О внесении изменения в решение Осакаровского районного маслихата от 12 февраля 2025 года № 30/290 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Қолданыста
Басқа 0
Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 12 ақпандағы
№ 30/290 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 12 ақпандағы № 30/290 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6714-09 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
8-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) ақшалай төлем түріндегі әлеуметтік көмек «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер негізінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға көрсетіледі.
төлем күнтізбелік жылда бір рет (ағымдағы жылдың қазан айындағы жағдай бойынша) әрбір балаға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүзеге асырылады;».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.