О внесении изменения в решение Аральского районного маслихата от 12 февраля 2021 года №13 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арал аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 ақпанындағы № 13 «Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларын бекiту туралы» шешiмiне өзгеріс енгiзу туралы Арал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Арал аудандық мәслихатының «Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларын бекiту туралы» 2021 жылғы 12 ақпанындағы №13 шешiмiне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №8160 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгiзiлсiн: көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында: 7-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «2) өмірлік қиын жағдайға тап болғандар, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі деп танылған азаматтарға (отбасыларға): туберкулез ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, ай сайын 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; апластикалық анемиямен диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай 7,6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; санаторий-курорттық емделу қызметіне бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдармен ілесіп жүретін адамдарға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай Үлгілік қағидалардың 13-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса ұсына отырып, өтініш негізінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі; диспансерлік есепте тұрған адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде ай сайын тағайындалады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.