О внесении изменений и дополнений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 13 июля 1995 года № 960 Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 шiлдедегi N 960 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы Ескерту.Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 28.06.1996 № 819 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Импортқа шығарылатын акцизделетiн тауарларға арналған акциздердiң ставкалары және Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалар алып ететiн акциз салуға жатпайтын тауарлардың нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 шiлдедегi N 960 қаулысының 1 қосымшасына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24, 276-бап) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 2204 (2204 30-дан басқа), 2205, 2206-дан СЭҚ ТН кодтары бойынша 2 және 3-бағандар мынадай редакцияда жазылсын; "Шараптар, шампан шараптары 0,8 экю/литр шарап материалдары 0,1 экю/литр"; 2207, 2208-ден СЭҚ ТН кодтары бойынша 2 және 3-бағандар мынадай редакцияда жазылсын; "iшiмдiк этиль спиртi, тағамдық шикiзаттан өндiрiлген, тазартылған этиль спирт 3,5 экю/литр күшейтiлген сусындар, күшейтiлген шырындар мен бальзамдар, арақ, ликер-арақ бұйымдары, коньяктар 3,0 экю/литр"
Тармақ 2
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 27 шiлдедегi N 644 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 15 қарашадағы N 1126 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 43, 523-бап); "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 24 мамырдағы N 556 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 маусымдағы N 701 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994-ж., N 28, 284-бап).