О внесении дополнений в постановление акимата города Павлодара от 12 февраля 2024 года № 160/1 «Об определении и утверждении мест и маршрутов размещения нестационарных торговых объектов на территории города Павлодара» Күшін жойған
Басқа 0
Павлодар қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 12 ақпандағы
«Павлодар қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы» № 160/1 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 12 ақпандағы «Павлодар қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы» № 160/1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7478-14 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
27
Павлодар қаласы, жаңа Жағалау, «Ertis Promenade» сахнасының сол жағында
1440
«Светофор»
дүкені
бөлшек сауда
(азық-түлік/азық-түлік емес тауарларын сату)
5
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру маршрутымен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3. Жана Жағалау, «Ertis Promеnade» сахнасының сол жағында
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қаласы әкімінің
2024 жылғы 28 маусымдағы
№ 835/1 қаулысына
қосымша
Жана Жағалау, «Ertis Promеnade» сахнасының сол жағында