О внесении изменения и дополнений в решение маслихата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 12 августа 2022 года № 17-3 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Аккайынском районе» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2022 жылғы 12 тамыздағы № 17-3 «Аққайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының «Аққайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2022 жылғы 12 тамыздағы № 17-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29128 болып тіркелген) келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Аққайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде: 1-тармақта: бесінші абзац жаңа редакцияда жазылсын: «Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде.»; мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 6-1
«6-1. Уәкілетті орган тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде тұрғын үй көмегін көрсетуден бас тартады.»; мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 10
«10. Тұрғын үй көмегі келесі жағдайларда тоқтатылады:
Тармақша 1
1) алушының қайтыс болуы;
Тармақша 2
2) алушының Аққайың ауданынан тыс тұрақты тұруға шығуы;
Тармақша 3
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберу;
Тармақша 4
4) өтініш беруші ұсынған дұрыс емес мәліметтерді анықтау.»; мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 11
«11. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де тәртіппен қайтарылуға жатады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.