О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 13 августа 1997 года № 3614 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы N 3614 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қаулы етемін:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы N 3614 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережеге:
Тармақша 1
1) 4-тармақтың бесінші абзацы "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі" сөздерінен кейін "Қазақстан Республикасы Президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы" сөздерімен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) 5-тармақтың екінші абзацындағы "оның тиісті орынбасары" сөздері "Қазақстан Республикасы Президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы" сөздерімен алмастырылсын;
Тармақша 3
3) 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Институт Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің
жалпы басшылығымен және Қазақстан Республикасы Президентінің ұлттық
қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі - Қазақстан Республикасы
Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының жедел басшылығымен жұмыс істейді".
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.