Қолданыстағы ред. 07.04.2007

Арыс қалалық мәслихатының 12.04.2002 жылғы N 17/155-II «Қала аумағында кәсіпкерлік қызметі ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғалар үшін біржолғы талон құнының мөлшері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы от 07.04.2007 г. № 37/291-III (Арыс қалалық мәслихатының 12.04.2002 жылғы N 17/155-II «Қала аумағында кәсіпкерлік қызметі ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғалар үшін біржолғы талон құнының мөлшері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы)

0

Арыс қалалық мәслихатының 12.04.2002 жылғы N 17/155-II «Қала аумағында кәсіпкерлік қызметі ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғалар үшін біржолғы талон құнының мөлшері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 369, 373 бабтарына Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6 бабына сәйкес және бюджеттің кіріс бөлігін толықтыруды қамтамасыз ету мақсатында қалалық мәслихат ШЕШТІ :

1

1. «Қала аумағында кәсіпкерлік қызметі ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғалар үшін біржолғы талон құнының мөлшері туралы» Арыс қалалық мәслихатының 2002 жылғы 12 сәуірдегі N 17/155-II шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №575 тіркелген, 2002 жылғы 1 маусымдағы «Арыс ақиқаты» газетінің №22 санында жарияланған (қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 12 қаңтардағы №14/114-ІІІ Арыс қалалык мәслихатының 12.04.2002 жылғы №17/155-II
«Қала аумағында кәсіпкерлік қызметі ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғалар үшін біржолғы талон құнының мөлшері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы, нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1738 тіркелген, 2005 жылғы 26 ақпандағы «Арыс ақиқаты» газетінің №9 санында жарияланған, қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 17 қаңтардағы №27/217-III Арыс қалалық мәслихатының 12.04.2002 жылғы № 17/155-II
«Қала аумағында кәсіпкерлік қызметі ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғалар үшін біржолғы талон құнының мөлшері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы, нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 14-2-19 тіркелген, 2006 жылғы 11 наурыздағы «Арыс ақиқаты» газетінің N 11 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
Кәсіпкерлік қызметі ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғалар үшін (жыл ішінде 90 күннен аспасын) біржолғы талондардың құны қосымшаның жаңа редакциясы бойынша белгіленсін.

2

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізілсін.

3. Қала аумағында кәсіпкерлік қызметі ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғалар үшін біржолғы талон құнының мөлшері

2007 жылғы 7 сәуірдегі № 37/291-III
нормативтік құқықтық кесімге
қосымша
Қала аумағында кәсіпкерлік қызметі ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғалар
үшін біржолғы талон құнының мөлшері
(тенге)

қызмет түрлерінің тізбесі
Бір жолғы талонның құны (абсолюттік сомма есебінде)
1. Сату (тұрақты үй-жайларда жүзеге асырылатын қызметтен басқасы)
1) газеттер мен журналдар;
70
2) тұқым, сондай-ақ отырғызу материалдары (тікпе көшет, көшет);
70
3) бақша дақылдары;
70
4) саяжай және үй жанында өсірілген тірі гүлдер;
65
5) үй жайындағы ауыл шаруашылығы, бау, бау-бақша және саяжай учаскелерінің өнімдері;
70
6) жануарлар мен құстарға арналған дайын жем-шөп;
70
7) сыпырғылар, сыпыртқылар, орман жидектері, бал, саңырауқұлақтар және балық.
70

қызмет түрлерінің тізбесі
Бір жолғы талонның құны (бір күнге айлық есептік көрсеткіштің процент есебінде)
2. Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің қызмет көрсетулері.
11
3. лицензиялы тасымалдардан басқасы жолаушылар тасымалдау бойынша жеке жеңіл автомобильдері иелерінің қызмет көрсетулері:
Бір жолғы талонның құны (абсолюттік сомма есебінде)
жолаушылар тасымалдау қызметі:
150
4. Үй жануарлары мен құстарды жаю.
100