О внесении дополнений в постановление акимата Узункольского района от 12 февраля 2025 года № 18 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел культуры и развития языков акимата Узункольского района» Қолданыста
Басқа 0
«Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 12 ақпандағы № 18 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 12 ақпандағы № 18 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
15-тармақ келесі мазмұндағы 15), 16), 17), 18) тармақшалармен толықтырылсын:
«15) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізуді қамтамасыз ету;
16) бюджет қаражаты шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді қаржыландыруға арналған мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;
17) меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, мемлекеттік шығармашылық тапсырыс қызметтерін орындаушылардың түрлері мен типтеріне қарамастан балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
18) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың барлық кезеңдері мен рәсімдерін іске асыруды, оның сапасын бақылауды және электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда атаулы игеруді қамтмасыз етеді».
Тармақ 2
2. «Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру қамтамасыз етілсін;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдау.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімдіктің мүшелері:
________________ Н. Абилкаиров
________________ Т. Булатов
________________ А. Лагушина
________________ М. Сокитбаев
________________ К. Уразбаев
«Ұзынкөл ауданы әкімінің
аппараты» мемлекеттік
мекемесінің заң бөлімінің
басшысы
_____________________ Б. Октябр
«Ұзынкөл ауданы әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесінің
құжаттамалық қамтамасыз ету
бөлімінің басшысы
_____________________ Е. Савкина
Келісілді
«Ұзынкөл ауданы әкімдігінің
мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
басшысының міндетін уақытша
атқарушы
___________________ К. Капарова