О признании утратившим силу приказа Министра промышленности и строительства Республики Казахстан «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан, его ведомств и их территориальных подразделений» от 12 декабря 2023 года № 122 Қолданыста
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 122 бұйрығының күшін жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 122 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Кадр қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жіберуді және Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.