О внесении изменения в решение акима Бурабайского района от 12 августа 2024 года № 9 «Об образовании избирательных участков» Қолданыста
Басқа 0
«Сайлау учаскелерін құру туралы» Бурабай ауданы әкімінің 2024 жылғы 12 тамыздағы № 9 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республиканың Конституциялық Заңына сәйкес Бурабай ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Сайлау учаскелерін құру туралы» Бурабай ауданы әкімінің 2024 жылғы 12 тамыздағы № 9 (Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 12 тамызда № 8819-03 болып тіркелді) шешімінің 1-қосымшасына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Тармақ 2
2. Успеноюрьев ауылдық округінің Райгородок ауылының шекараларында үздіксіз жұмыс істейтін кәсіпорында сайлау учаскесі құрылсын:
Тармақша 1
1) вахталық әдіспен жұмыс істейтін сайлаушылар үшін «RG Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимаратында.
Тармақ 3
3. Сайлау учаскелерінің мекенжайлары өзгертілсін:
Тармақша 1
1) № 345 Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Қарабауыр ауылы, Мұхтар Әуезов көшесі, 2, «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Қарабауыр ауылының бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты мекенжайынан Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Қарабауыр ауылы, Бейімбет Майлин көшесі, 1/1, дәрігерлік амбулатория ғимараты мекенжайына;
Тармақша 2
2) № 349 Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Шиелі ауылы, Школьная көшесі, 7, мекенжайына әкімшілік ғимараты мекенжайынан Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Шиелі ауылы, Школьная көшесі, 8, ауылдық клуб ғимараты мекенжайына;
Тармақша 3
3) № 356 Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Қымызынай ауылы, Абай көшесі, 11/1, «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Қымызнай ауылының бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты мекенжайынан Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Қымызынай ауылы, Абай көшесі, 10а, Демалыс орталығының ғимараты мекенжайына;
Тармақша 4
4) № 362 Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Қатаркөл ауылы, Ленин көшесі, 29, «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Қатаркөл ауылының Досов атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты мекенжайынан Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Қатаркөл ауылы, Ленин көшесі, 36, Мәдениет үйінің ғимараты мекенжайына.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бурабай ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Бурабай аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы
Төраға Абдилова К. Б.______________
"____"__________2026 жыл