О внесении дополнения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 13 июня 1995 года № 815 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 маусымдағы № 815 қаулысына толықтыру енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.09.1999 № 1506 қаулысымен
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасы астығының мемлекеттiк ресурсы жөнiндегi Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 маусымдағы N 815 қаулысымен бекiтiлген (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1995 ж.,
N 21, 237-бап) Қазақстан Республикасы астығының мемлекеттiк ресурсы
жөнiндегi Ереженiң 16-тармағындағы "астығын сату кезiнде" деген
сөздер "астығын және оның ұқсатылған өнiмдерiн сату кезiнде"
деген сөздермен толықтырылсын.