О внесении дополнения в постановление акимата Узункольского района от 12 февраля 2025 года № 18 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел культуры и развития языков акимата Узункольского района» Қолданыста
Басқа 0
«Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 12 ақпандағы № 18 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 12 ақпандағы № 18 қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
«19) азаматтарды тіл қағидаты бойынша кемсітушілікке жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді».
Тармақ 2
2. «Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру қамтамасыз етілсін;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдау.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімдіктің мүшелері:
________________ Н. Абилкаиров
________________ Т. Булатов
________________ М. Сокитбаев
________________ К. Уразбаев
________________ А. Лагушина
«Ұзынкөл ауданы әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесінің
заң бөлімінің басшысы
______________________ Б. Октябр
«Ұзынкөл ауданы әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесінің
құжаттамалық қамтамасыз ету
бөлімінің басшысы
_____________________ Е. Савкина