О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2019 года № 501 «О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 17 июня 2019 года № 24 «О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгеріс пен
толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
мынандай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және шаралар қабылдау;»;
367-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«367-2) әкімшілік органдардың байланыс-орталықтарының жеке және заңды тұлғаларды хабардар ету және олардың жұмысын ұйымдастыру жөніндегі үлгілік талаптарды іске асыру бойынша жұмысты үйлестіру;».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.