О внесении дополнения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 12 мая 2023 года № 344 «Об утверждении Правил безопасности на городском рельсовом транспорте» Қолданыста
Басқа 0
«Қалалық рельсті көліктегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 344 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қалалық рельсті көліктегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 344 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32482 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалалық рельсті көліктегі қауіпсіздік қағидаларында:
13-тармақ мынадай мазмұндағы 35) тармақшамен толықтырылсын:
«35) ҚРК жолдарындағы жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығып кету.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі