О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 12 августа 2025 года № 10 «Об утверждении Правил выплаты средств физическому лицу, включенному в перечень организаций и лиц, связанных с финансированием терроризма и экстремизма, для обеспечения своей жизнедеятельности и признании утратившими силу некоторых нормативных правовых актов» Қолданыста
Басқа 0
«Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу қағидаларын бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілерді күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 12 тамыздағы № 10 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу қағидаларын бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілерді күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 12 тамыздағы № 10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36615 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді (бұдан әрі – Заң) және қаржы мониторингі субъектілерінің (бұдан әрі – ҚМС) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне (бұдан әрі – ТҚ тізбесі) енгізілген жеке тұлғаға өзінің және дербес кіріс көздері жоқ өз отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін қаражат төлеу тәртібін айқындайды, сондай-ақ терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен, және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбелеріне енгізілген тұлғаларға ақшаны және өзге де мүлікті беру кезіндегі талаптарды белгілейді.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 4-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшалары негізінде терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлғаларға қаражат төлеу тәртібі»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. ТҚ тізбесіне енгізілген жеке тұлға өзінің және дербес кіріс көздері жоқ отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында Занның 12-баптың 4-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша:
1) күнтізбелік ай ішінде отбасының әрбір мүшесіне шаққанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген еңбек демалысының төлемақысы немесе жалақының ең төмен мөлшерінен аспайтын мөлшердегі жалақы түрінде алынған;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы, қызметтік іссапарға арналған шығыстар, стипендия, жәрдемақы, өзге де әлеуметтік төлем түрінде алынған ақшамен немесе өзге мүлікпен операцияларды жүзеге асыру үшін ҚМС жүгінуге, сондай-ақ салықтар, коммуналдық және әлеуметтік төлемдер, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар мен айыппұлдар төлеуді жүргізуге;
3) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға байланысты ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операцияларды жүзеге асыру үшін ҚМС жүгінуге құқылы.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 4-тармағының 7) тармақшасы негізінде терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлғаларға қаражат төлеу тәртібі».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.