О внесении изменения в решение Кокпектинского районного маслихата от 12 июля 2023 года № 4-5/5 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Кокпектинскому району» Күшін жойған
Басқа 0
Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 шілдедегі № 4-5/5 «Көкпекті ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Көкпекті аудандық мәслихатының «Көкпекті ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2023 жылғы 12 шілдедегі № 4-5/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 103-18 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспе келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.