О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 12 августа 2025 года № 44/02 «О реализации пилотного проекта по размещению единого государственного заказа на дополнительное образование для детей (творческий и спортивный заказы, образовательный заказ на дополнительное образование) с учетом персонифицированного финансирования по получателям услуг» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Көрсетілетін қызметті алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, балаларға арналған қосымша білім беруге бірыңғай мемлекеттік тапсырысты (шығармашылық және спорттық тапсырыстар, қосымша білім беруге білім беру тапсырысы) орналастыру бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы» 2025 жылғы 12 тамыздағы № 44/02 Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Көрсетілетін қызметті алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, балаларға арналған қосымша білім беруге бірыңғай мемлекеттік тапсырысты (шығармашылық және спорттық тапсырыстар, қосымша білім беруге білім беру тапсырысы) орналастыру бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы» 2025 жылғы 12 тамыздағы № 44/02 Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының 9-тармағы келесі редакцияда жазылсын: «9. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.». көрсетілген қаулының 5-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Пилоттық жобаны іске асыру үшін бірыңғай мемлекеттік тапсырыс көлемі
Қарағанды облысы әкімдігінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 74/01 қаулысына қосымша Қарағанды облысы әкімдігінің 2025 жылғы «12» тамыздағы №44/02 қаулысына 5-қосымша Пилоттық жобаны іске асыру үшін бірыңғай мемлекеттік тапсырыс көлемі № Мемлекеттік мекеменің атауы Қаржыландыру көлемі 1. «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі 247 960 000 2. «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі 770 000 000 3. «Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі 545 600 000 БАРЛЫҒЫ: 1 563 560 000