О внесении изменений и дополнений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 12 января 2024 года № 10 «Об утверждении положения государственного учреждения «Управление по делам религий Восточно-Казахстанской области» Қолданыста
Басқа 0
«Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 12 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Занының 65-бабының 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 12 қаңтардағы №10 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін:
8 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Басқарманың орналасқан жері: 070004, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Борис Керімбаев көшесі, 19»;
14-тармақ мынадай мазмұндағы 17), 18), 19) тармақшалармен толықтырылсын:
«17) орган жұмысының тиімділігін арттыру үшін цифрлық технологияларды қолдануды қамтамасыз етеді;
18) ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтайды және ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттаманың талаптарын орындайды;
19) аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыруға және инвестиция тартуға ықпал етеді.».
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің дін істері мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.