О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 12 июня 2023 года № 131 «Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима» Күшін жойған
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 маусымдағы №131 «Карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2025 жылғы 15 қаңтардағы №4-13/25 ұсынысы негізінде, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 маусымдағы №131 «Карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы» қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының 1, 3, 5-қосымшалары осы қаулының 1, 2, 3 - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Карантиндік арамшөп – жатаған (қызғылт) (Acroptilon repens D.C.)
укекіре бойынша залалданған алаңдардың көлемінде Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік режим енгізілген карантиндік аймақ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2025 жылғы «__» қаңтардағы
№ __ қаулысына 1-қосымша
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2023 жылғы 12 маусымдағы №131 қаулысымен бекітілген
Карантиндік арамшөп – жатаған (қызғылт) (Acroptilon repens D.C.)
укекіре бойынша залалданған алаңдардың көлемінде Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік режим енгізілген карантиндік аймақ
№
Ауданның (қаланың) атауы
Залалдану алаңы (гектар)
Ошақ алаңы (гектар)
1
Ақжайық
2643,6
158,6
2
Бәйтерек
27002
289,6
3
Бөрлі
7293
33,95
4
Жәнібек
354
35
5
Казталов
97
41
6
Сырым
9630
253,23
7
Тасқала
8742,4
39,03
8
Теректі
51820,1
262,82
9
Шыңғырлау
1587,4
26,11
10
Орал қаласы
8556,7
37,8
Облыс бойынша
117726,2
1177,14
Басқа 8. Карантиндік арамшөп – арам сояу (Cuscuta sp.sp) бойынша залалданған алаңдардың көлемінде Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік режим
енгізілген карантиндік аймақ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2025 жылғы «__» қаңтарғы
№ __ қаулысына 2-қосымша
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2023 жылғы 12 маусымдағы №131 қаулысымен бекітілген
Карантиндік арамшөп – арам сояу (Cuscuta sp.sp) бойынша залалданған алаңдардың көлемінде Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік режим
енгізілген карантиндік аймақ
№
Ауданның (қаланың) атауы
Залалдану алаңы (гектар)
Ошақ алаңы (гектар)
1
Бөрлі
294,5
2,4064
2
Сырым
75
0,0033
3
Теректі
72
0,15
4
Шыңғырлау
152
0,12
5
Орал қаласы
26,1
1,3
Облыс бойынша
619,6
3,9797
Басқа 9. Орманның карантиндік зиянкесі – қауын шыбыны
(Myiopardalis pardalina (Bigot)) бойынша залалданған алаңдардың көлемінде
Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік режим енгізілген карантиндік аймақ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2025 жылғы «__» қаңтардағы
№ __ қаулысына 3-қосымша
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2023 жылғы 12 маусымдағы №131 қаулысымен бекітілген
Орманның карантиндік зиянкесі – қауын шыбыны
(Myiopardalis pardalina (Bigot)) бойынша залалданған алаңдардың көлемінде
Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік режим енгізілген карантиндік аймақ
№
Ауданның атауы
Залалдану алаңы (гектар)
Ошақ алаңы (гектар)
1
Бәйтерек
3,0
3,0
Облыс бойынша
3,0
3,0