«О признании утратившим силу постановления акимата Коксуского района от 12 октября 2023 года № 387 «Об утверждении коэффициентов зонирования, учитывающие месторасположение объекта налогообложения в населенных пунктах Коксуского района» Қолданыста
Басқа 0
Көксу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 12 қазандағы
«Көксу ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы»
№ 387 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 529-бабының 6-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Көксу ауданы әкімдігінің Көксу ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» 2023 жылғы 12 қазандағы № 387 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі № 187144, Әділет органдарында НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі 73-19 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын;
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін;
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2026 жылдың 1қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.