309) құзыреті шегінде табиғи монополиялар салаларында реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 310
310) арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексерулер жүргізу үшін қызметтік куәлікті не сәйкестендіру картасын көрсету арқылы кіру;
Тармақша 311
311) радиожиілік спектрін бөліп беру және пайдалану мәселелері, радиоэлектрондық құралдар мен жоғарғы жиiлiктi құрылғыларды пайдалану жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi өз құзыреті шегінде әзірлеу;
Тармақша 312
312) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау;
Тармақша 313
313) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиiлiктi құрылғылар үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттар беру;
Тармақша 314
314) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қауіп төндірген жағдайда, сондай-ақ аса маңызды жұмыстар мен іс-шараларды орындаған кезде оларды пайдалануды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұру;
Тармақша 315
315) радиоэлектрондық құралдарға, оның ішінде халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдарына радиобөгеуілдерді жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
Тармақша 316
316) азаматтық мақсаттағы иелікке берілген радиожиiлiктер белдеулерiнің электрондық дерекқорын жүргізу;
Тармақша 317
317) нөмірлеудің бөлінген және резервтік ресурстарының тізілімін жүргізу;
Тармақша 318
318) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беруді жүзеге асыру;
Тармақша 319
319) Қазақстан Республикасындағы электромагниттік жағдайды көрсететін радиожиілік спектрінің республикалық дерекқорын жүргізу;
Тармақша 320
320) импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар беру; 321) азаматтық мақсаттағы, оның ішінде ішіне орнатылған не басқа тауарлардың құрамына кіретін радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың импортына лицензиялар беру;
Тармақша 322
322) ұлттық ресурстардың және байланыс операторларының тізілімін жүргізу;
Тармақша 323
323) азаматтық пайдаланушыларға жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) бөлу, иелікке беру (тағайындау), шақыру сигналын иелікке беруді қоса алғанда, кеме станциясына рұқсаттар беру;
Тармақша 324
324) радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны туралы хабарлама болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;
Тармақша 325
325) бөлінетін жиілік белдеулерінің, радиожиіліктердің (радиожиілік арналарын) техникалық сараптамасы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 326
326) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызмет көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;
Тармақша 327
327) байланыс саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде нұсқамалар жіберу;
Тармақша 328
328) байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 329
329) Халықаралық электр байланыс одағының радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиіліктерді халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды орындау;
Тармақша 330
330) байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу;
Тармақша 331
331) ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу;
Тармақша 332
332) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс желілері мен арналарын, кабельдік кәріздердегі арналар мен алаңдарды беру бағаларын (тарифтерін) реттеу;
Тармақша 333
333) телекоммуникация желілерінде Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 334
334) Ұлттық пошта операторының пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін жүзеге асыруы кезінде оның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 335
335) Қазақстан Республикасының пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөніндегі заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 336
336) мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілеу;
Тармақша 337
337) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 338
338) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізу;
Тармақша 339
339) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 340
340) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптары бұзылғаны анықталған кезде ұйғарымдар беру;
Тармақша 341
341) ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысу;
Тармақша 342
342) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды беру;
Тармақша 343
343) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 344
344) геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiнiң қызметiн үйлестiру;
Тармақша 345
345) геодезиялық пункттердi бұзу немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсат беру;
Тармақша 346
346) мемлекеттiк, арнаулы және (немесе) салалық мақсаттағы геодезиялық және картографиялық жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру;
Тармақша 347
347) мемлекеттiк геодезиялық бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 348
348) геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiндегi жергiлiктi жердiң геодезиялық және картографиялық тұрғыдан зерделенгендiгi туралы мәлiметтер беру;
Тармақша 349
349) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес геодезиялық өлшеу құралдарының бiрлiгi мен дәлдiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру;
Тармақша 350
350) геодезиялық және картографиялық қызметті мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 351
351) геодезиялық және картографиялық жұмыстарды ұйымдастыру мен орындау тәртiбiнiң анықталған бұзылуын жоюды, сондай-ақ аталған жұмыстарды немесе аэроғарыштық түсiрiлiм жүргiзу нәтижесiнде алынған геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректердi топтастыруды, есепке алуды, сақтауды, пайдалануды және iске асыруды талап ету;
Тармақша 352
352) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының геодезия және картография саласындағы заңнамасының бұзылу фактiлерi анықталған кезде геодезиялық және картографиялық жұмыстарды тоқтата тұру;
Тармақша 353
353) геодезиялық пункттердi есепке алу және олардың сақталуын қамтамасыз етудi бақылау;
Тармақша 354
354) геодезиялық және картографиялық қызметтің басталғаны туралы хабарлама берген субъектілердің тізілімін жүргізу;
Тармақша 355
355) аэротүсiру жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсаттарды тіркеуді, есепке алуды және беруді жүзеге асыру;
Тармақша 356
356) техникалық реттеу саласындағы, өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде геодезиялық және картографиялық жабдықтарға, аспаптар мен саймандарға метрологиялық бақылау жүргiзу;
Тармақша 357
357) Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық геодезиялық қорының материалдары мен деректерiн қайтару мерзiмiн белгiлеу;
Тармақша 358
358) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен өзара келісілген жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесіндегі геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыру;
Тармақша 359
359) мемлекеттік геодезиялық желіні құру және дамыту;
Тармақша 360
360) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету;
Тармақша 361
361) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің қызметін үйлестіру;
Тармақша 362
362) электрондық нысанда және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 363
363) құзыреті шегінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін тексеруді жүзеге асыру;
Тармақша 364
364) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 365
365) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін және олардың қызмет көрсетушілермен өзара іс-қимылын үйлестіру;
Тармақша 366
366) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 367
367) Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
Тармақша 368
368) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу;
Тармақша 369
369) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін әзірлеуді және жүргізуді жүзеге асыру;
Тармақша 370
370) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуді жүзеге асыру;
Тармақша 371
371) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша орталық мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг жүргізу;
Тармақша 372
372) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 373
373) меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру тәртібін әзірлеу;
Тармақша 374
374) дербес деректер субъектісі дербес деректер мазмұнының және оларды өңдеу тәсілдерінің оларды өңдеу мақсаттарына сәйкестігі туралы өтініштерін қарау және тиісті шешім қабылдау;
Тармақша 375
375) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерді әзірлеу;
Тармақша 376
376) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзуға жол берген тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қабылдау;
Тармақша 377
377) меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан анық емес немесе заңсыз жолмен алынған дербес деректерді нақтылауды, бұғаттауды немесе жоюды талап ету;
Тармақша 378
378) субъектілер құқықтарын қорғауды жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 379
379) меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін айқындау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 380
380) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде және Қазақстан Республикасы Министрінің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Министрдің мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Министрдің мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Министрлікті Министр басқарады, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Министр Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Министрдің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Министрдің өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) реттелетiн саладағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейді;
Тармақша 2
2) өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындайды;
Тармақша 3
3) ведомстволар актiлерiнiң қолданылуын толық немесе iшiнара тоқтатады немесе тоқтата тұрады;
Тармақша 4
4) Министрлік атынан Қазақстан Республикасының Парламентiнде, мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда өкілдік етеді;
Тармақша 5
5) Министрліктің жұмыс регламентiн бекiтедi;
Тармақша 6
6) Министрлікке келiсуге келiп түскен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын келiседi және қол қояды;
Тармақша 7
7) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
Тармақша 8
8) Үкімет тиісті шешім қабылдаған жағдайда жарғылық капиталына мемлекет қатысатын коммерциялық ұйымның басшылық органының немесе қадағалау кеңесінің құрамына кіреді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Министр болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Министр өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейді.
Тармақ 21
21. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
Тарау 4. 4-тарау. Министрліктің мүлкі
4-тарау. Министрліктің мүлкі
Тармақ 22
22. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. Министрлікке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрліктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесi
25. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Акционерлік қоғамдар
Тармақша 1
1) «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамы;
Тармақша 2
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қолданбалы математика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Акционерлік қоғамдар
Тармақша 1
1) «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамы;
Тармақша 2
2) «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамы;
Тармақша 3
3) «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
Тармақша 4
4) «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамы. Республикалық мемлекеттік кәсіпорын Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Инфракос» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Ғалам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Республикалық мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Байқоңырбаланс» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті Республикалық мемлекеттік мекемелер
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 4
4) «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 5
5) «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 6
6) «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны. ________________________________