О внесении изменения в решение Алтынсаринского районного маслихата Костанайской области от 12 апреля 2024 года № 72 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Қолданыста
Басқа 0
Қостанай облысы Алтынсарин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 72 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы Алтынсарин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 72 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10202-10 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6 - тармақтың 11) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға табыстарын есепке алмағанда, бір мезгілде 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.