О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 13 августа 1997 года № 3614 "Об утверждении Положения о Казахстанском институте стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан" Қолданыста
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»;
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Институт Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының жалпы және жедел басшылығымен жұмыс істейді.».
Тармақ 2
2. Осы Жарлық 0ол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.