О снятии карантина и признании утратившим силу решения акима Жайсанбайского сельского округа Иргизского района Актюбинской области от 12 октября 2021 года № 18 «Об установлении карантин» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Карантинді алу және Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 12 қазандағы «Карантин белгілеу туралы» № 18 шешімінің күші жойылды деп тану туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Ырғыз ауданының прокуратурасының 2026 жылғы 06 наурыздағы № 2-0305-26-00211 наразылығы негізінде, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Мүйізді ірі қара малдары арасынан анықталған қарасан ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі Жайсаңбай ауылының «Шөкелбай» қыстағында орналасқан «Мұқасан» шаруа қожалығына белгіленген карантин алынсын.
Тармақ 2
2. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 12 қазандағы «Карантин белгілеу туралы» № 18 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.