О внесении изменения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 13 августа 1992 г. N 676 Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 13 тамыздағы N 676 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. "КСРО Мемагроөнеркәсiбiнiң Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi Қазақ КСР-i бойынша мемлекеттiк инспекциясын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жанындағы Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекциясы етiп қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 13 тамыздағы N 676 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 32, 497-бап) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк қызмет туралы ереженiң 14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын; "Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк қызмет республикалық бюджет қаражаты, сондай-ақ карантиннен тыс өсiмдiктердi республикаға әкелгенi және одан шығарғаны үшiн, оларды кейiннен өндiрiстiк мақсаттарға пайдалана отырып залалсыздандырғаны үшiн заңды және жеке тұлғалардан алынатын арнаулы қаражат есебiнен қаржыландырылады";
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекциясының кәсiпорындар мен ұйымдарға көрсететiн қызметiнiң бағаларының прейскурантын бекiтсiн.