О внесении изменений и дополнении в решение акима области от 12.02.2001г. N 28 "О создании рабочей комиссии по упорядочению сбора (заготовки), хранения, переработки и реализации лома и отходов металлов в области Қолданыста
Басқа 0
Облыс әкiмiнiң "Облыста металл сынықтары мен қалдықтарын жинауды (дайындауды), сақтауды, өңдеудi және сатып өткiзудi тәртiпке келтiру жөнiндегi жұмыс комиссиясын құру туралы" 2001 жылғы ақпанның 12-iндегi N 28 шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Облыс прокурорының 2001 жылғы сәуірдiң 16-ындағы N 7-5-2001 нөмерлi наразылығын қарап, шешiм етемiн:
Тармақ 1
1. "Облыста металл сынықтары мен қалдықтарын жинауды (дайындауды), сақтауды, өңдеудi және сатып өткiзудi тәртiпке келтiру жөнiндегi жұмыс комиссиясын құру туралы" облыс әкiмiнiң 2001 жылғы ақпанның 12-iндегi N 28 шешiмiне келесi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
жұмыс комиссиясы құрамынан: В.М.Ежов - "МАЭК" РМК-ның материалдық-техникалық жабдықтау бөлiмi бастығының орынбасары, Н.М.Гузиев - облыстық телекоммуникация дирекциясы Ақтау қалалық телефон станциясының бастығы, Т.Ы.Ықылысов - "МЭБК" АҚ-ның вице-президентi, М.М.Бисұлтанов - "Қазақстан темiр жолы" РМК-ны Атырау тасымалдау бөлiмiнiң бөлiмше бастығының орынбасары шығарылсын.
2 тармақтың екiншi азат жолы мынадай редакцияда берiлсiн:
"рұқсат берiлген құжаттары жоқ және лицензиялық нормалар мен ережелерiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейтiн түстi және қара металл сынықтарын қабылдау пункттерi қызметiн болдырмау жөнiнде жұмыс жүргiзсiн".