О внесении изменений в постановление акимата города Шымкент от 12 августа 2020 года № 473 «Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения первому заместителю, заместителям акима города Шымкент, руководителю аппарата акима города Шымкент, акимам Абайского, Аль-Фарабийского, Енбекшинского, Каратауского районов города Шымкент и его описания» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 473 «Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарына, орынбасарларына, қала әкімінің аппарат басшысына, Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдеріне қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 473 «Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарына, орынбасарларына, қала әкімінің аппарат басшысына, Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдеріне қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 118 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының 1-қосымшасымен бекітілген Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарына, орынбасарларына, қала әкімінің аппарат басшысына, Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдеріне қызметтік куәлікті беру қағидаларының 3-тармағының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді; көрсетілген қаулының 2-қосымшасымен бекітілген Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарына, орынбасарларына, қала әкімінің аппарат басшысына, Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдеріне қызметтік куәлігінің сипаттамасының 1 және 2-тармақтарының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі 1- тармақ мәтіні өзгермейді, 2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақ 2
«2. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында (бүктелген түрінде) алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен «ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ» типографиялық қаріппен жазба мемлекеттік тілде орындалған.».
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.