Об утверждении Порядка розничной торговли алькогольной продукцией с объемным содержанием этилового спирта более 12 процентов на территории Алматинской области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.01.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облысы аумағында этил спиртінің кұлемдік құрамы 12 проценттен астам алкогольді өнімдерді б-лшек саудада сату тәртібін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 09.10.1999 № 9-282 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 маусымдағы N 543 "Алкогольді өнімдердің айналымын реттеу жөніндегі шаралар туралы" Қаулысын орындап, Алкогольді өнімдердің айналымына мемлекеттік бақылауды күшейту және біркелкі күші бар заң шығару ережесін ұғу мақсатында Алматы облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы облысы аумағында этил спиртінің көлемдік құрамы 12 проценттен астам алкогольді өнімдерді бөлшек саудада сату тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Алматы облысы аумағында этил спиртінің көлемдік құрамы 12 проценттен астам алкогольді өнімдерді бөлшек саудада сатуға рұқсат беру аудан және Қапшағай, Талдықорған, Текелі қалаларының әкімдеріне жүктелсін.
Тармақ 3
3. Алматы облысы Әкімінің 1998 жылғы 12 қазандағы N 10-287 "Алматы облысы аумағында алкогольді өнімдерді бөлшек саудада сатуға мекемелерге уақытша рұқсат беру тәртібін бекіту туралы" шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 4
4. Сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының жұмысын үйлестіру мен бақылау жөніндегі бөлімге (Ғалиева Қ.Р.), Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Талқымбаев А.К.) сауданы ұйымдастыруға және сатылатын өнімнің сапасына бақылауды күшейтсін.
Тармақ 5
5. Салық инспекциясы комитетінің басқармасы (Куринов С.В.) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 маусымдағы N 543 "Алкогольді өнімдердің айналымын реттеу жөніндегі шаралар туралы" Қаулысының орындалуын бақылап жүзеге асырсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Кәрімоллинге жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы шешім Әділет басқармасының мемлекеттік тіркеуінен өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 8
Алматы облысы Әкімінің 1999 жылғы қаңтардың 14-гі N 1-9 шешіміне N 1 қосымша Алматы облысы аумағында этил спиртінің көлемдік құрамы 12 проценттен астам алкогольді өнімдерді бөлшек саудада сату ТӘРТІБІ 1. Алматы облысы аумағында этил спиртінің көлемдік құрамы 12 проценттен астам алкогольді өнімдерді бөлшек саудада сату рұқсат берілген күннен бастап жүзеге асырылады. 2. Рұқсат сатып алушыларға қызмет көрсетуге арналған станционарлық сауда мекен-жайлары (сауда залы) және фискалды зерделі кассалық аппараты бар, бөлшек сауда ұйымына, алкоголь өнімін сатуды жүзеге асыру үшін оның келесі коммерцияға емес пайдалануына беріледі. Бөлшек сауда кәсіпорындарына және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына (мейрамхана, бар, кафе, асханаларды) жатқызуға болады. 3. Рұқсат алушы аудан (қала) әкіміне арыз жазады, соған ұсынылатын: - мемлекеттік қадағалаудың қорытындысы; - мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі; - салық мүшелерінен фискальды зерделі кассалық аппаратының тіркелгені туралы анықтама; - өртке қарсы қауіпсіздіктің талабына сәйкес шешім; Рұқсат қағазда көрсетілетіндер: кәсіпорынның атауы, аты-жөні, объектінің орналасқан жері (мекен-жайы, телефон), кәсіпорынның жұмыс істеу тәртібі. 4. Рұқсат қағаз ажыратылмайтын болып келеді, яғни басқа жеке немесе заңды тұлғаларына берілмейді. 5. Рұқсат қағаз келесі жылғы қайта тіркеуден өткенге дейін бір жыл мерзімге беріледі. 6. Рұқсат қағаз беруге ақша төленбейді.