О внесении изменения в решение Зайсанского районного маслихата от 12 декабря 2022 года №26-2/4 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Зайсанского районного маслихата» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Зайсан аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Зайсан аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 желтоқсандағы №26-2/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Зайсан аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Зайсан аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 желтоқсандағы №26-2/4 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: аталған шешімнің кіріспе бөлімі жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 33 бабының 5 тармағына және «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16299 болып тіркелген) сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі