О внесении изменений и дополнений в распоряжение акима области от 12.08.99 г. № 134-р "О мерах по организации погашения кредиторской задолженности" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімнің 1999 жылғы 12 тамыздағы №134-ө «Кредиторлык қарыздары өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2003.04.14 № 23ө өкімімен. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кредиторлық қарыздары өтеу тәртібіне енгізген нақтылауларға байланысты:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің 1999 жылғы 12 тамыздағы №134-ө «Кредиторлық қарыздары өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» өкімінен бекітілген «1999 жылға арналған облыстық бюджетке кредиторлык қарыздары өтеу тәртібі туралы Ереже» күшін жойған деп саналсын.
Тармақ 2
2. Қоса тіркелген «1999 жылға арналған облыстық бюджетке кредиторлык қарыздары өтеу тәртібі туралы Ереже» жаңа редакциясында қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Кредиторлық қарыздарды өтеумен байланысты мәселелерді қарау жөніндегі комиссия осы өкіммен бекітілген «1999 жылға арналған кредиторлық қарыздары өтеу тәртібі туралы Ережеге» сәйкес жұмыстар жүргізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4. 1999 жылға арналған жергілікті бюджетке кредиторлык берешекті өтеудің ережесін келісу туралы
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау облыс әкімнің орынбасары С.Б.Өтешовке жүктелсін. 1999 жылға арналған жергілікті бюджетке кредиторлык берешекті өтеудің ережесін келісу туралы Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылып келген бюджеттік ұйымдардың кредиторлық берешегін өтеу жөніндегі есеп айырысуларды Қарағанды облысы бойынша жергілікті бюджетке төленетін төлемдер жөніндегі шаруашылық жүргізуші субъекттілердің берешегін өтеу есебінен жүргізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы Әкімінің 1999 жылғы 12 тамыз №134 шешіміміне бекітілген 1999 жылға арнлаған жергілікті бюджетке кредиторлық берешекті өтеудің ережесі келісілсін.
Тармақ 2
2. Қарағанды облысы Әкімінің аталған Ережені әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз ету міндеттемелері назарға алынсын. Келісілді Қазақстан Республикасынын Қаржы министрлігі Ж.Д.Ертлесова
Басқа 7. 1999 жылға арналған облыстық бюджетке кредиторлық қарыздары өтеу тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Қарағанды облысы әкімінің 1999 жылғы 27 мамырдағы №163р өкімінен бекітілген Н.Есенбаев 1999 жылға арналған облыстық бюджетке кредиторлық қарыздары өтеу тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ Осы Ереже облыстық Мәслихаттың XXУ1 сессиясының «Облыстық Мәслихаттың 1999 жылғы 14 қантардағы XXУ сессиясының «1999 жылға арналған облыстық бюджет туралы»шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімінің 3-1 тармағына сәйкес әзірленген және жергілікті бюджеттен қаржыландырылған және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 15 мамырдағы №217 бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 28 мамырда №517 жылдық, тоқсандық бухгалтерлік есеп берудің көлемі мен нысандары туралы Нұсқаулықпен айқындалған тәртіпте есеп тапсыратын және таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдарға таратылады.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Осы Ереже жергілікті бюджеттерден қаржыландырылған бюджеттік ұйымдардың кредиторлық қарыздарын (барлық меншік нысандарындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің жергілікті бюджеттердің жәрдемақылар бойынша шығыстары мен қоршаған ортаны қорғау қоры бойынша қарыздары қоса), таратылған міндетті медициналық сақтандыру қордан қаржыландырылған ұйымдардың товарлар, жұмыстар мен қызметтер жеткізушілер алдындағы кредиторлық қарыздарын, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті бюджеттендің шаруашылық жүргізуші субъектілердің жергілікті бюджеттерге төлемдері есебінен еңбеқақы, аударулар және әлеуметтік жәрдемақылар төлеуге пайдаланылған кредиттері бойынша екінші деңгейдегі банктер мен шаруашылық жүргізуші субъектілер алдарындағы кредиторлық қарыздарын өтеу тәртібің реттейді.
Тармақ 2
2. Өтеу тек бұдан әрі «Бюджеттік ұйымдардың кредиторлық қарыздары» деп аталатын, жергілікті бюджеттерден қаржыландырылған бюджеттік ұйымдардың (жергілікті бюджеттердің барлық меншік нысандарындағы шаруашылық жүргізуші субъектілерге жәрдемақылары бойынша және қоршаған ортаны қорғау қорының шығыстары бойынша қарыздары қоса) және таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдардың (әлеуметтік және табыс салығы бойынша қарыздарын) товарлар (жұмыстар, қызметтер) жеткізушілер алдындағы, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті бюджеттердің екінші деңгейдегі банктер мен шаруашылық жүргізуші субъектілер алдындағы 1999 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жағдай бойынша пайда болған кредиттік қарыздары және таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыланған ұйымдардың, товарлар (жұмыстар, қызметтер) жеткізушілердің, екінші деңгейдегі банктер мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің республикалық және жергілікті бюджеттер арасында Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе туралы» Заңына сәйкес бөлінетін салықтары мен алымдарынан басқа, негізі қарыздары, өсімдері мен айыппұлдарын қоса жергілікті бюджеттерге төлемдері бойынша 1999 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша қалптасқан және есеп айырысу сәтіне дейін өтелмеген кредиторлық қарыздары бойынша (бұдан әрі - жергілікті бюджеттерге төлемдер бойынша кредиторлық қарыздар) 1999 жылға арналған облыстық бюджетте осы мақсаттарға қарастырылған сомалар шегінде жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Жергілікті бюджетке төлемдер бойынша кредиторлық қарыздары өтеудi төмендегідей шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыра алады: жергілікті бюджеттерден қаржыландырылған бюджеттік ұйымдардың, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдардың тікелей товар (жұмыс, қызмет) жеткізушілері (барлық меншік нысандарындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің азаматтардың жеке санаттарына жеңілдіктер беруімен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша жұмыстар (қызметтер) орындауымен байланысты жұмыстар мен қызметтерді қоса); жергілікті бюджетке мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры мен әлеуметтік жәрдемадыларды аудара отырып, еңбекақы төлеуге кредиттер (несиелер) берген екінші деңгейдегі банктер мен шаруашылық жүргізуші субъектілер; жергілікті бюджеттерден қаржыландырылған бюджеттік ұйымдардың, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдардың тікелей товар (жұмыс, қызмет) жеткізушілерінің азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беруіді жүзеге асыратын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша жұмыстарды жергілікті бюджеттер қаржылары есебінен атқаратын барлық меншік нысандарындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің кейінгі бір жеткізушілері (бұдан әрі – жеткізуші).
Тармақ 4
4. Жергілікті бюджетке төлемдер бойынша кредиторлық қарыздары (бұндай қарыздар 1999 жылғы 01 қаңтарда бар болса) жергілікті бюджеттен қаржыландырылған бюджеттік ұйымдар және таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдар тікелей өтей алады.
Тармақ 5
5. Облыс әкімінің өкіммен құрылған кредиторлық қарыздарды өтеумен байланысты мәселелердi қарау жөнiндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қарағанды облысының әкімі жанындағы консультативтік-кеңестік орган болып табылады. Комиссия мына мақсаттарда құрылады:
Тармақша 1
1. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылған бюджеттік ұйымдардың, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті бюджеттердің мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік жәрдемақылар қорына аударуларымен, еңбекақы төлеуге берген екiншi деңгейдегi банктер мен шаруашылық жүргізуші субъектілер алдарындағы қарыздарын өтеумен байланысты мәселелердi реттеу жөнiнде ұсыныстар әзірлеу.
Тармақша 2
2. Әкімнің қарауына жоғарыда аталған заңды тұлғалардың креторлық қарыздарын өтеу мәселелері бойынша әкімдер жобаларын ұсыну. Комиссия ұсыныстары, барлық қатысушы комиссия мүшелерi қол қоятын хаттамалармен ресiмделедi. Комиссия, егер оған комиссия мәжілісіне 7 адамнан кем емес қатысса және қатысушылардың көпшілігі жақтап дауыс берсе, ұсыныс енгізуге құқылы. Комиссия мүшелерінің біреуі белгілі себеппен (демалыс, іссапар, науқас болса) жоқ болса, Комиссия жұмысы мен дауыс беруге жоқ комиссия мүшесінің міндеттерін уақытша атқарушы тұлға қатысуға құқылы.
Тармақша 3
3. Комиссия жұмыс істеуге және кеңес беруге кез-келген мемлекеттік құрылымның, қызметкерлерін шақыра алады, шақырылған тұлғалар дауыс беруге қатыспайды.
Тарау ii. II. Бюджеттiк ұйымдардың, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдардың кредиторлық қарыздарын тiркеу тәртiбi
II. Бюджеттiк ұйымдардың, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдардың кредиторлық қарыздарын тiркеу тәртiбi
Тармақ 6
6. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылған бюджеттік ұйымдар, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдар әрбiр тiкелей жеткізушiмен 1999 жылғы 01 қаңтардағы жағдайлары бойынша өздерiнiң кредиторлық қарыздарын жалпы сомасы бюджеттік ұйымдардың, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдардың 1999 жылғы 01 қаңтардағы жағдайлары бойынша бухгалтерлік есепте көрсетілген кредиторлық қарыздар сомаларынан артық болмаулары керек. Бюджеттік ұйымдар, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдар салыстырып тексеру актiлерiнiң түпнұсқалары екi данамен бағдарламалардың мемлекеттік мекеме-әкімшілігіне тапсырады. Бағдарламалар әкімшілігі салыстырып тексеру актiлерiн тексерген соң тиісті қаржы органдарына тапсырады. Өз кезегінде қаржы органы салыстырып тексеру актiлерiн тіркеу үшін облыстық қаржы басқармасына тапсырады.
Тармақ 7
7. Бюджеттік ұйымның, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдардың салыстыру тексеру актiлерiнде көрсетiлген кредиторлық қарыздарының сомаларының сенімділігіне жауапкершілік бюджеттiк ұйымның басшысына, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымның басшылырына жүктеледi.
Тармақ 8
8. Салыстырып тексеру актлерi көрсеткіштері негізінде бағадарламалардың мемлекеттік мекеме-әкімшілігі әр бюджеттік ұйым, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдар бойынша 1999 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша 3 данадан құрастырады. Әрбiр бюджеттiк ұйым, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдар бойынша барлық актлерге бір анықтама жазылады, оған жылдық бухгалтерлiк баланс немесе алғашқы есеп мәліметтерімен салыстырып тексерілген соң, мемлекеттік мекеме-әкімшілік және бюджеттік ұйым, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйым басшылары қол қояды. Кредиторлық қарыздарың барлығы туралы қол қойылған анықтамалар 3 данамен жергілікті қаржы орындарына және сонан соң тіркеу үшін облыстық қаржы басқармасына өткізіледі. Үш данадағы анықтамалар №2М нысанымен кредиторлық қарыздары тіркеу журналына бір нөмермен тiркеледi, ол номерленген, жіп өткізіп тігінделген және мастикалы мөрмен мөрленген болуы керек. Журналдағы беттер саны аумақтық қаржы органы басшысының қолымен куәландырылады. Анықтама нөмерi журналдағы нөмер ретiне сәйкес қойылады. Сонымен қатар анықтамаға салық органдарының анықтамалығы бойынша облыстық бюджеттің екі мәнді салықтық коды, бюджеттiк ұйымдардың анықтамалығы бойынша, бюджеттiк ұйымның, міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымның жетi мәндi коды, тiкелей жеткізушінің реттiк нөмерi қойылады. Бұл кодтар арнайы тiркеу кодтарын (тоғыз мәндi код (тiкелей жеткізушінің реттiк нөмерiн) құрайды.
Тармақ 9
9. Кредиторлық қарыз сомасын растайтын анықтаманың бір данасы, салыстырып тексеру актiлерiнiң бiр данасында қоса берiлген бiр данасы қазынашылықтың аумақтық органында қалады және әрбiр бюджеттік ұйым, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйым бойынша арнаулы жүргiзiлген iсте сақталады. Қазынашылықтың жауапты атқарушысы бюджеттiк ұйымдарға, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдарға екi данамен анықтаманы және салыстырып тексеру актілерге кредиторлық қарыздарың тiркелгендігін растайтын қазынашылықтың мөртаңбасын алдын ала қойып салыстыру актілерiнiң бiр-бiр данаменн қайтарады.
Тармақ 10
10. Бюджеттік ұйым, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдардың тікелей жеткізушілерден олардың жергілікті бюджетке төлемдері бойынша кредиторлық қарыздары туралы анықтамалар сұратады.
Тармақ 11
11. Жергілікті бюджетке төлемдер бойынша кредиторлық қарыздары бар тiкелей жеткізуші тiркелген жерi бойынша аумақтық салық органынан әрбiр төлем түрi бойынша негізгі берешектің бар-жоғы туралы анықтама сұратады және оны бюджеттiк ұйымға, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымға жібереді.
Тармақ 12
12. Салық органы берiлген анықтамаларды есебінің журналын жүргізеді, ол нөмiрленуi, тiгiлуi және мастикалық мөрмен мөрленген болуы керек. Журналдағы беттер саны салық органы басшысының қолы қойылып расталады. Анықтамада міндеттi түрде бюджеттiк ұйымның, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымның атауы көрсетiле отырып, «Бюджеттік ұйымның, таратылған таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымның кредиторлық берешектерiн өтеу үшін» деген белгі қойылады. Егер тiкелей жеткізушіден жергілікті бюджетке төлемдер бойынша қарыздар туралы бiр мезгілде бiрнеше бюджеттiк ұйымдар, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдар анықтама сұрататын болса, салық органы әрбiр бюджеттiк ұйым, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйым үшiн әр түрлі нөмiрлермен жеке анықтама бередi. Бұл жағдайда бір тікелей жеткізуші бойынша анықтамада көсетілген қарыздың жалпы сомасы оның жергілікті бюджетке төламдер бойынша кредиторлық қарыздарынан артық болмауы керек.
Тармақ 13
13. Тiкелей жеткізушінің жергілікті бюджетке төлемдер бойынша кредиторлық қарыздары болмаған жағдайда, сондай-ақ егер бюджеттiк ұйымдардың, таратылған таратылған таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдардың кредиторлық қарыздары тiкелей жеткізушінің жергілікті бюджетке төлемдер бойынша қарыздарының сомасынан асатын болса, тiкелей жеткізуші олардың алдында өзiнiң кредиторлық қарыздары бар Жеткізушілерден, сондай-ақ одан кейiнгi Жеткізушілерден олардың жергілікті бюджетке төлемдер бойынша кредиторлық қарыздары туралы ақпарат сұратады. Жергілікті бюджетке төлемдер бойынша қарыздары бар Жеткізушілер тiкелей жеткізушіге осы Ереженiң 11,12 тармақтарына сәйкес аумақтық салық органдарының анықтамаларын тапсырады.
Тармақ 14
14. Тiкелей жеткізуші салық органының анықтамасында көрсетiлген Жеткізушінің сомасын анықтама тапсырған Жеткізушінiң алдындағы өзiнiң кредиторлық қарыздарың сомасымен және бюджеттiк ұйыммен, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйыммен есеп айырысу бойынша дебиторлық берешектің сомасымен салыстырады, Жеткізушiмен тiкелей берушi мен Жеткізушiнiң басшылары қол қойған төрт данада салық органының анықтамасында көрсетiлген сомаға тең, бiрақ бюджеттiк ұйымның, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымның берген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн кредиторлық қарыздарың сомасынан аспайтын сомаға кредиторлық қарыздары салыстыру актiсiн жасайды. Әрбiр салыстыру актiсi мен салық органдары анықтамаларының екi данасы бюджеттiк ұйымға, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымға жіберілді.
Тармақ 15
15. Бюджеттiк ұйым, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйым тiкелей берушi мен Жеткізушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органдарының кредиторлық қарыздар сомасымен салыстырып тексеру актiлерiнде көрсетiлген сомалармен және өзiнiң кредиторлық қарыздар сомасымен салыстырады және N 3 нысан бойынша, осы Ереженiң IV таруына сәйкес тәртiппен төрт данада кредиторлық қарыздары өтеудiң сызбасын жасайды. Тiкелей берушi мен оның Берушiсiнің тiркелген жерi бойынша салық органдарының анықтамаларымен расталған қарыздарың жалпы сомасы бюджеттiк ұйымның, таратылған таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымның кредиторлық берешегiнiң сомасынан артық болмады керек.
Тармақ 16
16. Бюджеттiк ұйым, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйым тiкелей жеткізушi мен оның Жеткізушілері арасындағы кредиторлық қарыздары салыстыру актiлерінің түпнұсқаларын оған қоса беру арқылы өтелген кредиторлық қарыздары өтеу сызбасының барлық данасына Жеткізушілердiң жергілікті бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегiнiң бар-жоғы туралы салық органдарының анықтамаларын бiр-бiр данадан жібереді. Бюджеттiк ұйым, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйым тiкелей берушiге құжаттардың алынғандығы және оның Берушiлерiнiң өтеу сызбасына енгiзiлгендiгi туралы ресми хабарлайды. Тiкелей берушi бюджеттiк ұйымның, таратылған Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымның хабарлауын өзi тiркелген және өтеу сызбасына қатысушы Берушiлер тiркелген жер бойынша салық органдарына жолдайды.
Тармақ 17
17. Кредиторлық қарыздары салыстыру актiлерi бюджеттiк ұйымға, таратылған Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымға қызмет көрсетiлетiн қазынашылықтың аумақтық органында арнаулы тiркеу кодымен N 4 нысан бойынша Берушiлердің кредиторлық берешегін салыстыру актiлерiн тiркеу журналында тiркеледi. Қазынашылықтың аумақтық органы осы Ереженің 29-тармағында көрсетiлген кредиторлық қарыздары өтеу сызбасына қоса берiлген қажеттi құжаттардың бар-жоғын тексередi. Кредиторлық қарыздары өтеу сызбасы N 2 нысан бойынша кредиторлық қарыздары тiркеу журналында тiркеледi. Тiркелген кредиторлық қарыздары өтеу сызбасының көшiрмесiн бюджеттiк ұйымға, таратылған Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымға қызмет көрсететiн қазынашылық органы есеп айырысуға қатысатын барлық қазынашылықтың аумақтық органдарына жеткiзедi.
Тармақ 18
18. Қазынашылық органдары есеп айырысулар жүргізу үшiн мынадай шоттар: министрлiк рұқсатының негiзiнде 2, 2-а нысанында олардың орналасқан жерi бойынша қазынашылық органдарында бюджеттiк шоттары жоқ бюджеттiк ұйымдарға, таратылған Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдарға бюджеттiк шоттар; кредиторлық қарыздары өтеу сызбасының негiзiнде тiкелей берушi мен Берушiлердің орналасқан жерi бойынша қазынашылықтың аумақтық органдарында кредиторлық қарыздары өтеу сызбасына енгiзiлген тiкелей берушi мен Берушілерге жұмсау құқығынсыз ағымдағы шоттар ашады. Ағымдағы (уақытша) шоттар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасының 1997 жылғы 4 наурыздағы N 61 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Екiншi деңгейдегi банктерде клиенттердің банктiк шоттарын ашудың, жүргiзудің және жабудың тәртiбi туралы" нұсқаулығының талаптарына сәйкес ресiмделген қолдардың мiндетті түрде ұсынылған үлгiлерiмен ашылады. Ағымдағы шоттарды ашқан қазынашылықтың аумақтық органдары аталған шоттардың ашылғандығы туралы бюджеттiк ұйымға, таратылған Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымға қызмет көрсетiлетiн қазынашылықтың аумақтық органына хабарлайды.
Тармақ 19
19. Бюджеттiк ұйым, таратылған Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйым өзiнен жоғары тұрған министрлiкке (ведомствоға) екi данада белгiленген тәртiппен жасалған және тiркелген кредиторлық қарыздары өтеудiң сызбасын ұсынады. Қажет болған жағдайда министрлiктің (ведомствоның) бюджеттiк ұйымнан, таратылған Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымнан қосымша құжаттар талап етуге құқығы бар.
Тармақ 20
20. Министрлiк (ведомство) алынған сызбаның негiзiнде N 5 нысан бойынша кредиторлық қарыздары өтеуге қатысушы бюджеттік ұйымдардың, таратылған Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдардың тiзiлiмiн жасайды және сызбалармен бiрге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қарауына жолдайды.
Тарау iv. IV. Кредиторлық қарыздары өтеу сызбасын құрастыру тәртiбi
IV. Кредиторлық қарыздары өтеу сызбасын құрастыру тәртiбi
Тармақ 21
21. Бюджеттiк ұйым, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйым республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша Берушiлердiң кредиторлық берешегiнiң бар-жоғы туралы салық органдарының анықтамалары мен Берушiлердiң кредиторлық берешегiн салыстыру актiлерiн алғаннан кейiн оларды өздерiнiң тiкелей берушiнiң алдындағы кредиторлық берешегiнiң сомасымен салыстырады және сызбаға кiргізу үшiн берешектің сомасын айқындайды. Сызба тiкелей берушi мен Берушiлердiң республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешектерiнiң сомасына, бiрақ бюджеттiк ұйымның, таратылған Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымның тiкелей берушi алдындағы кредиторлық берешегiнiң сомасынан аспайтын сомаға жасалады.
Тармақ 22
22. Сызба әрбiр тiкелей берушiге жасалады. Тiкелей берушіге республикалық бюджетке жасалатын төлемдер бойынша кредиторлық берешегi болмаған жағдайда сызбада есеп айыруға қатысатын барлық Берушiлер көрсетiледi.
Тармақ 23
23. N 3-нысанның 1-бағанында олар бойынша тiкелей берушiнiң алдында кредиторлық берешек бар экономикалық жiктеудiң ерекшелiктерi, 2-бағанында - әр ерекшелiк бойынша кредиторлық қарыздарың сомасы көрсетiледi. Тiкелей берушiнiң республикалық бюджеттiң алдындағы берешегі 7-бағанда тiкелей берушiнiң атауы, орналасқан жерi және СТН-i мен 8-бағанда олар бойынша республикалық бюджеттiң алдында кредиторлық берешегi бар кiрiстердiң кодтары көрсетiле отырып 9-бағанда көрсетiледi.
Тармақ 24
24. Тiкелей берушіге республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегi болмауы және оның басқа Берушіге болуы жағдайында тiкелей берушiнiң аталған Берушiнiң (2-берушiнiң) алдындағы өтеу сомасына кредиторлық берешек 4-бағанда көрсетедi. 3-бағанда тiкелей берушiнiң атауы орналасқан жерi және СТН-i көрсетіледi.
Тармақ 25
25. Егер, өз кезегiнде 2-Берушiнiң республикалық бюджеттiң алдында кредиторлық берешегi болмаса, бiрақ, өз кезегiнде, республикалық бюджеттiң алдында кредиторлық берешегi бар 3-Берушiнiң алдында кредиторлық берешегi болса, 2-Берушiнiң 3-Берушiнің алдындағы өтеу сомасына кредиторлық берешегi 6-бағанда көрсетiледi. 5-бағанда 2-Берушiнiң атауы орналасқан жерi және СТН-i көрсетiледi.
Тармақ 26
26. Берушiлердің саны көбейген жағдайда, республикалық бюджеттiң алдында кредиторлық берешегi жоқ 2-Берушілер бастап барлық Берушiлер 6-бағанда өтеу сомалары көрсетіле отырып 5-бағанда жеке жолдарда көрсетiледi.
Тармақ 27
27. Берушiлердің республикалық бюджеттің алдындағы кредиторлық берешегi 7-бағанда салық төлеушiнiң атауы, орналасқан жерi және СТН-i мен 8-бағанда ол бойынша республикалық бюджеттiң алдындағы кредиторлық берешек бар кiрiстердің кодтары көрсетiле отырып 9-бағанда көрсетiледi.
Тармақ 28
28. 2 және 9-бағандардың сомасы тең болуы тиiс және бюджеттiк ұйымның, таратылған Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымның қазынашылықтың аумақтық органдарында тiркелген тiкелей берушiнiң алдындағы және соңғы Берушінiң салық органының анықтамасында көрсетілген республикалық бюджеттің алдындағы кредиторлық берешектерiнiң сомаларынан аспауы қажет.
Тармақ 29
29. Сызбаға олардың негiзiнде акт жасалатын барлық құжаттар: нөмiрi мен берiлген күнi көрсетiле отырып, Берушiлердің республикалық бюджеттiң алдында кредиторлық берешегiнiң бар-жоғы туралы салық органдарының анықтамалары; нөмiрi мен берілген күнi көрсетіле отырып, бюджеттiк ұйымның, таратылған Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымның тiкелей берушiнiң алдындағы кредиторлық берешегiнің бар-жоғы туралы қазынашылықтың аумақтық органдарының анықтамалары; нөмiрлерi, қол қойылған күңдерi, тiркелген күнi және қазынашылықтың аумақтық органының тiркеу нөмiрi көрсетіле отырып, берушілердің кредиторлық берешегiнiң салыстыру актiсi қоса беріледi.
Тармақ 30
30. Кредиторлық қарыздары өтеудiң сызбасына бюджеттiк ұйымдардың, таратылған Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдардың және тiкелей берушiнiң, есеп айырысуға енгізiлген басқа да Берушiлердiң басшылары қол қояды, бюджеттiк ұйымдардың таратылған Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдардың кредиторлық берешектерi тiркелген қазынашылықтың аумақтық органында тiркеледi.
Тармақ 31
31. Қазынашылықтың аумақтық органы сызбаға кредиторлық қарыздары тiркеудiң арнаулы кодына (Берушiнiң тоғыз мәндi коды/реттiк нөмiрi) сәйкес келетiн нөмiр бередi және есеп айырысуға қатысушы барлық берушiлердiң орналасқан жерi бойынша қазынашылықтың аумақтық органдарына жолдайды.
Тарау v. V. Кредиторлық қарыздары өтеу жөнiндегі есеп айырысуларды жүргізудiң тәртiбi
V. Кредиторлық қарыздары өтеу жөнiндегі есеп айырысуларды жүргізудiң тәртiбi
Тармақ 32
32. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі ұсынылған құжаттарды қарайды, қажет болған жағдайда министрлiктерден (ведомстволардан), жергiлiктi атқарушы органдардан, басқа да ұйымдардан қосымша ақпарат сұратады, тапсырылған құжаттар осы Ереженің 10-36-тармақтарында жазылған талаптарға сәйкес келген жағдайда кредиторлық қарыздары өтеу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң жобасын дайындайды және оны Комиссияның қарауына енгiзедi.
Тармақ 33
33. Комиссия ұсынылған шешiмнiң жобасын қарайды, аталған жоба бойынша ұсынысты пысықтайды және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне қарауға енгiзедi.
Тармақ 34
34. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кредиторлық қарыздары өтеу туралы шешiмiнiң негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі лимиттiк өтiнiм дайындайды. Лимиттік өтiнiмге кредиторлық қарыздары өтеуге қатысушы бюджеттiк ұйымдардың, таратылған Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдардың тiзiлiмi қоса берiледi. Жергiлiктi атқарушы органдардың кредиторлық берешектерi өтелген жағдайда N 6 нысан бойынша жергiлiктi атқарушы органдар мен екiншi деңгейдегi банктердің тiзiлiмi жасалады.
Тармақ 35
35. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Қазынашылық комитетi министрлiкке (ведомоствоға), жергілiктi атқарушы органға тiзiлiмдердi қоса беру арқылы қазынашылық рұқсат жазады. Министрлiк (ведомство) бюджеттiк ұйымдардың, таратылған Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдардың тiзiлiмiне сәйкес бюджеттiк ұйымдарға, таратылған Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдарға министрлiктiң рұқсатын жазады.
Тармақ 36
36. Бюджеттiк ұйымдардың, таратылған Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдардың шоттары ашылған қазынашылықтың аумақтық органы қаржыландыру лимиттерi келiп түскен жағдайда электронды почтамен республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешектің бар екендiгiне растау алу үшiн салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша тиiстi салық органына N 7 нысан бойынша сұрау салу-растау жолдайды.
Тармақ 37
37. Салық органы тек бiр рет бұрын тиiстi анықтамада көрсетілген салық төлеушiнiң берешегiн растайды және салық төлеушiнiң республикалық бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешегiнiң бар-жоғын растаған сәттен бастап салық төлеушiнiң тиiстi қазынашылық органында ашылған ағымдағы шотына төлем тапсырмасы түскенге дейiн көрсетілген сұрау салу-растаудағы кредиторлық қарыздары өтеу шотына төлемдердi қабылдауды тоқтатады.
Тармақ 38
38. Осы Ереженiң 34-тармағына сәйкес шаруашылық жүргiзушi субъектімен несиелiк келiсiм жасасқан екiншi деңгейдегi банк өзi орналасқан жер бойынша қазынашылықтың аумақтық органына республикалық бюджетке төленетін төлемдердің аударылғандығына банктiң белгiсi бар, осы Ереженiң 46-тармағына сәйкес ресiмделген шаруашылық жүргiзушi субъектiнің төлем тапсырмасын және шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң тіркелген жерi бойынша салық органының, сол салық органының оның бар екендiгi туралы анықтамасында бұрын көрсетiлген республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық қарыздарың өтелгендiгі туралы анықтамасын ұсынады. Екiнші деңгейдегi банктің орналасқан жерi бойынша қазынашылықтың аумақтық органы ұсынылған құжаттарды кредиторлық қарыздары өтеу сызбасына сәйкес есеп айырысуға қатысушы қазынашылықтың барлық аумақтық органдарына жолдайды. Бюджеттік ұйым, таратылған Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйым, жергiлiктi атқарушы орган тiкелей берушiге, екiншi деңгейдегі банкке олардың ағымдағы шотына төлем тапсырмасын жазады және оны төлеу үшiн қазынашылық органына ұсынады.
Тармақ 39
39. Қаржыландыру лимитi түскен қазынашылықтың аумақтық органы осы Ереженiң 43-тармағына сәйкес салық органы растаған соманы не шаруашылық жүргізушi субъектiнің төлем тапсырмасында көрсетiлген соманы кредиторлық қарыздары өтеу сызбасымен және бюджеттiк ұйымның, таратылған Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымның және жергілiктi атқарушы органның төлем тапсырмасымен салыстырады. Олар сәйкес келген жағдайда төлем тапсырмасы арналымы бойынша жөнелтіледi. Егер салық органы растаған берешектің сомасы не шаруашылық жүргізушi субъектiнің төлем тапсырмасында көрсетiлген сома сызба, бюджеттік ұйымның, таратылған Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымның және жергілікті атқарушы органның төлем тапсырмасында көрсетiлген сомадан аз болса, салық органының растауында көрсетiлген сомаға не шаруашылық жүргізушi субъектiнiң төлем тапсырмасында көрсетiлген сомаға ресiмделедi. Лимиттiң қалған сомасы керi қайтарып алуға жатады. Салық органы сұрау салуды растамаған немесе шаруашылық жүргізушi субъектiнiң төлем тапсырмасы болмаған жағдайда, қазынашылықтың аумақтық органы төлем тапсырмасын қабылдамайды.
Тармақ 40
40. Тiкелей берушi, екiншi деңгейдегі банк 107101 «Берешектердi өтеу» кiрiс кодымен салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органының СТН-iн көрсете отырып, ағымдағы шоттан 080 "Бюджеттердiң арасында бөлiнетiн кiрiстер" шотына төлем тапсырмасын жазады. Бұл ретте төлем тапсырмасында мынадай деректемелердi көрсету мiндеттi МФО шоттың нөмiрi берушiнiң (салық төлеушiнiң) атауы реттік нөмірімен бірге тоғыз мәнді тіркеу коды, «Кредиторлық берешекті өтеу» деген сөздер және төлемді тағайындаудың мәтіндік кеңістігіндегі төлемдердің түрлері бойынша сомалар; төлем тағайындау коды (107101); шығыстардың он мәнді коды (бюджеттік ұйымдар үшін); төлемнің жалпы сомасы.
Тармақ 41
41. Тiкелей берушіге (екiншi деңгейдегi банкте) республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегi болмаған жағдайда тiкелей берушi (екiншi деңгейдегi банк) 2-Берушiнiң расталған берешегiнiң сомасына оның орналасқан жерi бойынша қазынашылықтың аумақтық органы ашқан оның ағымдағы шотына төлем тапсырмасын жазады. 2-Берушi, өз кезегiнде, осы Ереженiң 46-тармағына сәйкес республикалық бюджеттің кiрiсiне төлем тапсырмасын жазады. Егер екiншi деңгейдегi банк осы Ереженiң 34-тармағына сәйкес шаруашылық жүргiзушi субъектiмен несиелiк келісiм жасасқан жағдайда, екiншi деңгейдегi банк ағымдағы шоттан өзiнiң корреспонденттiк шотына төлем тапсырмасын жазады.
Тармақ 42
42. Қазынашылықтың аумақтық органы өтеу сызбасына сәйкес республикалық бюджеттің кiрiсiне соңғы төлем жүргiзгеннен кейiн электронды почтамен төлемдер жүргізiлген қазынашылық органдарына төлем тапсырмаларын жiбередi. Жауапты атқарушы арнайы жүргiзiлген iс қағазына төлем тапсырмасын тiгедi және кредиторлық қарыздары өтеу сызбасына, кредиторлық қарыздары өтеу журналына және Берушiлердiң кредиторлық берешектерiн салыстыру актiлерiн тiркеу журналына белгi соғады. Одан басқа, салық төлеушiнiң ағымдағы шоты ашылған қазынашылықтың аумақтық органы салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органына оның бұрын осы салық органы растаған республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегінiң өтелгендiгi туралы N 7 нысан бойынша растау жолданды.
Тарау vi. VІІ. Есепке алу және есеп беру
VІІ. Есепке алу және есеп беру
Тармақ 43
43. Бюджеттiк ұйым мен таратылған Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйым төлем тапсырмасы көшiрмесiнiң негiзiнде бухгалтерлiк есеп пен есептiлiкте тікелей берушілердiң алдындағы, ал аумақтық қарсы органдары - екiнші деңгейдегi банктердiң алдындағы кредиторлық берешектің өтелгендiгiн көрсетедi. Мемлекеттiк мекемелер болып табылмайтын бюджеттік ұйымдар таратылған Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдар кредиторлық қарыздары өтеудің сомасына қазынашылықтың аумақтық органдарына олар бойынша кредиторлық қарыздары өтеу жүргiзiлген бюджеттік жiктеу бағдарламасы бойынша 2 "Ұйымдардың шығыстары сметасының атқарылуы туралы есеп" нысаны (коды 0603008) бойынша есеп ұсынады. Қазынашылықтың жауапты атқарушысы ұсынылған есептердi тексергеннен кейiн бақылау визасы мен оң жақтағы жоғары бұрышына мөртаңба қояды. Қазынашылықтың визасы мен мөртаңбасы бар есеп оны белгіленген мерзімдерде министрлікке (ведомствоға) жолдайтын бюджеттiк ұйымға, таратылған Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымға қайтарылады. Мемлекеттік мекеме болып табылатын бюджеттiк ұйымда берешекті өтеудi бухгалтерлiк есепте көрсетудің тәртiбi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық департаментiнiң 1998 жырығы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығымен бекiтілген Республикалық және жергіліктi бюджеттердің есебiнен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлiк есеп жөнiндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргiзіледi. Бухгалтерлiк есеп Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң 1998 жылғы 15 мамырдағы N 217 бұйрығымен бекiтілген "Бюджеттiк ұйымдардың жылдық, тоқсандық бухгалтерлiк есептілігінің көлемi мен нысандары туралы" нұсқаулықта белгiленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылады.
Тармақ 44
44. Аумақтық салық органы қазынашылықтың аумақтық органының осы Ереженiң 42-тармағында көзделген тәртiппен берілген төлем тапсырмасы мен растауды алған кезде төлем тапсырмасында не 34-тармаққа сәйкес берiлген салық органының анықтамасында көрсетiлген төлемдердiң түрлері бойынша салық төлеушiнiң төлем тапсырмасында көрсетiлген сомаға тең сомадағы кредиторлық берешегін есептен шығарады. Түсімдер туралы есепте аталған төлемдер 107101 «Берешектерді өтеу» коды бойынша көрсетіледі.
Тармақ 45
45. Бір Берушінің екінші Берушінің алдындағы кредиторлық берешегін есептен шығару үшін қазынашылықтың аумақтық органы растаған ағымдағы шот бойынша үзіндінің көшірмесі мен төлем тапсырмасының көшірмесі негіздеме болып табылады.
Тарау viii. VIII. Жауапкершілік
VIII. Жауапкершілік
Тармақ 46
46. Бағдарламалардың мекеме-әкімшіліктері, бюджеттік ұйымдар, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдар, тікелей жеткізушілер, Жеткізушілер, аумақтық қаржы органдары, салық органдары және басқа да ұйымдар толық емес және жалған мәліметтер бергендері үшін қолданылып жүрген заңдылықтарға сәйкес жауапкершілік тартады.
Басқа 63. АНЫҚТАМА №_____
№1М Нысаны _________________________________ (қаржы органының атауы) Берілген күні 1999 жылғы «___»__________1999ж. АНЫҚТАМА №_____ 1999 жылғы 1 қантардағы кердиторлыққарыздарың барлығы туралы _________________________ (облыстың коды) _______________________________________ (бюджеттік ұйымның, таратылған ММСҚ-нан қаржыландырылып келген ұйымның коды) Осы анықтама ___________________________________________________________ (бюджеттік ұйымның, таратылған ММСҚ-нан қаржыландырылып ұйымның атауы ж/е СТН) Сылыстырын тексеру актлері негізінде құралған: мың теңге №№ е/р Жеткізуші Тіркеу коды Акт мәліметтері Экономикалық жіктеу спецификасының коды Атауы Орналасқан жері СТН (РНН) Күні сомасы Қорытын дысы Кредиторлық қарыздар сомасының қорытындысы_______________________ теңге___________________________________________________(цифрамен) (сомасы жазбаша) Осы анықтамаға тіркеледі:
Тармақ 1
1.____________________________________
Тармақ 2
2.__________________________________
Тармақ 3
3.__________________________________
Тармақ 4. ҚОЛДАР:
4.__________________________________ ҚОЛДАР: _____________________________ ______________________________ (қаржы органының (бюджеттік ұйым, таратылған басшысы) ММСҚ-нан қаржыландырылып ұйым басшысы М.О. М.О.
Басқа 68. Кредиторлық қарыздары
№2М Нысаны Мұкаба үлгісі _________________________________ (қаржы органының атауы) Кредиторлық қарыздары ТІРКЕУ ЖУРНАЛЫ Басталуы_______ ж. Аяқталуы_______ ж. Журналдың барлық парақтары осы үлгі бойынша басылсын мың теңге рет№ Бюд­жет­тік ұй­ым­ның, та­ра­ты­л­ған Жол қо­ры­нан қар­жы­лан­ды­ры­л­ған Анық­та­ма Кре­ди­тор­лық бе­ре­шек­ті өтеу сыз­ба­сы Ті­ке­лей бе­ру­ші­нің ата­уы Тір­кеу ко­ды Бе­ре­шек со­ма­сы Тұл­ға­ның аты-жө­ні Өтеу ту­ра­лы бел­гі Номері Күні Номері Күні Анық­та­ма­ны бер­ген Анық­та­ма­на ал­ған 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 Анықтама бойынша жиыны Х Х Х Х Х Х Анықтама бойынша жиыны Х Х Х Х Х Х
Басқа 69
№3М Нысаны N______ ________________________________________________________________ (бюджеттік ұйымның таратылған ММСҚ-нан қаржыландырылған ұйымның, жергілікті атқарушы органның атауы, орналасқан жері, СТН, коды) товар, жұмыс, қызмет жеткізушілер алдындағы сомасы_____________________ ______________________ №___________кредиторлық қарыздары өтеу сызбасы (сомасы жазумен, мың теңгемен) _______________ қ.                   __________________ ________________________ (кредиторлық қарыздарын қаржы органындағы тіркелу N___, қаржы органы басшысының қолы, мөр) Бюджеттік ұйымның, таратылған ММСҚ-нан қар жыландырылған ұйымның тікелей жеткізуші, екінші деңгейдегі банк алдындағы қарыздары Тікелей жеткізушінің, екінші деңгейдегі банктің жеткізуші алдындағы қарыздары 2,3 ж/е т.б. жеткізушінің қарыздары Тікелей жеткізушінің, жеткізушінің, екінші деңгейдегі банктің , шаруашылық жүргізуші суьъектінің жергілікті бюджетке төлемдер бойынша қарыздары Эко­но­ми­ка­лық жік­теу спе­ци­фи­ка­сы Со­ма­сы мың тен­ге Ата­уы, ор­нал­сқан же­рі, СТН Со­ма­сы мың тен­ге Ата­уы, ор­нал­сқан же­рі, СТН Со­ма­сы мың тен­ге Ата­уы, ор­нал­сқан же­рі, СТН, бюд­жет тү­рі аудан­дық, қа­ла­лық, об­лы­стық Кі­рі­стер қод­та­ры Со­ма­сы мың тен­ге 1 2 3 4 5 6 7 8 9 қорытындысы қорытындысы қорытындысы қорытындысы өтеуге жататын соманың жиыны ______________________________________ (сомасы жазбаша) Осы сызбаға тіркелгендер:
Тармақ 1
1.____________________________________________
Тармақ 2
2.____________________________________________
Тармақ 3
3.____________________________________________ Бюджеттік ұйымның, таратылған 1-жеткізуші-ұйым, екінші ММСҚ-нан қаржыландырылып деңгейдегі банк келген ұйым басшысының қолы басшысының қолы __________________ _____________________ ТАӘ, лауазымы ТАӘ, лауазымы МО МО 2-жеткізуші-ұйым Салық төлеуші ұйым басшысының қолы басшысының қолы __________________ _____________________ ТАӘ, лауазымы ТАӘ, лауазымы МО МО Кредиторлық қарыздларың өтелегені туралы белгі: Өтелді ____________________________________________________________ (төлем тапсырмасының №______, қаржы органы басшысының қолы) Ескерту: 2 және 9 бағаналардың сомалары тең болулары керек
Басқа 73. Жеткізушілердің кредиторлық
№4М Нысаны Мұкаба үлгісі _________________________________ (қаржы органының атауы) Жеткізушілердің кредиторлық қарыздарын салыстырын тексеру актлерін ТІРКЕУ ЖУРНАЛЫ Басталуы_______ Аяқталуы_______ Журналдың барлық парақтары осы үлгі бойынша басылсын Мың теңге рет№ Са­лы­сты­ру ак­ті­сі­нің кү­ні Тір­кеу ко­ды 1 бе­ру­ші 2 бе­ру­ші Өте­у­ге қа­был­дан­ған со­ма Қа­зы­на­шы­лық­тың ҚАБ Төлем­нің аяқ­тал­ғанды­ғы ту­ра­лы бел­гі ҚАБ Шоты ҚАБ Шоты 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 №5М Нысаны Кредиторлық қарыздарды өтеуге қатысатын бюджеттік ұйымдардың, таратылған ММСҚ-нан қаржыландырылған Ұйымдардың ТІЗІЛІМІ ___________________________ _____________ (бағдарламалар мекеме-әкімшілігі) (күні) Бюджеттік ұйымның, таратылған ММСҚ-нан қаржыландырылған Ұйымның атауы Орналасқан жері Сомасы, мың теңге 1 2 3 Осы тізілімге мыналар тіркеледі:
Тармақ 1
1.____________________________________________
Тармақ 2
2.____________________________________________
Тармақ 3
3.____________________________________________ Бағдарламардың мемлекеттік мекеме-әкімшілігі басшысының қолы ___________________________ (ТАӘ, лауызымы) М.О
Басқа 77. СҰРАУ - РАСТАУ
№6М Нысаны "____"_____________ 1999 ж.                                          ____________________________ (облысы, салық органының атауы) СҰРАУ - РАСТАУ ____________________________________     _____________ салық органының (қазынашылық аумақтық органының атауы) 1999 жылғы «__»_______N___ анықтамасында аталған ______________ (салық төлеуші -ұйымның ______________бюджетке төлемдер бойынша берешек сомасын растауды сұрайды. атауы мен СТН-і) ______________(қазынашылықтың аумақтық органы басшысының қолы, аты-жөні) ________________________________________________________________________         (салық төлеуші - ұйымның атауы мен СТН-і) - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - 1999 жылғы «___»________N___ анықтамада көрсетілген 1999 жылғы "__" (күні) ___________ қалыптасқан және өтелуге жататын республикалық (айы) бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешегі (_______ (сомасы санмен) ______________________) теңгені құрайтынын растайды. (сомасы жазумен) оның ішінде төлем түрлері бойынша: ___________________(аумақтық салық органы басшысының қолы, аты-жөні) 1999 жылғы «___»___________ N_____     МО _________________ салық органының 1999 жылғы "___"_________ N_____  растауында көрсетілген республикалық бюджетке төленетін төлемдер бойынша ___________________________________ кредиторлық берешегі (салық төлеуші ұйымның атауы мен СТН-і) _____________ (___________________________________________) теңгені (сомасы санмен)              (сомасы жазумен) құрайтынын растаймыз. ______________(қазынашылықтың аумақтық органы басшысының қолы, аты-жөні) 1999 жылғы «_____»________ N________      МО