О внесении изменений и дополнений в решение акима Жетысуского района города Алматы от 12 апреля 2019 года №03 «Об образовании избирательных участков по Жетысускому району города Алматы» Қолданыста
Басқа 0
Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 03 «Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің «Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 03 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1546 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасында:
Тармақша 1
1) № 341, 342, 346, 347 сайлау учаскелерінің шекаралары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес өзгертілсін;
Тармақша 2
2) жаңадан ашылған № 675, 676 сайлау учаскелері осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы шешімді ресми жарияланған кейін Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Алматы қаласы
аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
А. Қалықова
Басқа 1
Алматы қаласы
Жетісу ауданы әкімінің
2025 15 желтоқсандағы
№ «4» шешіміне
1 қосымша
№ 341 сайлау учаскесі (орталығы: «№ 102 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Потанин көшесі, № 226 үй)
Шекаралары: Герцен көшесінен батысқа қарай Баянауыл көшесінің солтүстік жағымен Сүйінбай даңғылына дейін; Сүйінбай даңғылының шығыс жағымен Рысқұлов даңғылына дейін; Рысқұлов даңғылының оңтүстік жағымен шығысқа қарай Герцен көшесіне дейін; Герцен көшесінің батыс жағымен оңтүстікке қарай Баянауыл көшесіне дейін.
№ 342 сайлау учаскесі (орталығы: «№ 102 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Потанин көшесі, № 226 үй)
Шекаралары: Герцен көшесінен оңтүстікке қарай шығыс жағымен Баянауыл көшесіне дейін; Баянауыл көшесінен шығысқа қарай солтүстік жағымен Жетісу көшесіне дейін; Жетісу көшесінен солтүстікке қарай батыс жағымен одан әрі Гурьевская, Айтықов көшесімен Рысқұлов даңғылына дейін; Рысқұлов даңғылынан оңтүстік жағымен батысқа қарай Герцен көшесіне дейін.
№ 346 сайлау учаскесі (орталығы: «№ 101 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Жансүгіров көшесі, № 352 үй)
Шекаралары: Сұлтанқарасу өзенінен Бурундай көшесімен оңтүстікке қарай Жансүгіров көшесіне дейін; Жансүгіров көшесінің батыс жағымен Палладин көшесіне дейін; Жансүгіров көшесінен Палладин көшесінің солтүстік жағымен Айнабұлақ-3 шағынауданының шығыс шекарасына дейін; Айнабұлақ-3 шағынауданының шекарасы бойымен солтүстікке қарай Ермолова көшесіне дейін; Ермолова көшесінің батыс жағымен Мещерский көшесіне дейін; Мещерский көшесімен одан әрі Сұлтанқарасу өзенінің бойымен Бурундайская көшесіне дейін.
№ 347 сайлау учаскесі (орталығы: «№ 101 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Жансүгіров көшесі, № 352 үй)
Шекаралары: Палладин көшесі 110/1 үйден Айнабұлақ-3 шағынауданы шекарасының шығыс жағымен, Палладин көшесі 174 үйге дейін; Палладин көшесі 174 үйден солтүстік жағымен одан әрі шығысқа қарай Анна Никольская көшесімен Жансүгіров көшесіне дейін; Жансүгіров көшесінен батыс жағымен солтүстікке қарай Жансүгіров көшесі 392 үйге дейін; Жансүгіров көшесі 352 үйден оңтүстік жағымен батысқа қарай Палладина көшесі 110/1 үйге дейін.
Басқа 2
Алматы қаласы
Жетісу ауданы әкімінің
2025 жылғы
15 желтоқсандағы
№ «4» шешіміне
2 қосымша
№ 675 сайлау учаскесі (орталығы: «№ 102 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Потанин көшесі, № 226 үй)
Шекаралары: Бондаренко көшесінен Жангелдин көшесінің шығыс жағымен Баянауыл көшесіне дейін; Баянауыл көшесінен оңтүстік жағымен Қыдырбекұлы көшесіне дейін; Қыдырбекұлы көшесінің батыс жағымен Леваневский көшесіне дейін; Леваневский көшесінен Шерхан Мұртаза көшесіне дейін; Шерхан Мұртаза көшесінің батыс жағымен Бондаренко көшесіне дейін; Бондаренко көшесінің солтүстік жағымен Жангелдин көшесіне дейін.
№ 676 сайлау учаскесі (орталығы: «№ 101 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Жансүгіров көшесі, № 352 үй)
Шекаралары: Палладин көшесі 184 үйден бастап Айнабұлақ шағынауданының шығыс шекарасы бойымен Мағжан Жұмабаев көшесіне дейін; Мағжан Жұмабаев көшесінен солтүстік жағымен шығысқа қарай Мұқатай Беспаков көшесіне дейін; Мұқатай Бепаков көшесінен шығыс жағымен оңтүстікке қарай Омаров көшесіне дейін; Омаров көшесінен солтүстік жағымен шығысқа қарай Жансүгіров көшесіне дейін; Жансүгіров көшесінен батыс жағымен Анна Никольская көшесіне дейін; Анна Никольская көшесінен оңтүстік жағымен батысқа қарай, одан кейин Сельская көшесінен Палладина көшесі 184 үйге дейін.